Сенім телефоны
62-46-84
email: Sad16 pvl@mail.ru
Мекенжайы: Камзин көшесі 356
57-73-87, 62-46-84
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
15 00- 17 00

2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделерінен ұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады. Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады. Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады. Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін.
Аты-жөнi: 2 сәбилер "В" тобының ата-аналар комитеті!
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіздерме! Мен балабақша әкімшілігімен топтың апайларын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!Сіздерге балабақшада өткізілген Жаңа жылдық мерекенің өткізілуіне рахмет айтамыз. Мереке қызықты әрі тартымды өтті.Дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға табыс тілейміз!
Добавлен: 30 Желтоқсан 2012
Ответ:
Рахмет!
Аты-жөнi: Естияр топ ата-анасы: Шаяхметова А.С.
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіздерме! Неге естияр топ балаларымен логопед жұмыс атқармайды?
Добавлен: 27 Қараша 2012
Ответ:
Сәлеметсізбе. Берілген жүктемеге байланысты логопед маманы даярлық топ балаларымен жұмыс атқарады. Сіз тек қана балаңызды логопед маманына тексертіп, кеңес ала аласыз.
Аты-жөнi: Родительница
Вопрос/обращение:
Здравствуйте! Скажите почему в вашем саду не производится оздоровительная работа? Раньше утром давали чай с лимоном, в 10 часов давали фрукты, в группах ставили чеснок с луком, дети носили чесночный амулет. Спасибо!
Добавлен: 27 Қазан 2014
Ответ:
Здравствуйте! Чай с лимоном даем в неделю два раза. Фрукты даем на полдник. Оздоровительная работа производится.
Аты-жөнi: Ересек топ ата-анасы
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіздерме! Жыл сайын қазан айларында ата-аналарға арнап "Ашық есік күні" ұйымдастырылатын, осы жылы қашан ұйымдастырылады?
Добавлен: 24 Қазан 2014
Ответ:
Сәлеметсіз бе! "Ашық есік күні" қараша айында ұйымдастырылып, өткізіледі.
Аты-жөнi: Nursultan
Вопрос/обращение:
Здравствуйте, хотел узнать вам не требуется учитель информатики или наладчик компьютера(опыт работы имеется) контактный телефон 87774607008
Добавлен: 20 Қазан 2014
Ответ:
Здравствуйте, у нас по штатному расписанию нет информатики.
Аты-жөнi: Боранбай А.
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіздер ме! Менің балам 2 сәбилер тобына барады. Баламмен логопед маманы жұмыс істесе деймін. Тәрбиешілер 2 сәбилер тобының баласын логопед алмайды дейді. Неліктен 2 сәбилер тобын логопед жұмыс істемейді, егер балабақшада логопед жұмыс істесе?
Добавлен: 27 Қыркүйек 2014
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Балабақшада 1 жүктеме ересек, дайындық топтарына берілгендіктен, логопед осы топтармен жұмыс жүргізеді.
Аты-жөнi: Даярлык А - Б топ ата - аналары!
Вопрос/обращение:
Салеметсіздерме! Сіздердің балабақшаларыңыз жазғы жөндеу жұмысына қаражат бөлмей ме? Топтағы жөндеу жұмыстарын кім жүргізу керек? Және де неге ата-аналар жөндеу жұмысына ақша тапсыру керек? Тәрбиешілер мен көмекшілер өздері жөндеу жұмысын атқармай ма?
Добавлен: 15 Мамыр 2014
Ответ:
Балабақша жөндеу жұмыстарына арналған заттармен (краска, әктас, т.б)қамтамасыз етеді. Бұл заттарға қажетті ақша жиналмайды. Сондықтан жөндеу жұмыстарына арналған қаражат жинауға ҚАТАҢ ТЫЙЫМ салынады. Ата-аналар тәрбиешілермен бірігіп, топты жөндеу жұмыстарына көмектесуге міндетті. Себебі, балалар 1 жыл бойы сол топта тәрбиеленіп оқытылды.
Аты-жөнi: Ерасыл әжесі
Вопрос/обращение:
Мен екінші сәбилер тобындағы Ерасылдың әжесі балабақша қызметкерлерін және топтың апайларын жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Топта өткізілген мереке өте қызықты болды. Осындай мереке өткізіп отырғандарыңызға көп рахмет.
Добавлен: 27 Желтоқсан 2013
Ответ:
Тілектеріңізге рахмет!
Аты-жөнi: Жазира
Вопрос/обращение:
Здравствуйте! Есть ли свободные вакансии повара или помощника повара ?
Добавлен: 20 Қазан 2013
Ответ:
Салеметсізбе. Қазіргі уақытта бос орындар жоқ, балабақшаның қабылдау бөлмесіне түйіндемеңізді әкеліп беріңіз.
