Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Адрес: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday

Questions and answers

Бекбаева Айнұр Тлегенқызы

Бекбаева Айнұр Тлегенқызы

 

Құрметті web-сайтының қонақтары!

2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады.

Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады.

Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады.

Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін.

2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделерінен ұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады. Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады. Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады. Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін.
ФИО: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
Салеметсіздерме! Бастауыш сыныптардың тегін тамақтанып жатқанына өте қуаныштымын. Кеше ұлым, толық тамақтанып, риза болып келді. Алғысымды білдіремін!
Добавлен: 10 January 2020
Ответ:
Тегін ыстық тамақпен бастауыш сынып оқушылары толық қамтылды. Рахмет.
ФИО: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіздерме! Сіздерді 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтаймын! Мектептеріңізде жетістіктер көп болып, оқушыларыңыз биіктен көрінсін!
Добавлен: 02 December 2019
Ответ:
Үлкен рахмет.
ФИО: Ақмарал
Вопрос/обращение:
Салеметсіздерме! Психолог вакансиясы бос па?
Добавлен: 21 November 2019
Ответ:
Сәлеметсіз бе, кешіріңіз, психолог вакансиясы жоқ.
ФИО: Айнура
Вопрос/обращение:
Здравствуйте, скажите пожалуйста, существует ли при вашей школе подготовительный класс?
Добавлен: 21 November 2019
Ответ:
Сәлеметсіз бе, біздің мектепте даярлық сыныптар жоқ, оның орнына шағын орталық жұмыс жасайды
ФИО: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
Сәлеметсізбе!Мен баламды сіздердің мектептеріңізге бергім келеді, бірақта алыста тұрамыз. Алыста тұратын балаларды қабылдайсыздар ма?
Добавлен: 21 November 2019
Ответ:
Сәлеметсіз бе, мектепке келіп, осы сұрақ бойынша әкімшілікке жолығуыңызды сұраймын.
ФИО: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
Сәлеметсізбе! Қысқы уақыт кезіңде оқушылар қандай градуста оқымайды?
Добавлен: 19 November 2019
Ответ:
Сәлеметсіз бе, құрметті ата-ана, 1-4- сынып оқушылары -28 С -30 С, 1-9-сыныптар -30 С -33 С, 1-11 -сыныптар -33 С - 36 С күннің суықтығына байланысты оқымайды.
ФИО: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіздер ме! Қазіргі жаңартылған бағдарлама бойынша БЖБ, ТЖБ жұмыстары туралы толық айтып бере аласыз ба? Мен ата-аналар жиналысына денсаулық жағдайыма байланысты қатыса алмадым. Алдын ала рахмет!
Добавлен: 19 November 2019
Ответ:
Сәлеметсіз бе, БЖБ және ТЖБ жұмыстары туралы толық мағлұмат алу үшін арнайы мектепке келуіңіз керек.
ФИО: Смагулова Айнур
Вопрос/обращение:
Кітаптар табылды 11сыныптын
Добавлен: 21 June 2019
Ответ:
Айнур, кешіріңіз сіздің сұрағыңызды түсінбедік. 11- сынып оқушыларында оқулықпен толық қамтылды.
ФИО: Смагулова Айнур
Вопрос/обращение:
Кітаптар табылды 11сыныптын
Добавлен: 21 June 2019
Ответ:
Айнур, сәлеметсіз бе, кешіріңіз, сіздің сұрағыңызды түсінбедік. 2019-2020 оқу жылында барлық сыныптар оқулықпен толық қамтылда.
ФИО: Жаканова Сағыныш Жылқайдарқызы
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе! Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміне бос орын бар ма? Еңбек өтілім 17жыл.
Добавлен: 18 June 2019
Ответ:
Сәлеметсіз бе, қазақ тілі мен әдебиет пәне мұғалімінің бос орны жоқ.
ФИО: Найманбаева Зиягуль
Вопрос/обращение:
Хотим выразить огромную благодарность директору школы #19 г.Павлодара Бекбаевой А.Т. и руководителю Ивановой В.А. а также учителям русского языка Молдабаевой Г.Т, Назымбекова Р.А., Мейрханова А.О., Шарипова К.Ж. в том что они организовали поездку в г.Татарстан на международную олимпиаду по русскому языку.За их заслуги в подготовке детей на олимпиаду!!!А также наши дети оправдали труд учителей, так как они стали призерами.В том числе дети получили положительные эмоции от поездки!!!!Большое вам спасибо!!!!
Добавлен: 07 June 2019
Ответ:
Сәлеметсіздер ме, сіздерге де РАХМЕТ!!!
