ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
МЕКТЕП ӘНҰРАНЫ
Мектебім - алтын ұя бесігім
Мектебіміздің тарихы Жас ұрпаққа заман талабына сай жаңаша білім беру келелі мәселелерін оң шешу жолында мектебіміз ауқымды өзгерістерді өткерді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Мемлекетпен қоғам алдында ұлттың зияткерлік әлеуетін сақтап қалу ғана емес оны арттыру жас ұрпақты өмірге дайындауда, олардың бойына отаншылдық, имандылық, кәсіби шеберлік тәрізді игі қасиеттерді сіңіру міндеттері де тұр» деген болатын. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін мектебіміздің ұжымы адаптивті мектепті қалыптастыру бағытында жұмыс жасауда. Қазақ тілінде оқытатын № 35 жалпы орта білім беретін мектеп 1974 жылдан қызмет етіп келеді. Мектептің ең алғаш директоры - Гейм Елена Константиновна. Оқу ісінің меңгерушілері Тарасуло Феликс Аронович, Новокшанова Тамара Михайловна, ал тәрбие ісінің меңгерушісі Дитте Ирина болды. Мектеп ұстаздары Больт Н.М, Бульдыгерова А.В, Ясная Л.А, Галенина В.М, Исамбаева В.М, Старосадчева Г.Е, Головань Е.Е және т.б. Ең алдымен орыс тілді одан аралас 1994 жылдан бастан мемлекеттік тілде оқытатын мектеп болып қалыптасты. 1993-1994 оқу жылында аралас мектебінде директор Бахралинов Сағадат Габбасович. 1994-2005 оқу жылдарында қазақ мектебінің директоры Омарбекова Бахыт Мукановна. 2005-2007 оқу жылдарында мектеп директоры Хасанова Сауле Төлегеновна. 2007 жылдан бастап мектеп директоры Асаинов Мұрат Бакенович...
Мектеп әнұраны
"Ардақты мектебім" Сөзі: С. Қибатова, 11 сынып оқушысы Әні: Қ. М. Сатиев Аяулы, ардақты мектебім, Білімнің бар дәнін егіп ең. Аяулы, ардақты мектебім, Өзіңнен нәр алған ұланың Қайырмасы: Сағынам сені көрмесем, Сыныпқа аяла кірмесем Ұстазым менің, ұстазым Мектептің көтерген еңсесін Жүректі жылытқан әр уақыт, Тілеймін мен саған бар бақыт. Зейінді шәкірттер өсіріп, Білімнің шырағын сен шалқыт. Қайырмасы: Сағынам сені көрмесем, Сыныпқа аяла кірмесем Ұстазым менің, ұстазым Мектептің көтерген еңсесін
Мектеп психологы
Мектеп психологы - Какимова Жанар Бакенқызы Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма: 09:00- 17:00 сенбі: 09:00-14:00 АТА - АНАЛАР НАЗАРЫНА ! Бала 18-ге толғанға дейін толық тәрбие беруге және қорғауға сенімді болмасаңыз нәрестелі болуға асықпаңыз. Ал сәбилі бола қалған жағдайда – сіздің демеуіңізді қажет ететін уақыттың мерзімін мейлінше қысқартуға тырысыңыз; өз бетінше талпына бастаған кезден-ақ оған тез арада өзін-өзі басқаруға мүмкіндік туғызыңыз. Бала тәрбиесіндегі басты мәселе – олардың өз қабілеттерін дамыта түсетін істерімен шұғылдануына жағдай жасау. Ешқандай мақсат, тәртіп, жақсы әдеп, т.б. өзін-өзі басқару еркіндігінен биік болмақ емес, әрине, ол негізгі қағидаларға қайшы келмесе. Баланы жақсы көру сезіміңізді тежемеңіз, оған деген ыстық ықыласыңызды аямаңыз. Бала өзінің сүйіспеншілік сезімін немесе сондай сезімді қалайтынын толық білдіре алу керек. Балаларыңыздың өзіндік пікірін, албырт сезімін немесе интуициясын аяқ асты етпеңіз. Оларды өзіңізбен санасуға үйретіңіз және өзіңіз де олармен санаса отырып, кез-келен талабына сергек қараңыз. Балаларға ешқашан жалған сөйлемеңіз. Егер балаға шындықты айтудың қажеті жоқ деп санасыңыз, онда солай деп айтыңыз және оның себебін түсіндіріңіз. Суық қабақ, қаталдық таныту – ең жаман қасиет. Егер сіздің бір тоға тұрмысыңызға белгілі бір дәрежеде оншалықты...
