Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні
Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні   Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев Әні: Шәмші Қалдаяқовтык Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы. Ерліктің дастаны - Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңкымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой! Кайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып тегілемін,елім! Туған жерім менің – Қазақстаным! Ұрпаққа жол ашқан, Кең байтақ жерім бар. Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз елім бар. Қарсы алған уақытты, Мәңгілік досындай, Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай! Кайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып тегілемін,елім! Туған жерім менің – Қазақстаным!   «Гимн» сөзі грек тілінен алынған. Ол «салтанатты, мақтау әні» дегенді білдіреді. Мемлекеттің гимні – мемлекетке арналған салтанатты ән. Оның сөздерінде көп ғасырлық тарих, бүгінгі өмір, келешек арман айтылады. Гимн маңызды мемлекеттік шараларда орындалады. Оны салтанатты жиындарда, мерекелерде, спорт жарыстарында естуге болады. Гимнді тұрып айтады, тұрып тыңдайды. Бұл – мемлекеттің негізгі әніне, өз еліне деген құрмет. Біздің елімізде Мемлекеттік гимн ретінде «Менің Қазақстаным» әні қабылданды. Бұл әннің тарихы қызық. Әнді 1959 жылы ақын Жұмекен Нәжімеденов пен сазгер Шәмші Қалдаяқов жазған. Ол кезде олар консерваторияның студенттері еді. Әнді алғаш орындаған –...
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы Қазақстан Республикасының Туының авторы - суретші Ниязбеков Шәкен Оңласынұлы. Қазақстан Республикаының мемлекеттік негізгі рәмәздерінің бірі -Мемлекеттік Ту. Ол "белгі, нышан" деген мағынаны береді. Жалау - кімге тиесілі екендігін білдіретін белгі. Қазақстан Республикасының Туын еліміздің өкіметтік ғимараттарынан көруге болады. Ол сонымен қатар мемлекеттік меркелерде қала алаңдарында ілінеді. Біздің Республикамыздың мемлекеттік Туы - тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың көгілдір түсі ашық аспан мен тыныштықтың белгісін көрсетеді. Тудың ортасында бейнеленген күн - өмір сүрудің белгісі. Күн сәулесі Қазақстанның барлық жеріне нұрын шашып, сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Тудан қыранның орын алуы "егемендік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын" дегенді білдіреді. Ту қазақтың ою-өрнегімен әшекейленген. Ою-өрнек адамды залым күштерден сақтап, қорғайды деп есептелген. Бұл қазақ халқы мәдениетінің бір көрінісі. Көк жүзінде нұрын шашқан күн сәулесінің, астында қанат қаққан қыранның, ою-өрнектің алтын түспен берілуі тыныштықты, берекелі өмір мен байлықты білдіреді.
Бастапқы/Главная
                                     Мекен жайы: Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 98/1   Мекеме сайты: http://bilim-pavlodar.gov.kz/ds28/ тел:34-49-21 факс, 55-09-33
Семинарлар
2023 жыл 7 қараша Мектепке дейінгі ұйымдар логопедтерінің «Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда логоритмиканы қолдану» тақырыбындағы қалалық семинар     - Қалалық психологтар семинары: - Модульдік оқыту технологиясы арқылы балаларды байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру семинары: -Мектеп жасына дейінгі балалардың белсенді дамуына ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің өткізу жолдары. Қалалық обылыстық семинар.      
Басшының беті
    Өзім туралы мәлімет:    1. Аты – жөні: Жумасанова Кунбопе Ержановна    2. Туған жылы (толық жасы): 13.10.1984  (38 жас)    3. Ұлты:қазақ    4. Отбасы жағдайы:тұрмыста, 2 балам бар    5.Мекен – жайы, ұялы телефоны: Султанов     көшесі 12/1,   8 - 771 – 801 – 94 -69 6. Жұмыс орны:«Павлодар қаласының №28 сәбилер бақшасы» КМҚК   басшы м.а. 7. Білімі: Жоғары 8. Санаты: І (тәрбиеші ретінде), педагог-модератор (психолог ретінде) 9. Өтілі: жалпы: 14 жыл, 6 ай; 10. Біліктілікті арттыру курстары:«Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің  ойын құзыреттілігін дамыту» тақырыбында «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» АҚ – 2022 жыл. ІІ. Жұмыс тәжірибесі: 2002 – 2006 жж. – Қашыр ауданы ,Покровка негізгі мектебі, математика мұғалімі 2006-2007 ж «Павлодар қаласы №34 сәбилер бақшасы» МКҚК, тәрбиешінің көмекшісі 2012-2019 жыл  «Павлодар қаласы №120 этномәдени сәбилер бақшасы» МКҚК тәрбиеші болып жұмыс істедім. 01.08.2019-21.10.2019ж  «Павлодар қаласы №19 сәбилер бақшасы» МКҚК , әдіскер.  2019-2022 жылдан бастап...
