ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Патриоттық тәрбие
«Мен – Патриотпын»отансүйгіштікке тәрбиелеу Мақсаты: Ұлы Отан Соғысына қатысушылардың ерлігі рухында оқушылар бойында азаматтылық пен отансүйгіштікті тәрбиелеу, өз мемлекетінің тарихына деген қызығушылығын арттыру.     Әскери-дала жиындары        2014 жылғы 15-19 мамыр аралығында Шарбақты ауданы «Орман ертегісі» сауықтыру лагерінде 10 сынып бозбалаларымен әскери-дала жиындары өткізілді. Біздің мектептен оқу-жаттығу жиынына 8 оқушы қатысты. 10 сынып оқушылары әскери қызмет негіздері бойынша білімдерін шыңдап, дене шынықтырудан, сапта тұрудан өздерінің дайындық деңгейін көрсете білді. Оқу-жаттығу жиындарының болашақ сарбаздарды тәрбиелеуде маңызы зор болды: психикалық тұрақтылықты, өзін-өзі тәртіптілікке баулуды қалыптастыруға себін тигізді, оқушылардың  әскери мамандықтарға деген қызығушылығы арта түсті.     Оқу-дала жиындарының қорытындысы бойынша мектеп командасы Білім беру бөлімінің грамотасымен марапатталды. 10 «А» сынып оқушысы Қайкен Мейірманға тәулік бойы кезекшілік атқарғаны үшін грамота берілді. Сонымен қатар Мейірман 100м-ге жүгіруде курсанттар арасында III орынға ие болды.            ...
Тәрбие жұмысының жүйесі
Мектептің тәрбие жұмысы жүйесі     Мақсаты: тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалықпринциптерін, қазақстандық қоғамның дәстүрлері мен нормаларымен, жалпыұлттық құндылықтарымен сәйкес келетін моральдық сапаларының орнатылуын қалыптастыру.   Міндеті: –тұлғаны әлеуметтендіруге жағдай жасау; –азаматтық сана-сезімін қалыптастыру; –бейбітшілік негізі ретінде ұлттық келісімді, гуманизмді тәрбиелеу; –заңды орындау мен құқықтық сананы тәрбиелеу; –әлеуметтік дағдыны қалыптастыру; –жеке адамдар мен халықтар арасында ынтымақтастыққа қабілетті өзіндік тұлғаны нығайту; –оқушыларда әлемдік мәдениет пен Қазақстан мәдениетінің алуан түрлілігі туралы түсінігін қалыптастыру, оқушылардың этникалық тәрбиесін есепке алу негізі ретінде ұлттық тәрбие жүйесінде этнос субъектісін қалыптастыру.   Тәрбие үдерісін басқару құрылымы  
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ
Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.   Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2 Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті...
Біздің спортшылар
Махнев Денис 6А - шахмат бойынша қалалық, облыстық, республикалық жарыстарының жүлдегері мен жеңімпазы        Дьячков Юри 6Б - джу-джитсу бойынша қалалық, облыстық, республикалық жарыстарының жүлдегері мен жеңімпазы             Гизьбрехт Лаура 6Б батутта секіру бойынша қалалық, облыстық, республикалық жарыстарының жүлдегері мен жеңімпазы                Болат Айдос 6Б бокстан қала жарыстарының жүлдегері                        Есілхан Кәрім 4А тайквондо бойынша қала жүлдегері                             Загорулько Дмитрий 5"Б" авиамоделизм бойынша қалалық конкурстарының жүлдегері                                    Афанасьева Анастасия 5"Б" батутта секіру бойынша қалалық, облыстық, республикалық жарыстарының жүлдегері мен жеңімпазы                                        Аксенов Николай 6А шахмат бойынша қалалық, облыстық, республикалық жарыстарының жүлдегері мен...
Біздің үздіктер
 6"Б" сынып оқушысы Мельниченко Даниил       6"Б" сынып оқушысы Паламарчук Дарья            5"А" сынып оқушысы Кадыров Олжас                  5"А" сынып оқушысы Каиргельдина Лея                       5"Б" сынып оқушысы Афанасьева Анастасия                           5"Б" сынып оқушысы Алексо Руслан                              5"Б" сынып оқушысы Шурховецкая Валерия                                    6"Б" сынып оқушысы Шабанова Ангелина                                         6"Б" сынып оқушысы  Жукова Дарья                                          ...
