ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
          Қаныш (Ғабдулғани)Имантайұлы Сәтбаев геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик 1899 жылы12 сәуірдеБаянауыл ауданы, Павлодар облысында дүниеге келіп,1964 жылы31 қаңтарда Мәскеуде қайтыс болды.           Қ.И. Сәтбаев Қазақ КСР Ғылым академиясы ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогениямектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик.           Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым, кейін Шорман ауылында орналасқан мектепке қатынай бастайды. Төрт жылдық бағдарламаны үш жылда аяқтайды.           1911 жылдан бастап Павлодардағы 2-сыныпты орыс-қазақ училищесіне аттанады. Аталған білім ордасын мерзімінен бір жыл бұрын бітіріп шығады.           1914 жылы Семей мұғалімдер семинариясынатүсіп, оны төрт жылда аяқтап, бастауыш мектептерге орыс тілінен сабақ беруге құқық беретін куәлікке ие болады.           1918 жылдың күзінде Земство басқармасының қаржысымен Алаш қалашағында ашылған, ауылдық қазақ мектептері үшін мұғалім болудан еңбек жолын бастайды....
Жүсіпбек Аймауытов
Аймауытов Жүсіпбек 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы Қызылтау ауылында дүниеге келді. 1931 жылы Мәскеу қаласында дүниеден өтті. Жазушы, драматург, аудармашы, зерттеуші, публицист. Павлодарда орысша-қазақша екі кластық мектепті, Семей оқытушылар семинариясын бітірген. Аймауытов 1911-14 жылы ауылда мұғалім, 1919-1922 жылы Халық ағарту комиссариатында алқа мүшесі, Семей губерниялық оқу бөлімінің бастығы, «Қазақ тілі» газетінің редакторы. 1922-1924 жылы Қарқаралыда мұғалім, 1924-1926 жылы «Ақ жол» газетінде әдеби қызметкер, 1926-1929 жылы Шымкент педагогикалық техникумының директоры қызметтерін атқарған. 1929 жылы «Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар» деген сылтаумен тұиқындалып, 1931 жылы атылған. Шығармашылық жолы 1910 жылы басталды. Педагогика, психология, әдістемелік, эстетикалық тәрбие туралы кітаптар жазды.  «Ақбілек», «Қартқожа» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комлексті оқу жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» ғылыми еңбекбектері сан-салалы талант иесінің қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалары. 1918-1919 жылы М. Әуезовпен бірге...
Бөкейхан Әлихан
Бөкейхан Әлихан өмірбаяны. Алаш арысы Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлы — аса көрнекті қоғам, ұлт-азаттық қозғалыстың және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғалым, аудармашы, публицист 1866 жылы 25 наурызда бұрынғы Семей облысы, Қарқалы уезі, Тоқырауын болысының 7-ауылында дүниеге келген. Әлихан Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірак ол молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы каласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды, 1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны техник мамандығы бойынша бітіріп шыкты. 1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялык институтының экономика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті. Әлихан Бокейхан туралы «Семипалатинский листок» газетінің 1906 жылғы 5 маусымдағы санында: «Ол Орман институтының студенті болып жүріп кезінде барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әсіресе солшылдарға...
Әлкей Хақанұлы Марғұлан
Әлкей Хақанұлы Марғұланның өмір жолы (1904-1985)           Қазақстан археология мектебінің негізін салушы, ғылымның көптеген салалары: этнография, тарих, шығыстану, әдебитетану, өнертану бойынша көрнекті қайраткер. Филология ғылымдарының докторы (1945), Бүкілодақтық География қоғамының толық мүшесі, Қазақ ССР ҒА академигі (1958), профессор (1960), Казақ ССР ғылымының еңбек сіңірген қызметкері (1961).1904 жылы мамырдың он бірінде Ақпеті болысында (қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы) дүниеге келді. Əкесі Хақан – атақты Олжабай батырдың тікелей ұрпағы.             Əлкей бес жасында оқып, жаза білуді үйренді, бала кезінде «Қобыланды», «Алпамыс», «Көрұғлы», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» дастандарын жатқа білген. Хақанның шаңырағында белгілі ақын, ғалым Мəшһүр-Жүсіп Көпеев, Жаяу Мұса, Имантай Сəтбаев жəне қазақ даласына белгілі басқа да адамдар жиі бас қосқан.             Əлкей бастауыш білімді ауыл мектебінен алды. 1915 жылы Баянауылда үш сыныпты орыс мектебінде оқыды. 15 жасыңда гимназияда оқу мақсатымен Екатеринбург қаласына сапар шегіп, алайда Азамат соғысының кесірінен оқи алмай қалады. 1919 жылы Əлкей Хақанұлы Павлодар қаласындағы...
