Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Дене шыңықтыру ңұсқаушының кеңесі
Мектепке дейінгі балалардың денсаулық сақтау жолдары. “Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем ететін нәрсе”. Ғабит Мүсірепов Қазіргі кезде қоғамның өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің халқына жолдауында рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттілігін айтқанындай, жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті, салауатты өмір құндылықтарын енгізу − біздің міндетіміз. Сондықтан бала денсаулығын нығайтып, психологиялық сақтандыруды жүзеге асыру және оның насихаттау шараларын белсендірек жүргізу балабақшадан басталғаны абзал. Мақсаты: Балалар денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған іс-шараларды жүзеге асыру. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің жұмыс белсенділіктерін сақтау. Салауатты өмір салты туралы біліммен дағдыны қалыптастыру. Алған білімдерін күнделікті пайдалана білуге үйрету. Денсаулық болу үшін төрт бірдей шарт қажет: 1 шарт: Еңбек 2 шарт: Жүйелі тамақтану 3 шарт: Күн тәртібін орындауы 4 шарт: Шынығу Жеке тұлғаның дамуы үшін мектепке дейінгі кезең ең қолайлы кезеңі болып саналады, себебі оқу-тәрбие үрдісін...
Әдістемелік сыр-сандық
АТА-АНАҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС. Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты баланың; жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Аталған нысаныға жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді. - Отбасында баланың өсіп жетілуіне, денсаулығына қамқорлық жасау,нығайту,бекіту. Тазалық дағдыларын қалыптасыру. - Еңбек сүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу баланың күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету. - Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету. - Оқудың,білім алудың, мәдени мінез-құлықтың әдеп-дағдыларын қалыптастыру. - Отбасында баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау. - Өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру. - Баланың ақылына, күшіне, біліміне сай берілген тапсырманы, талапты орындауға дайын болуға үйрету. - Бақылау, тексеру, бағалау. - Тәртіптікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа, сергектікке, естілікке, т. б. баулу. Өзін-өзі тәрбиелеуге, дербестікке, шығармашылыққа баулу. ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС Құрметті ата-аналар сіздерге осы психологиялық тренингін ұсына отырып...
Тәрбиешінің кеңесі
  “КІШКЕНТАЙ АСПАЗШЫ” БАЛАЛАРМЕН БІРГЕ АС ӘЗІРЛЕЙМІЗ «Кедергі болма, одан да барып ойна!» деген сөздерді біз тамақ әзірлеп жүргенде, бала көмектескісі кеп айналшақтаса жиі айтамыз! Қыз бала болсын, ұл болсын көмектескісі келеді. Ал олар өсіп кеткен кезде осындай көмектері қайда кетеді екен? Егер осындай сөздерді жиі айтсаңыз, кішкентай аспазшының көмектесем деген ниеті өте жылдам жоғалып кетеді. Тамақ әзірлеу сияқты қызықты үдерісте баланың көмектесем деген ниетін мадақтау және әлпештеу қажет. Ас үйде сіз тамақ әзірлеп жатырсыз ба әлде басқа жұмыс істеп жатырсыз ба, балаға жасына сай қандай да бір жұмыс табылары хақ: көкөністерді жуу, піскен жұмыртқа мен картопты аршу, салат немесе бутербродты әшекейлеу, араластыру не болмаса турау. Мейлі варениктердің жабыспай қалған жерінен құлпынайдың шырыны ағып тұрсын, кремнің жартысы киімінде болсын, еденде ұн шашылып жатсын. Жарамай қалған қамыр, кірлеп қалған киім немесе еден үшін баланы ренжі-туге тұра ма? Әрине, жоқ. Егер де сіз анда-санда балаңызбен бірге қандай да бір дәмді ас әзірлеген болсаңыз, бұның пайдасы өте зор және жан-жақты. ҚҰРМЕТТІ АНАЛАР МЕН ӘКЕЛЕР! СІЗДЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАДНАМА. Автор: №7 сәбилер бақшасы Өз балаларыңыздың сенімділігі мен ұялшақтығын жеңу үшін ата- аналарға арналған жаднама. -Ешқашанда баланың ұялшақтық мінезін сызып тастамаңыз. -Бөтен адамдарға қыр...