ФИО: Ата-ана
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіздерме!Келген Наурыз мейрамы құтты болсын! Демалыс уақытында 1 сынып оқушыларына қандай да бір шара өткізіле ме?
Добавлен: 28 March 2019
Ответ:
Сәлеметсіз бе, Рахмет. Иә, міндетті түрде, көктемгі каникул кезінде мектепте өтетін іс-шаралар жоспарланып, өткізіледі.
ФИО: Ақмарал
Вопрос/обращение:
Сәлеметсізбе!Сіздерде химия пәнінен вакансиясы боспа?
Добавлен: 04 March 2019
Ответ:
Сәлеметсіз бе, химия пәнінен вакансия жоқ.
ФИО: Баетова Биби
Вопрос/обращение:
Мектепте Жас ұлан ұйымына қабылдау ақылы ма? Бизде 500тн деп жатыр?
Добавлен: 24 April 2018
Ответ:
Сәлеметсіз бе, Жас ұлан ұйымына өту үшін ақша төленбейді.
ФИО: естай ербол
Вопрос/обращение:
сенім жәшігі туралы мағұлмат,неше күнде ашады,оған кімдер тағайындалады
Добавлен: 17 September 2014
Ответ:
Сәлеметсіз бе, сенім жәшігі аптасына бір рет қаралады. Мектеп әкімшілігі тағайындалады.
ФИО: ата-ана
Вопрос/обращение:
Неге 19-ші мектепте сұрыпталу жұмыс өткізілмейді. Гимназия сыныптарында нашар оқитын балалар бар. Жай сыныптарда жақсы оқитын балалар бар. Жылдан жыл өзгеріс жоқ. Бала бір гимназия сыныбына отырса, сонда қалабереді. Ал жақсы оқитын балалар жай сыныптарда отырабереді. Балаларда ынталандыру болу керек.
Добавлен: 21 October 2013
Ответ:
Құрметті ата - ана! Гимназия сыныптарына сұрыптау оқу жылы соңында педконсилиум негізінде педагогикалық кеңестің шешімімен, ата - анамен, психологпен жұмыс жүргізіліп барып қана шешіледі. Балаңыз қай сыныпта оқиды? Егер нақты "4" пен "5" ке оқып отырса, жеке сынып жетекшісімен келіп әкімшілікке жолығыңыз.
ФИО: Айгерім
Вопрос/обращение:
Жас қыран, жас ұлан ұйымына балам кіру үшін не қажет?
Добавлен: 17 September 2013
Ответ:
"Жас қыран" ұйымына 7-11 жастағы оқушылар, "Жас ұлан" ұйымына 11-14 жастағы оқушылар қабылданады. Сонымен қатар оқушылардың облыстық, қалалық жетістіктері болуы керек.
ФИО: Ата-ана
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе? Сізден сұрайын дегенім, менің балам 3 сыныпта оқиды. Биылдан бастап орыс тіл пәні басталды. Әрине балама өте күрделі болды, себебі басқа сабақтар сияқты бірізділік пен жүйелілілікті көре алмадым. мысалы қазақ тілі пәнін дыбыс, сөз, сөйлем, т.б. ең қарапайым түрден бастадық. Ал неге орыс тілінің мұғалімі қараша айында жат жазуды (диктант) бастады. Осы сабақтың ұйымдастырылу әдіс-тәсілдерін кімнен және қалай білуге болады. Тағы да бір тоқталатын жағдай сыныпта өткен ата-аналар жиналыста біздің мұғаліміміз бізге баланың сабаққа үлгерімі төмен деген сылтау айтып, баланы қосымша ақылы сабаққа беруімізді ұсынды. Сонда мұғалімнің екі айлық жұмысының нәтижесі, еңбегі қайда? деген сұрақ өзінен-өзі туындамай ма? неліктен сабақ үстінде деңгейлік оқыту, тренинг тапсырмалары, т.б қызықты жаңа педагогикалық технологиялар қолданбайды екен. Немесе жеке-дара жұмыс жүргізілмей ме? Осы сұрақтарды қалай шешуге болады? ҚҰРМЕТПЕН: Арай
Добавлен: 17 September 2013
Ответ:
3 сыныптан бастап орыс тілі оқытылады. Онда коммуникативтік даму бағдарламасы бойынша екі сағаттан дәріс беріледі қазақ тілі пәнінен алфавитті өтуіне байланысты және сондағы алған біліктілік деңгейлерін пайдалана отырып оқушылардың сауаттылығы арттырылады сабақта жеңілден ауырға қарай принципі сақталады. 1 тоқсан аяғында диктант емес сөздік диктанты алынды. Ол сөздік диктантында оқулықтағы есте сақтау сөздері қолданылды. Алдағы уақытта балаңыздың пәнге деген қызығушылығы артып білімін көтеретініне сенемін. Ешқандай ақылы оқытудың қажеті жоқ деп білемін.
ФИО: Мұғалім
Вопрос/обращение:
Сәлеметсізбе! Мерекелер қарсаңында мұғалімдерге неге сыйақы берілмейді?
Добавлен: 02 February 2013
Ответ:
Мектеп бюджетінде экономиядан артық ақша болмайды. Және мектепте ақылы қызымет көрсету спецификасы ашылмаған. Сол себептерден мұғалімдерге ақылы сыйлық бере алмаймыз.Биыл Жаңа оқу жылынан алдың ала сұраныс беріп, ашамыз деп жоспарлап отырмыз.
ФИО: Оқушы
Вопрос/обращение:
Қай уакыттан бастап электронды журнал болады?
Добавлен: 15 January 2013
Ответ:
Электронды журналмен жұмыс істеу қазіргі уақытта жүріп жатыр.

First Previous 1 2 3 10 Last

Задать вопрос