Жас мамандардың өзін-өзі тұлғалық анықтауы
  Өзін-өзі тұлғалық анықтау сауалнамасы  1.      Т.А.Ә., лауазымы, мектеп (сабаққа қатысушы). 2.      Педагогикалық жұмыс өтілі. 3.     3 жылда қанша сабаққа қатысты? 4.    Жас мамандар үшін, осындай сабақтар қажет пе? Иә десеңіз онда ол не үшін қажет?. 5.  Қандай сабақтар ұнады? Не үшін? 6. Сіздің ұсыныстарыңыз, тілектеріңіз.
Психологтың жоғары сынып оқушыларын ҰБТ алдында дайындау жөнінде ұстаздарға ұсынылатын кеңестер
    ҰБТ-ді жемісті тапсырудың себептерінің бірі ол бұған ұстаздардың қатынасынан және олардың оған қалай қарайтынына байланысты. Сондықтан да, оқушыларға ҰБТ-ге тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыздар: •жоғары сынып оқушыларына дайындалу керек тақырыптарды күндерге бөліп, жоспарлаңыз; •жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ге дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. пәндер бойынша тестік тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын дайындаңыз да, оларды жаттықтырыңыз; •тестік тапсырмаларды орындаған кезде жоғары сынып оқушыларына уақытты дұрыс бөлуін үйретіңіздер; •жоғары сынып оқушыларын әрқашан мадақтап, олардың өз-өзіне сенімін жоғарлатыңыз; •ҰБТ алдынада жоғары сынып оқушыларына қобалжуды көтермеңіздер. Бұл тестілеудің нәтижесінде теріс әсер етуі мүмкін; •тестілеу алдында және одан кейін жоғары сынып оқушыларына ашу байқатпаңыз; •есіңізде болсын: ең бастысы және негізгісі – жоғары сынып оқушыларында ҰБТ байланысты қобалжу деңгейін төмендету керек және оларға ашуланбау керек.
Ата-аналарға
  1. Бала 18-ге толғанға дейін толық тәрбие беруге және қорғауға сенімді болмасаңыз нәрестелі болуға асықпаңыз. Ал сәбилі бола қалған жағдайда – сіздің демеуіңізді қажет ететін уақыттың мерзімін мейлінше қысқартуға тырысыңыз; өз бетінше талпына бастаған кезден-ақ оған тез арада өзін-өзі  басқаруға мүмкіндік туғызыңыз. 2. Бала тәрбиесіндегі басты мәселе – олардың өз қабілеттерін дамыта түсетін істерімен шұғылдануына жағдай жасау. Ешқандай мақсат, тәртіп, жақсы әдеп, т.б. өзін-өзі басқару еркіндігінен биік болмақ емес, әрине, ол негізгі қағидаларға қайшы келмесе. 3. Баланы жақсы көру сезіміңізді тежемеңіз, оған деген ыстық ықыласыңызды аямаңыз. Бала өзінің сүйіспеншілік сезімін немесе сондай сезімді қалайтынын толық білдіре алу керек. 4. Балаларыңыздың өзіндік пікірін, албырт сезімін немесе интуициясын аяқ асты етпеңіз. Оларды өзіңізбен санасуға үйретіңіз және өзіңіз де олармен санаса отырып, кез-келен талабына сергек қараңыз. 5. Балаларға ешқашан жалған сөйлемеңіз. Егер балаға шындықты айтудың қажеті жоқ деп санасыңыз, онда солай деп айтыңыз және оның себебін түсіндіріңіз. 6. Суық қабақ, қаталдық таныту – ең жаман қасиет. Егер сіздің бір тоға тұрмысыңызға белгілі бір дәрежеде оншалықты кедергі ете қоймаса немесе баланың өміріне тікелей зияны болмаса, онда оның көргені мен естігенін...