Медбикенің кенестері
Мұрын қанағанда не істеу керек? Әдетте мұрынна қан кету бірер минуттардан кейін өздігінен қояды. Ал егер қан кету тоқтамаса, кейбір оңай шараларды қолдану оны тоқтатады. Мұрыннан қан кеткенде мынандай шараларды қолдану керек: 1. Көмек көрсетілетін бала отыруы керек. 2. Қан кетіп жатқан мұрынның тесігіне таза мақта тығу керек. Егер қолда таза мақта болмаса, майлықтың немесе дәретхана қағазының кішкене тілімін қолдануға болады. 3. Мұрынның тесігіне таза мақтамен немесе майлықпен бітегеннен кейін, мұрынды саусақтармен қысу қажет. Мұрынды қысқан күйде он минуттар шамасында ұстаған дұрыс. 4. Қан тамаққа кетіп қалмасы үшін бала сәл алға еңкеюі керек. 5. Қанды тоқтатқаннан кейін мақтаны мұрында әлі бірнеше сағатқа шейін қалдыру қажет. 6. Егер қан кету тоқтамаса, баланы міндетті түрде емханаға апару керек. Ол жерде қан кетуді тоқтатады: мұрынға қажетті дәрі тамызып, қанап жатқан мұрын тесігіне мықтылап мақта тампонын тығады. Медбике Рабиға Оралбайқызы Раимова Құрметті ата-аналар! Балалардың дені сау даму құқығы көптеген жағдайлармен қамтамасыз етілуі керек: медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетерлігі, өз денсаулығын қорғау мәселелерінде ақпараттандыру, ауруларды алдын алу. Өкінішке орай, қазіргі кезде ата-аналар балаларға вакцина егуге қарсылық білдіретін жиі кездеседі. Қазіргі уақытта, балаларды инфекциялық...
Кеңестік пункт
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! Павлодар қаласы әкімінің, Павлодар қаласының бөлімінің МҚКК №7 сәбилер бақшасының баласындағы кеңес беру пунктіне шақырамыз. Біздің балабақшасының базасында 2-ден 7 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған отбасыларына педагогико-психологиялық қызмет көрсету бойынша кеңесші пункт қызмет етеді. Егер балаңыздың балабақшаға баратың жағдайы болмай,яғни балаға тәрбие беру жөнінде және дамыту жөнінде сұрақтар болып жатса, біздің кеңесші пунктіне келіп жеке мамандарынан кеңес алуға болады. МҚКК №7 с/б басшысы,оқыту-тәрбие жөніндегі басшысының орынбасары, мейірбике,логопед,психолог,ағылшын тілі мұғалімі,ән-күй жетекшісі отбасыларға педагогикалық және психологиялық көмек тегін және серіктестік туралы келісім негізінде жүзеге асырылады. Кеңестік пункттің міндеттері: Ата-аналарға әр-түрлі тәрбие сұрақтар бойынша ерте жастағы (2-ден-3 жасқа дейін) және мектепке дейінгі (3-тен-7 жасқа дейін)балаларға кеңестік көмек көрсету. Баланың дамуындағы мәселе аймақтықтарында диагностика жасау қажетті түзету және дамыту шаралар туралы ақпарат беру. 5-7 жастағы балабақшаға бармайтың балалары бар ата-аналарға мектепке баруға тең мүмкіндік қамтамасыз етуге жан-жақтан көмек көрсету   Сіздерге қуана көмек көрсетуге әзірміз және мына кеңестерді ұсынамыз:   -педагог- психолог маманы -логопед оқытушысы -мейірбике -МҚКК №7...