Әлеуметтік педогог
Әлеуметтік педогог - Мундуинова Асем Ерболатовна Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма: 09:00- 17:00 сенбі: 09:00-14:00 Аз қамтылған отбасының тегін ыстық тамаққа қажетті тапсыратын құжаттар тізімі: 1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аз қамтылған отбасы жайында анықтама 2. Барлық балалардың туу туралы куәлігінің және төлқұжаттарының көшірмесі 3. ИИН оқушының 4. Ата-анасының төлқұжаттарының көшірмесі 5. Ата-анасының неке қию куәлігінің көшірмесі 6. Жұмыс орнынан анықтама (отбасы құрамы болуы тиіс) 7. Жалақысы туралы анықтама (кесте түрінде болуы тиіс) 8. Ата- анасының біреуінің қайтыс болған жағдайда «қайтыс болу туралы туралы куәліктің» көшірмесі 9. Мектепте оқымайтын балалары жайында анықтама 10. Ата-анасы ажырасқан болса, некені бұзу туралы куәлік, ауру болса, мүгедектік туралы анықтама 11. Өтініш Көп балалы отбасының тегін ыстық тамаққа қажетті тапсыратын құжаттар тізімі:   1. «Көп балалы ананың куәлігі» кітапшасының көшірмесі   2. Барлық балалардың туу туралы куәлігінің және төлқұжаттарының көшірмесі   3. Оқушының ИИН-і   4. Ата-анасының төлқұжаттарының көшірмесі   5. Ата-анасының неке қию куәлігінің көшірмесі   6. Жұмыс орнынан анықтама (отбасы құрамы...
Медициналық көмек
МЕКТЕПТЕ АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУГЕ АРНАП ЖАБДЫҚТАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ КАБИНЕТ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ: Медбике Макеева Наталья Николаеевна /білімі –орта-арнаулы, Павлодар Мемлекеттік медициналық колледжін тәмәмдаған. Медбике (жексенбіден басқа ) барлық күндері – 9.00 ден 18.00 дейін қабылдайды. Медициналық кабинетте алғашқы көмек көрсетуге арналған құаралдар: Анальгин Ацетилсалициловая кислота Цитрамон Спиртті жасыл бриллиант ерітіндісі Левомицетин Валериана Но-шпа Папаверин Парацетамол Аммиак ерітіндісі Йод ерітіндісі Спирт мақта бұрама Перекись водорода 3%. Димедрол Нафтизин Валидол Карвалол Уголь активированный Сульфацил натрия Преднизолон Антигриппин Адреналин Смекта
1-сыныпқа қабылдау
Нормативтік құжаттар
Педагог мәртебесі заңы      Жүктеу Әдістемелік нұсқау хат (2019-2020) Жүктеу Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы            Жүктеу Конституция Республики Казахстан (Конституция принята на республиканском референдуме 30 августа 1995 года) Скачать Закон Республики Казахстан "Об образовании"(с изменениями и дополнениями на 05.05.2017 год) Скачать Закон Республики Казахстан "О науке" (от 18 февраля 2011 года № 407-IV с изменениями и дополнениями 13.11.15) Скачать Закон РК «Об информатизации» (от 24 ноября 2015 года № 418-V ЗРК) Скачать  Закон Республики Казахстан "О детских деревнях семейного типа и домах юношества" (от 13 декабря 2000 года № 113-II с изменениями и дополнениями по состоянию на 03.07.2013 г) Скачать Закон Республики Казахстан "О правах ребенка в Республике Казахстан" (от 8 августа 2002 года № 345-II с 1. изменениями и дополнениями по состоянию на 09.04.2016 г.) Скачать Закон...