Ахмет Байтұрсынов
Ахмет Байтұрсынұлы(5 қыркүйек1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданыСарытүбекауылы – 8 желтоқсан1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. Өмірбаяны Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралықалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер, білімді тұлғаның бірі болған. Байтұрсынұлының саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесіндежазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы(арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралыпетициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және...
Абай
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады. Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан заманы, Ресей патшалығының Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез. Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды. Абайды оқудан ерте тартып, оқудан шығарып алуы да сол билікке ұлын қалдыру мақсатында еді. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантымен бойына сіңіре білді. Елі үшін әділет жолын ұстанған Абайдың үстінен арыз да жазылып, үш-төрт ай тергеліп, ақталып шықты. Әке-шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбейді, бос...
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекет басшысының мақаласы
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» КІРІСПЕ Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақ­сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет­кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыс­тары­мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес. Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық. 2013 жылы «Халық – тарих...
Аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалармен жұмыс
  Павлодар қаласы № 30 орта мектебінің тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша  іс-шаралар жоспары Отбасын қолдау қызметінің  жұмыс жоспары   «Павлодар қаласының №30 ЖОМ» ММ оқушылардың тамақтануының сапасы мен ұйымдастырылуын бақылау бойынша мектеп комиссиясының жұмыс жоспары
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша ақпараттық
БЕКIТЕМIН:                                                                       №6 ЖОМ  директоры                                                                             _______ С.Ж.Калиаскарова 2022 ж.        2022-2023 оқу жылына арналған «Рухани Жаңғыру»бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары   № р/с Іс-шаралар атауы   Өткізу уақыты Жауаптылар 1 Мектеп мұражайында мектептің педагогикалық еңбек...
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде "Туған жер" жобасын жүзеге асыру жоспары
Іс-шара жоспары
E-government бұрышы
Мектебіміздегі E-government бұрышы   "Электрондық үкімет енгізу – бұл  мемлекеттік басқарудың  тиімділігін жоғарлатуға бағытталған әкімшілік  реформаның маңызды элементі." Н.Назарбаев Біз жеңіл және ыңғайлы тәсілмен, қазіргі заманғы технологияларды белсенді қолдана отырып қарым қатынас жасайтын ақпараттық дәуірге әлде қашан жеттік. Құрметті Ұстаздар, Оқушылар, Ата - аналар!!! Сіздерді электрондық үкімет порталын тиімді пайдалануға шақырамыз!!!
Дарынды балалармен жұмыс
План работы с одаренными детьми Кенжекольской СОШ 2019-2020 уч.год.   № Основные направления Сроки Ответственные Организационная работа 1.1 Корректировка плана работы с ОД. Август Зам. дир.  Джагапарова Е.М. 1.2 Семинар - практикум: «Умственная одаренность и ее психологические проявления. Склонности учителя к работе с ОД». Сентябрь Зам. дир.  Джагапарова Е.М Диагностическая работа 2.1 Подготовка диагностических материалов          (анкеты для родителей, тесты для учащихся, карты наблюдений и др.).   Сентябрь     В течение года Зам. дир.  Джагапарова Е.М 2.2 Изучение интересов и склонностей обучающихся: уточнение критериев всех видов одаренности. Классные руководители 2.3 Диагностика родителей и индивидуальные беседы....
Оқушыларға арналған кеңестер
ҰБТ -ке қатысу! Психологиялық кенес! Аффирмация - (өзін-өзі сендіру, ойды бекіту сөздері болып табылады). Мен табысқа жететініме толық сенімдімін, менің үнемі жолым болады. Әр бір күн, әр бір сағат сайын менің өмірім жақсарып барады. Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық үнемі менің қасымда. Болып жатқан істің барлығы - менің игілігім үшін жасалуда. Қазірдің өзінде мен үшін өте сәтты мүмкіндіктер қалыптасып келеді. Мен қандай болсам, өзімді сол қалыпымда жақсы көрем. Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда. Менің өміріме сәттіліктің, атақ - данқтың келуін қуана қабылдаймын. Өзіме деген сенімділік үнемі менің жадымда.   Жас жеткіншекке жадынама «Егер де сен қандай да бір қиын жағдайға душар болсаң»   Егер де сен қандайда бір қиын жағдайға душар болсаң, есіңде болсын шешілмейтін жағдайлар болады. Шешілетін жолдар әрқашанда бар, тек қана соны таба білу керек. Егер біздің ұсынып отырған кеңестерімізді пайдалаңсаң, сен сол қиын жағдайдан, өзіңе үлкен шығын келтірмей, шыға аласың. 1 кеңес. Қиын жағдайға түсіп қалсаң үрейге  немесе күйзеліске түспе. Жағдайыңа өзің анық талдау жасауға тырыс. 2 кеңес.Осы қалыптасқан жағдайды кім жасады соны анықта.  Егер өзің болсаң, барлық жауапкершілікті өзіңе...