Ата-анаға мұны білу керек
Ата - аналар, сіздер үшін   1. Балаға дұрыс тәрбие беру – ата-ананың моральдық қана емес, заң жүзіндегі міндеті. 2. Бала тәрбиесі мәселесінде ата-ана арасында толық келісім болуға тиіс. 3. Баланың бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін, оның үлгілі болуға тырысқан талабын көтермелеп отыру керек. 4. Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата-анасы үлгі болуға тиіс. 5. Баланы еңбекке құрметтеу мен сүю рухында жас кезінен тәрбиелеп, оның бойына адамгершілік және рухани мәдениеттің негізін, қоғамдағы мінез-құлық дағдыларын дамыту керек. 6.Ересектер балаларды күн сайын сипайылыққа, сергектікке, үлкендерді құрметтеуге, әділдікке өз үлгісімен тәрбиелеп отыруға тиіс. 7.Үйдегі жайлылық пен салауаттылықтың алғы шарттары – тазалық пен тәртіп, сондай-ақ барлық отбасы мүшелерінің тату-тәтті тұруға ұмтылуы. 8. Үй ішіндегі татулық күйеуіне де, әйелге де байланысты. Оның бірінші шарты - өзара сенім, құрмет, өзара түсіністік және, әрине сыпайы, әдепті мінез-құлық. 9.Сыпайылық және әдептіліктің ережелерін сақтау табиғи, емін-еркін болып, ешбір жағдайда екіжүзділікке, өтірік ұялшақтыққа негізделмеуге тиіс. 10. Тату-тәтті тұру үшін ұстамды болып, өзін-өзі билей білу керек.   Ата - ананың міндеті: 1. Балаңыздың топ тәрбиешілерімен тығыз байланыста болуы; 2. Баланың күнделікті білімін тексеріп, көмек көрсету; 3....
Ата-аналарға кеңес
Тақырыбы: Алғашқы ұстаз — ата-ана Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы. Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-өыздармен үй шаруасында жұріп-ақ...
Логопедтің кенестері
Логопед қандай жұмыс атқарады? Логопедтің балабақшада жүргізетін негізгі міндеті – тіл бұзылысы бар баланың анықтап, баланың жеке-дара ерекшеліктерін, тіл бұзылысының түрін ескере отырып жағымды психофизиологиялық жағдайда жан-жақты түзету жұмысын жүргізу.     Жас өспірім баланы логопедиялық тексеріс өткізудің негізгі мақсаты – тілінің даму деңгейі жас ерекшелігіне сай келе ме, тілінің даму деңгейін, кемшіліктерін анықтау.     Логопедиялық тексеріс жүйелі түрде әр түрлі көрнекі-құралдардың көмегімен, логопедтің басшылық етуімен жүзеге асады. Әр бала жеке-дара тексеріледі. Логопедиялық тексерісте баланың артикулляциялық аппараты, сөздік қоры, дыбысты айтуы мен ажыратуы, фонематикалық есту қабілеті, тілінің грамматикалық құрылысы, сөйлеу тілін түсінуі, жалпы тіл байлығы тексеріледі. Тексеріс барысында баланың мінез-құлқына, тіл байлығына, тілінің дамуына ерекше назар аударылып, логопедиялық қорытынды жасалады.   Логопедиялық тексеріс – логопедиялық жұмыстың негізі бастауы, көзі болып табылады.     Егер балаңыз әріптерді дұрыс жазбайды, ұмытады, ауыстырады не істеу керек?   1.Сіздің балаңыз оң және сол ұғымдарын айыра алады ма? Ол келесі тапсырмаларды дұрыс орындау қажет: өзіңнің сол аяғыңды, оң құлағыңды көрсет. Өзіңнен оң жағында, сол жағында не бар? Егер бала әріптің бағытын...