Байланыс
БАЙЛАНЫС ЖАСАУ ҮШІН МӘЛІМЕТ  Біздің мекен-жайымыз: ҚР, Павлодар қ., Айманов к-сі, 37 үй   Телефоны: 8(7182) 537104, факсы 8(7182) 534305   Электрондық пошта: sosh35@goo.edu.kz  Мектеп сайты: http://goo.kz/index/fromorg/45  Сенім телефоны: 8 (7182) 53 71 04
Температурные параметры "Зима 2017-2018"
Пайдалы сілтемелер
Білімділер порталы     Жаңа ақпараттық технологияларды оқытуға арналған сайт Әдістемелік сайт Ашық сабақтар сайты Қазақстандық интернет - олимпиадалары Орысша - қазақша сөздік   Онлайн оқыту және ҰБТ-ға дайындық сайты   Студенттер мен оқушыларға арналған білім порталы e-Learning Portal Kazakhstan Орысша - қазақша сөздік Ашық сабақтар, курстық жұмыстар және ҰБТ-ға дайындық сайты   Білімділер сайты   Сұрақ - жауап сайты Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталы
101 Мемлекеттiк қызмет туралы Заң
Мемлекеттік қызмет көрсету туралы Заң (жүктеу) Мемлекеттiк қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi N 453 Заңы МАЗМҰНЫ 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) бiлiктiлiк талаптары - мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке орналасуға үмiткер азаматтарға кәсiптiк даярлығының деңгейiн, құзыреттiлiгiн және нақты әкiмшiлiк лауазымға сәйкес келуiн айқындау мақсатында қойылатын талаптар; 2) лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша билiк өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам; 3) лауазымдық өкiлеттiк – мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге жауап беретiн нақты мемлекеттiк лауазыммен көзделген құқықтар мен мiндеттер; 4) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет санаты – мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер атқаратын әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығының лауазымдық өкiлеттiктiң көлемi мен сипатын көрсететiн сыныптамалық сипаттамасы; 5) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi – мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң құрамына кiрмейтiн, мемлекеттiк органда лауазымдық өкiлеттiктердi тұрақты кәсiптiк негiзде жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi; 6) мемлекеттiк қызмет – мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен...
Мемлекеттiк сатып алу туралы.Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi N 303 Заңы
ЖүктеуЖүктеускачать
Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
ЖүктеуЖүктеускачать
Елбасы Жолдауынан
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша. "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму" Жүктеу Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2014 жылғы 11 қараша "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" Жүктеу Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2014 жылғы 17 қаңтар "Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жүктеу Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2012 жылғы 14 желтоқсан "«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" Жүктеу Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 27 қаңтар 2012 жыл Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты Жүктеу
ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл
2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебінде өткізілетін іс-шаралар жоспары № Іс-шараның тақырыбы Өткізу түрі Өткізу мерзімі Қатысушылар Жауапты 1 «Қазақстанның 25 жылдық тәуелсіздігінің тарихи беттерін парақтаймыз» Кітаптар көрмесінің ашылуы 06.01.2016   5-8 сыныптар   Карибаева А.К мектеп кітапханашысы 2 «Батырдан қалған өсиет» «Ұлан» клубы мүшелерімен әңгіме 14.01.16 «Ұлан» әскери-патриоттық клуб мүшелері Джамбусинов А.К. АӘД жетекшісі 3 «Дені сау ұрпақ - ел болашағы» акциясы аясында үстел теннисінен жарыс. Спорттық жарыс 20-22.01.16 7-11 сыныптар Дене шынықтыру мұғалімдері Жумжуманов Д.Г. Байжириков Д.Б. 4 «Бүгінгі ұрпақ-елдің ертеңі» Интеллектуалдық сайыс 27.01.16 3 сыныптар Шарбақбаева Б.К. Адамова А.Б. 5 «Тәуелсіз қазақ елінің шежіресі»   Тарихи-танымдық сағат 28.01.16 8-9 сыныптар Карибаева А.К мектеп кітапханашысы 6 «Тәуелсіздік туын тіккен күн»   Әдеби-музыкалық ертеңгілік 04.02.16 2-3 сыныптар Аманжолова Г.Ж. Дүйсенбаева А.С. 7 «Гүлдене бер Қазақстан». Шығармалар сайысы 05.02.16 9-11 сыныптар Карибаева А.К мектеп кітапханашысы Қазақ, орыс, шетел тілі мұғалімдері 8 «Тәуелсіздікке - 25 жыл»   КТК ойыны 11.02.16 8-9 сыныптар Шайкенова М.С. Кусаева Р.У. 9 «Зарница» Әскери-патриоттық ойын 18.02.16...
Ұстаздарға
Құрметті ұстаздар! 2016-2017 оқу жылы мектеп кітапханасында төмендегі басылымдарды аламыз: «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья», «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда", «Шаһар», «Ұстаздар газеті», «Мектеп директоры", «Қазақстан мектебі» , «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар», "Педагогика хабаршысы","Білімдегі жаңалықтар", "Өзін-өзі тану","Бастауыш мектеп", "Шаһар", "Қазақстан мұғалімі", "12 жылдық білім беру", "Мектептегі оқу-тәрбие" жұмысы.