Ата-аналарға арналған кеңестер
Ата-аналарға кеңес: ҰБТ-ға дайындалуда оқушыға қалай көмектесуге болады?  Тестілеуге балаңыздың алатын ұпай санына көп алаңдамаңыз. Және де сынақтан кейін балаңызға сөге қарамай, сынамаңыз. Балаңызды алынған ұпай саны оның нағыз мүмкіндігінің өлшемі емес екендігіне сендіріңіз. Тестілеу тапсырар алдында балаңыздың алаңдаушылығын жоғарлатпаңыз, бұл тестілеудің нәтижесіне теріс әсер етуі мүмкін. Балаға әрқашан ата-анасының қобалжуы, толқуы беріледі. Егер ата-аналар дәл жауапкершілігі мол сәтте өз эмоцияларын игерсе, балалар өз жастық кезеңінің ерекшелігіне қарай эмоционалды «жарылуы» мүмкін. Балаңызды қолдап отырыңыз, әр жақсы жетістіктері үшін мақтап отырыңыз. Балаңыздың өзіне деген сенімділігін жоғарлатыңыз. Себебі бала сәтсіздіктерден көбірек қорыққан сайын, қателерді еөбірек жіберу мүмкіндігі соғұрлым артады. Балаңыздың көңіл-күйін қадағалаңыз, тек Сіз ғана оның күйінің нашарлағанын жақсы сезіп, уақытылы қажудың (переутомление) алдын ала аласыз. Балаңыздың дайындалу тәртібін бақылаңыз, оның дайындалуы мен демалуы үйлесіп жатуы тиіс. Балаңызға дайындыққа үйден қолайлы орын беріңіз, әсіресе, үйде ешкімнің бөгет болмауын қамтамасыз етіңіз. Тамақтануға да назар аударыңыз: қарқынды ақыл-ой еңбегінде дәрумені көп тамақтың септігі мол. Әсіресе балық, ірімшік, жаңғақ, өрік...
Байланыс телефондары және тренингтер
Павлодар қаласының №2 ЖОББМ  1.12.17 – 9.12.17 күндері аралығында «Өмірлік таңдау» жобасы бойынша 8-10 сынып оқушыларына «Мамандық таңдау – болашақты таңдау» тақырыбында тренингтер өткізілді. Ата-аналар жиналысы 8-10 сыныптар Тақырыбы:Оқушылардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту бағдарламасы туралы ата-аналарды/қамқоршыларды хабардар ету.   Бастауыш сынып оқушыларымен ойын-тренингтер өткізу барысында:  
Рухани жаңғыру
ЖОБА ТУРАЛЫ    «Рухани Жаңғыру» - барлық заманауи тәуекелдер мен жаһандық жанайқайды қоса алғандағы қазақстандық рухани құндылықтың жандануына бағытталған Мемлекет басшының бағдарламалық мақаласы. Мақала ұлттық бірегейлікті сақтау, азаматтар санасының ашықтығы мен білімге баулуын дәріптеу, прагматизм, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, қоғамдық сананың жаңғыртудыдың маңыздылығын алға тартады. Бұл қасиеттер заманауи қазақстандықтардың негізгі бағыты болуы қажет.      «Туған жер» - барлық уақытта ұлттық бірегейліктің іргетасы ретінде сонда мекендеген барлық этнос мәдениеті мен дәстүрлерін өзіне қалыптастырады. Мұндай киелі сезім, іс жүзінде барша тіршілік қарекетіндегі жаңа жетістіктерге жетелеген отанға деген махаббат іспеттес. «Туған жер» - азаматтардың туған өңірін көркейтуге тарту, сонымен қатар әлеуметтік мәселелердің шешуіне бағытталған «шағын отанның» дамуына үлес қосатын бағыттағы арнайы жоба болып саналады.      «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»  – тарих пен мәдениетке, адамның рухани дамуына және оның туған жеріне деген байланысына негізделе отырып адам мен оның өміріне бағытталған. Кейбір тұлғаларды мәңгі еске сақтауда ұлтты мәдени байыту мен мінәжат етуге арналған орындар түріндегі ұлы...