Аты-жөнi: Букарбекова У.С
Вопрос/обращение:
Сәлеметсізбе.Балабақша төлемын осы айға 20621 мың қарызым бар деп түбіртек берді.Келгенымыз өзы қыркүйектың 2-сі.Сонда бала 21 мыңға бір айда тамақтана ма?Есепшіге жолықсам түбіртекті сұратады.Менің міндетім төлем ақыны уақытында төлеу.Қалғаны есепшінің міндетті.Неге олар ылғи да төленген түбіртекті сұратады?Сонда сіздердің бугалтерлеріңіз сол жерде не үшін отыр?
Добавлен: 15 Қазан 2013
Ответ:
Салеметсізбе. Төлемақы бойынша балабақша басшысына жолығыңыз немесе 62 46 84 телефонына қоңырау соғыңыз.
Аты-жөнi: Есімханова Зауре
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіздерме. Балабақшада ұйымдастрылған сайыс өте қызықты, әрі көңілді өтті. Осындай сайыстар жиі бола берсін.
Добавлен: 27 Қыркүйек 2013
Ответ:
Рахмет
Аты-жөнi: Екінші сәбилер тобының ата-аналарынан!
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіздер ме! Біз екінші сәбилер тобының ата-аналары екінші сәбилер тобының тәрбиешілері атынан Жаңа оқу жылы басталуымен құттықтаймыз!Жұмыстарыңызға жеміс, тілейміз.
Добавлен: 22 Қыркүйек 2013
Ответ:
Жылы лебіңізге рахмет
Аты-жөнi: Даярлық "А" тобының ата-аналарынан!
Вопрос/обращение:
Біз даярлық топ ата-аналары топ тәрбиешілерін және балабақша ұжымын оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз! Және де балабақшамен қоштасу кешін қызықты әрі көңілді өткізіп, балалардың естерінде ұзаққа сақталатындай етіп ұйымдастырғандары үшін алғысымызды білдіреміз!
Добавлен: 28 Мамыр 2013
Ответ:
Рахмет
Аты-жөнi: Махмутова Ж. ата-ана
Вопрос/обращение:
Мен №16 сәбилер бақшасының ән-күй жетекшісін Ақылай Гомарқызын және балабақша басшысын ұлым Момынжанов Сұлтанмахмұтты "Рауан" фестиваліне дайындап, лауреат атағына ие болғаны үшін алғысымды айтамын.
Добавлен: 23 Мамыр 2013
Ответ:
Рахмет
Аты-жөнi: ІІ сәбилер топ Құрман әже.
Вопрос/обращение:
Сәлеметсізбе балабақша басшысы! Менің немерем сіздердің бақшаларыңызға барады. Ай сайын төлейтін соммамыз әр түрлі болып, не одан да коп немесе аз болады. Сол мәселе туралы дұрыстап түсіндіріп, не жазып берсеңіз деймін.
Добавлен: 18 Сәуір 2013
Ответ:
Сәлеметсізбе! Балабақшаның төлемақысы туралы балабақша есепшісіне жолығыңыз.
Аты-жөнi: Солтаниманова Г. Ересек"В" тобы.
Вопрос/обращение:
№16 сәбилер балабақшасының музыка, би жетекшілерін және ұжымын балаларымызды "Рауан" фестиваліне жақсы дайындап, екінші кезеңге өткені үшін құттықтаймын. Жұмыстарыңызға жеміс тілеймін.
Добавлен: 17 Сәуір 2013
Ответ:
Рахмет.
Аты-жөнi: Жолдыбаев Махаббат
Вопрос/обращение:
Здравствуйте! скажите пожалуйста есть ли в Вашем саду 1 младшая группа. Спасибо!
Добавлен: 19 Ақпан 2013
Ответ:
Сәлеметсізбе! Балабақшада 1 сәбилер тобы жоқ.
Аты-жөнi: Абишева Д.Е.
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіздерме! Менің балам 24.10.2010 жылы туылған. Сіздердің балабақшаларыңызда кезекте тұр. Осы жылы біз сіздердің балабақшаларыңызға бара аламыз ба?
Добавлен: 08 Ақпан 2013
Ответ:
Сәлеметсізбе! Балабақша кезегін білім беру бөлімінен немесе сайттың "Балабақша кезегінен" біле аласыз.
Аты-жөнi: Мантаева Қ.
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіздерме. Менің балам естияр тобына барады. Менің баламның тілі дұрыс дамымаған, сондықтан менің баламмен логопед жұмыс жасаса деймін.
Добавлен: 24 Желтоқсан 2012
Ответ:
Сәлеметсізбе. Логопед маманы тек даярлық топ балаларымен жұмыс жасайды. Тек қана логопед маманына жоғылып кеңес алуыңызға болады.

Сұрақ қою