Наша гордость
ДИПЛОМ «Бүлдіршін-2023» балалар шығармашылығы фестивалінің ІІ орын иегеріІ дәрежелі ДИПЛОМ «Бүлдіршін» атты Облыстық мектепке дейінгі балалар шығармашылығы фестиваль-байқауының қалалық кезеңінде балалар оркестрі бағыты бойынша марапатталды. "Туған өлке" тақырыбы бойынша облыстық қашықтық анимация байқауының қатысушысы     “Үркер”Республикалық интелектуалдық сайысы “Үздік тәрбиеші” наминациясы бойынша Бекибаева Гульжузум Анатольевна ІІІ орын “Алтын асық “интелектуалдық сайысына қатысып І,ІІ орындарға ие болды
ЖАЗҒЫ ІС-ШАРАЛАР/ Летние мероприятия
   
Ашық сабақтар
   
Ағылшын тілін үйренейік
Логопед кеңестері
 Ахметбекова Айнур Ерсаиновна
Психологпен сырласу
 Кумбаева Айжан Рахметоллаевна
Баланың балабақша жағдайына бейімделуі
  Баланың балабақша жағдайына бейімделуі (психолог кеңесі) Көпшілікке мәлім «балабақша жағдайына тез көнетін» және «балабақша жағдайын көп уақыт қабылдағысы келмейтін» балалар кездеседі. Баланың балабақшаға тез үйренуі үшін ата аналарға мынадай кеңес береміз: 1.     Баланы балабақшаға берер алдында оған  балабақша жайында жақсы мысалдар келтіру. 2.     Топтағы бірнеше баламен және олардың ата аналарымен жақын танысып, олар жайында баламен жағымды әңгіме құру. 3.     Балалар мерекелерін ұйымдастыруға қатынасу. 4.     Әр кез балабақшада өткен күн жайында сұрап әңгімелесу. 5.     Кешкі мезгілде жағымды жағдай жайлы, достарымен болатын кездесу,жаңа ойыншықтар, ойындар туралы әңгімелесу. 6.     Балабақшаға барар жолда мейірімді, сабырлы болу. Егер де бала анасынан ұстап, оны жібермеген жағдайда тәрбиеші баланы қалай жұбатады?  Психологтің ұсынысы: 1.     Баланың көңілін ашық, жылтыр заттар өзіне аударады, мысалы. Сабын көпіршіктері, шарлар. 2.     Топтағы ойыншықтарға назарын аударту. 3.     Саусаққа киетін ойыншықтарды алып баламен сөйлесу. 4.     Доппен ойын...
Әдіскер
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ
    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2.   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігі "QAZAQSTAN" деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ "QAZAQSTAN" деген жазу – алтын түстес.     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні   Сөзін жазғандар: Нұрсұлтан Назарбаев Жұмекен Нәжімеденов Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов  ...
Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту
Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту Психологтар балалардың танымдық қабілеттерін дамыту үшін келесі жағдайларды бөліп көрсетеді: 1.     Бала дамуында ерекше сезімтал, әсершіл кезең деп шамамен 3-тен 12 жас аралығы саналады. Сондықтан баланың ақыл-парасат дамуының кемелдігі үшін осы кезеңді босқа өткізбей, толыққанды  қолдана білу керек. 2.     Баланың танымдық белсенділігі жоғары деңгейде болады. Осы қабілеттерінің дамуы үшін оның оқуға деген ұмтылысы, білуге деген талпынысы басты орынға шығады. 3.     Тәрбиенің тең құқылы жүйесі. Ата-ананың  балаға үстемдік жасауы, өз айтқандарын істетеіп, баланың ішкі пікірін есепке алмауы, санаспауы, баланың толыққанды дамуын тежеуші бірден-бір фактор болып табылады. 4.     Баланы интеллектуалдық тапсырмалар мен жаттығулар орындауға үйретіңіз. Бірақ баланың еркінен тыс мәжбүрлеу ешқандай нәтижеге қол жеткізбейді. Керісінше, оның қызығушылығын жойып, белсенділігін тежейді. 5.     Өз бетінше оқу. Бала 9 жасына дейін өз бетімен кітап оқып үйренсе, бұл баланың дамуын ары қарай ұштап дамыта түспек. 6.     Өзін жоғары бағалау. Бала өзін, өз  қабілеттерін жоғары бағаласа ғана, мақсат еткен, қолға алған кез-келген істе сенімді болады....