Біздің кітапхана
Кітапхана мектептің III-і қабатында орналасқан. Жалпы көлемі 50,0 ш.м. Оқу залы: абонементпен бірге (14 оқырманға арналған орын бар). Оқулық қоймасы бар. 2005 жылдан кітапханада компьютер жұмыс істейді. 2012-2013 оқу жылында кітапханаға 6 компьютер қойылды (интернтеке қосылған, сканер, көшірме техникасы бар). Кітапханада «АИБС МАRK – SOL» кітапхана жұмысының бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізіледі. Мектеп кітапханасын пайдалану қағидасы Абонементті пайдалану тәртібі: - Жыл сайын, 1 қыркүйекте оқырмандар жайлы анкеталық мәліметтер алынып, өзгерістер енгізіледі, оқырмандар қайта тіркеледі. - Оқулықтар мен әдістемелік кітаптарды беру мерзімі: оқулықтар мен әдістемелік кітаптар пәндер бойынша бір жылға немесе пәнді оқу мерзіміне байланысты. - Кітаптарды беру мерзімі: әдеби кітаптар, ғылыми-танымдық кітаптар 15 күнге; - Оқырманның сұранысы бойынша, кітаптарды пайдалану мерзімі басқа оқырмандарға қажетті болмағанда ұзартылады; - Оқырмандар әрбір басылым үшін оқырман формулярына қол қояды. Оқу залын пайдалану тәртібі: - Оқу залында пайдаланылатын әдебиет үйге берілмейді; - Энциклопедиялар, анықтамалықтар, сирек және құнды кітаптар, журналдар және басқа мерзімді басылымдар оқу залында пайдалану үшін беріледі; - Кітаптардың, мерзімді басылымдардың оқу залында пайдалану үшін сандары қағида бойынша...
Ата-аналар назарына!
Ата-аналар назарыңа!          Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік қағидалары      Қауіпсіз мұз – берік, мөлдір, көпіршіксіз, көгілдір–жасыл түсті. Жалғыз келе жатқан адам үшін мұздың қалыңдығы 7 см кем болмауы керек. Бір топ адамға 12-15 см кем болмауы керек. Жаппай сырғанау үшін 25 см. Жүк машиналар үшін 45 см. Есіңізде болсын, көктем-күз мезгілдерінде мұз ерекше қауіпті.       Қауіпті мұз: – су ағынының жанында;  – қатып қалған қамысы көп жағаның жанында; – қардың қалың қабатымен басылып қалған мұз; – көпірдің астында, өзендердің ирелеңінде, ағыны тар жерлерде;  Мұзда өзін-өзі ұстау қағидасы:  - Жұқа, қатпаған мұзда жүрмеңіз. – Шанамен, шаңғымен тік жар жағадан жұқа мұзға қарай сырғанамаңыз.  – Мұздағы тесіктерге, жарықтарға, ойықтарға жақын келмеңіз. – Мұздың бөлек бөлігінде топталып тұрма. – Тыйым салынған жерлерден, су қоймаларындағы мұздан өтуге болмайды. – Мұзды аяғыңызбен жармаңыз.        Төтенше жағдайда “Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменты судан құтқару қызметі” ММ-сіне хабарласыңыз!        Мекенжай: Павлодар қ-сы, 140000 Никитин к-сі, 106 Телефон: 8 (7182) 32-36-49
"Веселое лето-2017"
Павлодар қаласының № 35 жалпы орта білім беру мектебінде «Жаз дауысы-2017» оқушылардың жазғы демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыру жобасы  Мақсаты:2017 жылғы жазғы демалыс мерзімінде кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылық, балалар бақылаусыз жүруін болдырмау үшін, сауығуын,демалысын ұйымдастыру. Міндеттері:Балалардың мәдени демалысы мен сауығуы үшін жағдай жасау,жазғы уақытта балалардың мейлінше көп бос болмауын қамтамасыз ету. Ұранымыз: Бақытты балғын баламыз, Суға шомылып аламыз «Сиқырлы мұхит» аясында, Сауығып демаламыз. Хабарландыру: Құрметті, ата-аналар, Жүздері жарқын балалар! «Сиқырлы мұхит» лагеріне келіңіздер, Ұмытылмас қызықтарды көріңіздер. Би билейміз, ән айтамыз, күлеміз, Һауызға барамыз, салауатты өмір сүреміз. Театр, мұражай, қалалық жағажайға біз барып, Ойнап, күліп, көңілді боп жүреміз. 02.06.2017- 13.07.2017 жылы аралығында «Сиқырлы мұхит» сауықтыру лагері жұмыс істейді. 6 -11 жас аралығындағы 217 оқушы қамтылған. «Сиқырлы мұхит» сауықтыру лагерінің жұмыс жоспарының күн тәртібіне сәйкес сағат 8.00-17.00 өткізіледі.  Мектеп жанындағы «Сиқырлы мұхит» сауықтыру лагерінің жұмыс жоспары 1 маусым...