Ән- күй жетекшінің кеңесі
Музыка арқылы тәрбие беру   Баланың жалпы дамуына есту қабілетінің қалыптасуы мен әуен жетегінде қимылдап қозғала алуын дамыту зор үлесін қосады. Сондықтан неғұрлым балаларды музыкамен жаттығу жасауға, музыкалық ойындар ойнауға, би билеуге, ән-думандар құруға ерте бастан үйретсе, соғұрлым баланың әуенді-ырғақты қимыл-қозғалысын дамыту да жеңілірек, пайдалырақ болады. Әр түрлі жанрдағы әуенге елтіп тыңдай отыра сәйкес қимылдау баланың ішкі сезіміне жағымды ықпал етеді. Мысалы, салтанатты марш әуенін тыңдатса, бала қуанады, жігерленіп, бойын тік ұстап, нық адымдауға, қолы мен аяғының қозғалысын сәйкестендіруге талпынады. Жай, баяу әуенге, керісінше, бойларын босатып, еркін асықпай қозғалуға, жұмсақ басып жүруге ұмтылады. Сөйтіп, бала әсем қозғалуға, бойын сымбатты ұстауға, әсемділікке үйрене бастайды. Денсаулығы мықты, салауатты болып қалыптасуына әуенмен қимылдау жағымды әсер етеді. Әуенді-ырғақты қимыл-қозғалысын дамытудың бастапқы кезеңінде балалардың қимыл-қозғалысы шашыраңқы, сәйкессіз болады. Бірақ күнделікті қайталап жаттығудың негізінде әуенмен сәйкес қимылдау қажеттілігі туындап, балалардың өз-өзіне сенімі нығаяды. Әуенді-ырғақты қимыл-қозғалысын дамытудың іс-әрекет түрлері: әуенмен жаттығу жасау, әуендік ойындар ойнау, би билеу, ән-думан құру. Әуенді-ырғақты қимыл-қозғалысты дамыту ісі басқа...
Ағылшын тілі мұғалімнің кеңесі
     2016-2017 оқу жылында мектепке дейінгі білім беруінің жаңа мемлекеттік стандарты еңгізіліп мектепке дейін ересек жастағы балалардың (ересектер, даярлық топтары) жұмыстық оқу жоспарында ағылшын тілі жаңа бөлімі еңгізілді. Ағылшын тілі бөлімінің бағдарламалық маңызы материалды фонетикалық, грамматикалық және лексикалық жағынан көрсету,сөйлеу іс-әрекетінің негізгі түрлерін берілген материалды меңгеріп осы тілді оқу. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілінің фонетикалық, грамматикалық пен лексикалық аспектілеріне оқытуы тәрбиеленушілердің фииологиялық, психологиялық және зияткерлік ерекшеліктеріне байланысты, осының ішінде лексикаға оқыту процесі ең маңызды боп саналады. Оқытудың фонетикалық аспектіне көп назар аударылмайды, өйткені осы кезенде балалар ана тілінде сөйлеу дағдылары қалыптасады, яғни өз ана тілінде дұрыс сөйлеуі маңызды деп саналады, ағылшын тілінде сөйлеуін жетілдіруге емес. Грамматикасы да басымдық бағыты деп саналмайды, өйткені 4-5 жастағы бала өз ана тілінде де грамматикалық қатесімен сөйлейді. Грамматикалық құбылыстарының көбі түсіндірілмейді және жүйелендірілмейді, олардың меңгеруісөйлеу үлгілері негізінде орындалады, айтып атқанның коммуникативтің құрылы деп тіл саналады, грамматикалық ережелері емес. Шетел тіліне үйретудің бастапқы деңгейінде балаларды ағылшын тілінде сөйлегенді...