"Бала тілі-бал"
"Тілдер апаталығы" шеңберінде "Бала тілі -бал " тақырыбында отбасылық сайыс өткізілді .Сайыс барыснда ата - аналар балалармен тақырыпқа байланысты буклеттер жасады.Белсенді қатысқан ата-аналар дипломдармен марапатталды.
Баланың мектепке психологиялық дайындығы
Баланың мектепке психологиялық дайындығы Алты жасар баланың мектепке дейінгі және мектеп аралығындағы жағдайының өзіндік психологиялық ерекшелігін анықтау болып табылады. Танымдық іс-әрекет түрлері жас ерекшеліктеріне сай дамығанын анықтау. Баланың танымдық  қызығушылығын  білу- бала  жан-дүниесіне билік жүргізудің жолы.             Баланың білуге деген құмарлығын қалай дамытуға болады? Ол үшін ата-ана не істеу керек?             Баланың білуге деген құмарлығын дамыту ересектермен байланыс жасау кезінде ерекше қарқын алады. Ата-анамен қарым-қатынас кезінде бала өзін толғандырған  сұрақтарға жауап алуға тырысады, бірақ психологтардың зерттеулеріне қарағанда, сұраққа бірден жауап беруге тырыспау керек, баланы әр нәрстенің жауабын өзі ізденіп табатындай жағдайға жеткізу керек.             Біз, ересектер балалардың қойған сұрақтарына көбінесе, жүрдім-бардым, жеңіл-желпі қарап жатамыз. Сұрағына жауап ала алмаған баланың ересектерден көңілі қалып, біртіндеп айналада қоршаған ортаға қызығушылықтары төмендей бастайды. Құрметті ата-аналар, есіңізде сақтаңыз, сұрақ болмаған жерде  дүниені тану да, даму да болмайды. Сондықтан да...
Балабақша ұжымы
    Кунанбаева Рымгуль Муратбаевна 2 сәбилер "А" тобының тәрбиешісі: Мухамедиева Динара Лязатхановна 2 сәбилер "Б" тобының тәрбиешісі:   Шакарова Қарлығаш Жумажановна Ересек "Ә" тобының тәрбиешісі:   Сыздыкова Асель Сембаевна. Ортаңғы "А" тобының тәрбиешісі:   Кабаева Алма Кабдыкаримовна Ортаңғы "Ә" тобының тәрбиешісі:   Жакупбекова Рымтай Кабдылхамитовна Дене тәрбиесінің мұғалімі     Темирболатова Айсулу Жанайдаровна ағылшын тілі пәнінің мұғалімі     Бикибаева Гульжузум Анатольевна. Ересек "А"тобының тәрбиешісі     Молдахметова Мақпал Аскаровна. Даярлық тобының тәрбиешісі     Әліхан Ұлпан Аббасқызы.Ортаңғы "А" тобының тәрбиешісі     Балтабаева Қарлығаш Ертасовна. Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі   Ахметбекова Айнұр Ерсайновна.Логопед   Кумбаева Айжан Рахметоллаевна.Психолог      
Әкімшілік
    Нурманова Калиаш Кабыкеновна.   меңгерушісі    Нурымжанова Диляра Ныгметжановна.Хатшы    
Главная
  Адрес: г. Павлодар, ул. Машхур Жусупа 27/1 Контакты: 8(7182) 55-98-37– руководитель,                                                       8(7182) 55-95-20 - вахта Электронная почта: www.sad27@goo.edu.kz И.о. руководителя: Олжатаева Жулдыз Боранбаевна Прием по личным вопросам: ЕЖЕДНЕВНО  с 9.00 - 18.00    Режим работы ДОУ — 12 часов, 5 дней в неделю.   Карта проезда