Астананың 20-жылдығы
«ЕЛ ЖҮРЕГІ — АСТАНА». ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ 20 ЖЫЛ БҰРЫН АҚМОЛАҒА ЖЕТКІЗІЛДІ      Үстіміздегі жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қаулысымен Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының «Ел жүрегі – Астана» 20 жылдығын тойлау тұжырымдамасы бекітілді. Қазақстан Республикасының Үкіметі Астана, Алматы қалалары мен облыс әкімдерімен бірге елордамыз – Астана қаласының 20 жылдығына әзірлену және өткізу жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспарын жасап, бекітеді. Жоспарланған іс-шаралар жыл бойы өткізілетін болады.      8 қараша Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың қалыптасу тарихындағы маңызды күндердің бірі.      Осы күннен бастап Ақмола, қазіргі елордамыз Астана қаласы мемлекеттік рәміздеріміз – ту мен елтаңбаның эталондық белгілерін және Президент байрағын сақтайтын орталыққа айналды. 1997 жылдың 8 қарашасында Ақмоланың орталық алаңында Республикалық ұланның қолбасшысы Сәт Тоқпақбаевтың арнайы басшылығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің Алматыдан жаңа елордаға жеткізілуіне орай салтанатты митинг пен шеру өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ақмолаға келген республиканың...
психолог туралы жалпы ақпарат
Мектебіміздің психологтары       Ахметжанова Сандуғаш Маконовна Білімі: жоғары, ИнЕУ, 2006 жыл Мамандығы: педагог-психолог Педагогикалық өтілі: 24 жыл Санаты: жоғары       Есен Әйгерім Қанатқызы Білімі: жоғары, ПМПИ, 2017 жыл Мамандығы: педагог-психолог
2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНА КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНА КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ Шаралар Мерзімі Жауаптылар Оқушылармен жұмыс 1) Кәсіби білім беру мекемелеріне түлектердің түсу қорытындысы. Қыркүйек, жыл бойы ТД директордың орынбасары   2) "Мен мамандықты таңдаймын" ақпараттық материалдар стендін үнемі безендіру.  Жыл бойы   ТД директордың орынбасары 3) "Менің болашақ мамандығым суреттер конкурсы (5-7 сынып). октябрь   Бейнелеу мұғалімдері 4) Сынып сағаттарын өткізу: Менің болашақ мамандық туралы арманым.- 1-4 сынып, - 5-6 сынып (ата-аналардың мамандықтарымен танысу) - 7-9 сыныптарда "Мамандықтар әлемі» ноябрь     Сынып жетекшілер     5) "Мамандықтар туралы не, қайда, қашан" викторинасы (5-9 сыныптар). декабрь    Организатор   6) "Мамандықтар бойынша...
Ата-аналарға арналған жадынама "Балаға мамандық таңдауда қалай көмектесуге болады"
Ата-аналарға арналған жадынама "Балаға мамандық таңдауда қалай көмектесуге болады" Құрметті ата-аналар!   Мамандық таңдау-маңызды және жауапты іс. Мамандықты таңдағанда, ең алдымен баланың мүдделерін, оның бейімділігін, қабілеттерін, тілектерін, содан кейін ғана отбасылық дәстүрлер мен мүдделерді ескеру қажет.   Балаңызға болашақ мамандықты таңдау құқығын беріңіз. Онымен бірге таңдаған мамандығының мүмкін болатын артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылаңыз. Болашақ мамандықты таңдауды тек материалдық пайда тұрғысынан ғана емес, моральдық қанағаттану тұрғысынан да қарастырыңыз. Болашақ мамандықты таңдауда баланың осы мамандықта қажет болатын жеке қасиеттерін ескеріңіз. Егер мамандық таңдауда келіспеушіліктер туындаса, мамандармен кеңесу мүмкіндігін пайдаланыңыз. Мамандық таңдауда балаға қысым жасамаңыз, әйтпесе бұл тұрақты қақтығыстарға айналуы мүмкін. Егер баланың шыдамдылығы мен арманының орындалуын қаласа, оған қолдау көрсетіңіз. Егер сіздің балаңыз таңдауда қателессе, оны бұл үшін ұрмаңыз. Қатені түзетуге болады. Егер сіздің балаңыз қандай да бір мамандыққа қызығушылық танытса, оған беріңіз бұл қызығушылықты әдебиет, үйірмелердегі сабақтар және т. б. арқылы сақтау мүмкіндігі. Есіңізде болсын, балалар ата-аналарының кәсібіне деген қарым-қатынас дәстүрін қабылдайды!  ...