Біздің құттықтаулар
Жаңалықтар
Білім күні құтты болсын! Отбасы сайысы Алтын күз мерекесі
Басты бет
№7 СӘБИЛЕР БАҚШАСЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!   МИНИН КӨШЕСІ, 31 Телефон: 8(7182)51-80-26 БАСШЫ Факс:(87182) 51-59-35 ЖАЛПЫ E-mail:ys_7@mail.ru Жұмыс уақыты: 7.00-19.00 ға дейін демалыс күндері: сенбі, жексенбі АШЫЛҒАН КҮНІ: 14 ЖЕЛТОҚСАН 2006 ЖЫЛЫ ЖОБАЛЫҚ ҚУАТЫ: 320 ОРЫНДЫҚ ТОПСАНЫ: 13 І кіші тобы -3 ІІ кіші тобы - 4 ортаңғы тобы -2 ересек тобы -3 даярлық тобы -1 Әкімшілік құрамы: Басшы: Ләззат Сайлаубайқызы Серікбаева Әдіскер: Гульдана Дюсенбайқызы Кудайбергенова Шаруа меңгерушісі: Гульсум Серикқызы Кенжебаева Есепші: Зауреш Қызырқызы Каирбекова Медбибі: Рабиға Оралбайқызы Раимова Кәсіподақ төрайымы:Асемгуль Ануарбекқызы Кузкенова Ұйымдастырылған оқу -іс әрекетін 38 мамандырылған педагог жүргізеді оның ішінде: 24 педагог -жоғары білімді. 14 педагог -арнайы-орта білімді Жоғары санатты -1 педагог 1 санатты -3 педагог 2 санатты -22 педагог
Басшының беті
 Басшының міндетін атқарушы Жұмасанова Күнбөпе Ержанқызы. 1984 жылы 13 қазанда Павлодар облысы, Қашыр ауданы, Трофимовка ауылында дүниеге келді. 2006 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын " Педагог - психолог" мамандығы бойынша бітірді.Еңбек жолын 2002 жылы Покровка негізгі мектебі,  математика мұғалімі болып жұмысын бастады.2012 жылы «Павлодар қаласының № 120 мемлекеттік тілде оқытатын этномәдени тәрбие беру орталығы-  сәбилер бақшасына» МҚКК, тәрбиешілауамынына жұмысқа тұрды. 2019 жылдан бастап «Павлодар қаласының № 19  сәбилер бақшасына» МҚКК, әдіскер лауамынына жұмысқа тұрды.2019 жылы қазан айынан бастап «Павлодар қаласының № 46  сәбилер бақшасында» КМҚК, педагог-психолог лауазымында қызмет атқарды, 2022 жылы  КМҚК №7 сәбилер бақшасында басшының міндетін атқарушы қызметін атқаруда. жұмыс уақыты: 9.00-18.00 ға дейін. кезекшілік күні: дүйсенбі 07.00-19.00 ге дейін.  ата-аналарды қабылдау кестесі: дүйсенбі: 17.00-19.00 ге дейін. сейсенбі: 14.30.-16.00 ге дейін. сәрсенбі: 16.00-18.00 ге дейін. бейсенбі: 14.30-16.00 ге дейін. жұма: 16.00-18.00 ге дейін. 
Логопедтің кеңестері
Логопедтің кеңестері!!!   Зерттеу кезінде логопед сөйлеу әрекетінің түрлі бұзылуын табуы мүмкін. Сөйлемнің фонетикалық дамусыздығы – бұл кеміс ерекше жарық көрінеді. Сөз дыбыстарының немесе дыбыстарының тобын айтуының бұзылуы. 5 жастағы бала норма бойынша барлық сөз дыбыстарын дұрыс айтуға тиісті. Сөз дыбыстарының айтылуы бұзылса, жедел шараларды қолданып, мектепке дейін бар дыбыстарды дұрыс айтуға баланы үйрету керек. Фонематикалық ұғудың дамусыздығы – бұл сөйлем дыбыстарын өзгеше есту, ұғуы. Бала сөйлегенде осы кемістік дыбыс пен буын ауыстыруымен көрінеді, бірақ, бұл кемістің ерекшелігін және дәрежелегінін тек қана маман анықтайды. Фонематикадық ұғудың дамусіздігі жазу және оқу дамусіздігіне, ерекше қателер мен баланың үлгермеушілігіне келтіреді, Сөйлемнің фонетикалық пен фонематикалық ұғу жағының дамусіздігіне қоршаған орта туралы білімдері жетіспейтіні, сөз қорының кемшілігі, сөйлеудің грамматикалық жағы дамымағаны (түрлі грамматикалық қалыпта сөздерді қолдану іскерлігі, сөйлемді дұрыс құрастыру ептілігі), сөйлем құрастыру дамусіздігі қабаттасады. Осындай жалпы сөйлеудің дамусіздігі сауаттылықты меңгеруге және болашақта баланың мектепте үлгеріміне себеп болады. Біздің балабақшада барлық балаларға, қажетті болса, логопедтік көмек көрсетіледі. Логопед қандай жұмыс атқарады? Бұл: - баланың дыбыстауын түзету; -...
Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында арайлы күн, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың ағаш сабына бекітілген тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық ою-өрнек — алтын түстес. Тудың ені ұзындығының жартысына тең. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев Әнін жазған: Шәмші ҚалдаяқовАлтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой!Қайырмасы:Менің елім, менің елім, Гүлің болып...
Қазақстан Республикасы территориясының картасы
 Қазақстан Республикасы территориясының картасы Қазақстан Республикасы— Еуразия құрлығындағы мемлекет. Құрлықтың орталық бөлiгiнде орналасқан. Аумағы - 2.724.900 шаршы шақырым.(1.049.150. sq. miles).Республика жерi батыстан шығысқа 3000 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км-ге созылған. Коңыржай белдеудiң негiзiнен орталық және оңтүстік ендiктерiн, ал қиыр оңтүстігінде субтропикке өтпелi белдеудi қамтиды. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (ұз. 6467 км), оңтүстігінде Түрiкменстан (380 км), Өзбекстан (2300 км) және Қырғызия (980 км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1460 км) шектеседi, батысында Каспий т. (600 км) орналасқан. Жер аумағы 2724,9 мың км2. Халқы 15 млн.-нан астам адам. Оның 9 млн-ға жуығы немесе 60%-дайын қазақтар құрайды. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкiлдерi тұрады. Астанасы — Астана қаласы. Әкiмшілік жағынан 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады. Одан басқа Қазақстанда 85 қала, 160 аудан, 176 кент, 2237 ауылдық округке бiрiккен 7719 ауылдық елдi мекендер бар (2003; кестенi қ.). Мемлекеттiк тiлi — қазақ тiлi. Ұлттық валютасы — теңге, 1993 жылы 15 қарашада енгiзiлген. Халық Халық саны - 16, 036 млн. адам. Халықтың тығыздығы: 1 шаршы метрге. 5,9 адам. Астанасы- Астана (1997 жылғы 10 желтоқсаннан). Халық саны 684,0 мың адам. Қазақстанда 14 облыс,...
Көзқарас
«Бала тәрбиесі-тал бесіктен» Заман талабына сай білім беру жүйесі негізінде жас ұрпақты рухани-адамгершілік құндылықтарға негіздеп тәрбиелеу. Ұлтты ұлт ретінде танытатын үш нәрсе бар: бірі қасиетті Жер Ана, екіншісі –тіл, үшіншісі-қазақтың дәстүрі, ұлттық құндылықтарын қалыптастыру жолы. Осы үш қасиетті бала бойына дарыту, біздің міндетіміз. Қайрымдылық, адалдық, ізеттілік, мейрімділік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақ бойына сіңіре білу басты парызымыз. Тәрбие адамшылыққа құрылуы керек. Адамшылық негіздері қай қоғамдада өзгермейді, ешбір саясатқа тәуелсіз деген қағиданы үнемі пір тұтамын. Сәулесі әлем төрінен Сәбидің пәк жанды үнінен, Сыр-сезім тасып төгілген. Шұғылалы шалқар көңілден Балауса балғын балаға Тәлім мен тәрбие қасиетін Тал бесіктен бере білейік- деймін Сәбилер бақшасы директоры Ләззат Мырзабайқызы Қожабаева     БОЛАШАҚ БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ БЕЙНЕСІ МЕКТЕПАЛДЫ ДАМУЫ МЕКТЕПАЛДЫ ДАЙЫНДЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ І – САТЫ 5-6 жас -сабақ үстінде ой-қабілетін және дене бітімінің жұмыс қабілеттілігін арттыру. -кітапқа қызығұшылық білдірү, өлеңдерді жатқа айта алу -көрнекі әсерлі және көрнекі-бейнелі тұрғыдатанымдық міндеттерді шеше алу, ұқсастығы мен ерекшелігін ажырату, түрлі негіздемелер бойынша топтастыруға...
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 10981 тіркелді «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты       Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 № 58 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 1. Жалпы ережелер       1. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).        2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.       3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың,...