Сынып жетекшіге 20 кеңес
1. Баланың жетістігін байқап, көре беру керек. 2. Жақсы сынып жетекшісі болғың келсе, онда талмай ізден, ешқашан жалықпа. 3. Балаларды бетінен қақпа, ақылмен жол көрсет. 4. Бұйрық бергеннен гөрі иландыруға, түсіндіруге тырыс. 5. Эстетикалық талғамың жоғары болсын, балаларды өнердің озық үлгілеріне, жарасымдылыққа, жарастыққа, сәнге жетелей біл. 6. Балалардың қателескенінен қорықпа, ол келешекке сабақ болады. 7. Өз уақытыңды да, балалардың уақытын да бағалай біл. 8. Балаларға өз істерінің түпкі нәтижесін көретін істерді тапсыр. 9. Жас боп қалғың келсе, оқушыларының арасында ұзақ жылдар жұмыс істе. 10. Өз жұмысыңды күн көріс қамы деп ұқпа, жұмыс орныңды өзіңді дүниенің патшасындай сезін. 11. Баланың ісіндегі әрбір қайшылықты көре біл, кейде байқамаған бол. 12. Үнемі кінәліні іздеп, нақақтай берме. 13. Неғұрлым әділ болсаң, соғұрлым мәртебелі боласың. 14. Оқушыға жұмыс тапсырсаң, ол ынтасымен атқаратындай етіп қызықтыра біл. 15. Өзің оңаша жұмыс істеме, барлық уақытта балалармен кеңесіп отыр. 16. Ашулансаң, ашуың ұзаққа созылмасын. Тез ұмытуға тырыс. 17. Мектеп – қоғам – отбасы – осы 3 ұғымның беріктігін сақта. 18. Мұғалім – оқушы – ата-ана арасындағы жақындастықты үзбе, керісінше нығайта тыс 19. Баланың тағдырына ойланып қара 20. Баланы таң қалдыруды ұмытпа....
Халықаралық "Кенгуру" сайысы
         Халықаралық математикалық "Кенгуру" сайысында 8 оқушы диплом иегерлері атанды.           ІІ орынды - 4 сыныптан Табылды Әділет, Ыдырыс Диас, Мұрат Әлішер иеленді.         ІІІ орынды - 9-10 сыныптан Абдрахманов Данат, Амангелиев Әділ, Баянбек Айкүміс, Абзалова Дана иеленді.     
Оқушылардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары
              Республикалық ғылыми жобалар сайысында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының финалисі Айтжанова Айжанға берілді. Жетекшісі Асаинов М.Б.          Қалалық ғылыми жобаларына 8 оқушы қатысып, оның ішінде 6 оқушы жеңімпаз атанып, мадақтамаға ие болса, 2 оқушы лауреат атанды.               І орын - Бектемирова Айдана, Мұрат Әлішер,  4 "А" сынып оқушылары. Жетекшісі Искакова Р. А.        І орын - Дайырбаев Даулет, Құсманғалиева Әзел, 3 "А" сынып оқушылары. Жетекшісі Шарбақбаева Б.Қ.                  ІІІ орын - Калиарданов Тілек, 4 "А" сынып оқушысы,  Тұрғанбаев Дарын 1 "Б" сынып оқушысы. Жетекшісі Сыздыкова А.Ж.              2 "А" сынып оқушысы Сұлтанбек Еркежан, 3 "Ә" сынып оқушысы Тлеулина Альфия VІІІ қалалық конкурсының лауреаты атанды. Жетекшісі Дюсенбаева А.С.              "Ғылымға жасалған алғашқы...
Мұғалімдердің пән олимпиадасы
             Қазақ тілінде оқытатын мектептегі бастауыш сынып мұғалімдерімен Қалалық пән олимпиадасына 4 бастауыш сынып мұғалімі, география пәнінен 1 мұғалім, қазақ тілі пәнінен 1 мұғалім қатысып, оның ішінен 3 бастауыш сынып мұғалімдері Шарипова Т.Ш., Сыздыкова А.Ж., Искакова Р.А. жүлдегерлер атанып, облыстық пән олимпиадасына қатысты.            Шарипова Т.Ш. Қазақ тілінде оқытатын мектептегі бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық пән олимпиадасының ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды. Шарбақбаева А.А. – география пән олимпиадасынан ІІІ орын иегері болды. 
Мектеп жетістіктері
i = 0; message =   2011 – 2012 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ; delay = 100; document.write(''); function wrmsg() { if (i
Оқуға кеңес береміз
Қазақстан Тәуелсіздігі Жеңіс күні 8 наурыз Наурыз Сөздіктер
МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
МЕКТЕП  КІТАПХАНАСЫНЫҢ  ЕРЕЖЕСІ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР   1.1.Кітапханада жұмыс істеу ережесі – оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру тәртібін және қорларды пайдалану, оқырмандардың құқығын және міндеттерін анықтайтын құжат. 1.2.Кітапхана оқырмандарға кітапханада бар кітаптарды, басқа да баспа өнімдерін уақытша қолдануға беруді ұйымдастырады. 1.3.Оқушылар мен қызметкерлер кітапханадағы бар баспа өнімдерін пайдалануға құқылы. 1.4.Кітапханадағы баспа өнімдерді қолдану тегін. 1.5.Әдебиеттерді үйге беру абонементте жүргізіледі. Кітапхананың оқырмандар залында қолдануға арналған әдебиеттер үйге берілмейді. 1.6.Энциклопедиялар, анықтамалықтар, мерзімді басылым, дәстүрлі емес формалардағы тасымалдаушы құжаттар оқырмандар залында жұмыс істеуге ғана беріледі. 1.7.Кітапханада бар кітаптарды, газет, жұрнал, басқа да баспа өнімдерін оқырмандарға беру есебі ұйымдастырылады. 1.8.Оқырмандардың кітапханаға жазылуы келесі түрде жүргізіледі: оқушылар – сынып тізіміне сәйкес, қызметкерлер – жеке тұлғасын куәландыратын құжат бойынша 1.9.Кітапханаға жазылар алдында кітапхана ережесімен танысу керек. 1.10.Әр оқырманға оқырман формуляры толтырылады. Оқырман формулярлары баспа өнімін беру фактісін және мерзімін куәландыратын құжат болып табылады. 1.11.Оқырмандар жоғалтып...
Кітапхана қоры
Жаңа кітаптар
Интернетте жұмыс істеу кестесі
    ИНТЕРНЕТТЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕСТЕСІ    
Бала бақыты
 Қоғам    үшін    әр   кезеңде ,   әр   отбасында   өсіп    келе   жатқан   өрімдей   ұл  -  қыздардың   дені   сау,   рухани   бай,   еңбекке  ,   білімге  құштар   болып   өсуі  -   ең  жоғарғы   тілек,    ең   биік    мақсат.   Оның  қуат   алатын   қайнар   бастауы   отбасы.   Отбасының   аса   құнды   ықпалы   мен   әсерін   өмірдегі   ешнәрсенің    күшімен   салыстыруға   болмайды.   Балаға   ата -  ана   тәрбиесінің   орнын    ешнәрсе    алмастыра    алмайды.   .  отбасы  -   өмірге    сәби   әкеліп,   оны    тәрбиелеп,    қалыптастыруда   және   ұрпақ   жалғастыруда   теңдесі   жоқ   орын.  ...
Электрондық оқыту
Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында электрондық оқыту жүйесі енгізілуде. Таяу уақытта қазақстандық оқушылар тұр­ғылықты жеріне тәуелсіз үздік білім беру ресурстарына деген қолжетімділікке ие болады. Бұл міндетті электрондық оқыту – «E-learning» шешетін болады. Бұл жобаны іске асыру екі сатыда жүреді. 2011–2015 жылдары «E-learning» жүйесіне білім беру мекемелерінің 50 пайыздан астамы қосылады. 2020 жылға дейін – 90-нан астам. 2011-2012 оқу жылында электрондық оқыту қанатқақты жоба ретінде Алматы, Астана және Қарағанды облысының 44 білім беру ұйымында сынақтан өткізілді. Бұған 1,25 млрд.теңге со­масында қаржы құралдары бөлінді. Әрбір білім беру ұйымына компьютерлік техника, интерактивті тақталар мен проекторлар, планшетниктермен және классмейттермен жарақталған ұтқыр компьютерлік сыныптар ұсынылған. Бірыңғай электрондық жүйені енгізуден күті­летін нәти­желер бұл – мұғалімдердің күн ұзақ­тық қауырт еңбегін жеңілдету, шығармашылық пен оқу материалдарын жаңарту үшін уақыт үнемдеу. Бұл жобаның тұсаукесері Астана және Ал­ма­ты қалаларында табысты өтті. Қанатқақты мек­тептердің 95%-ға жуық мұғалімдері оқушы­лардың сабақ үстіндегі...