Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: m.zhusup.pvl@mail.ru
Адрес: 140000, Ул. Камзина 62/1
+7 (7182) 61‒52‒23
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник - 16.00-18.00 Пятница - 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера

Вопросы и ответы

Бекбаева Айнұр Тлегенқызы

Бекбаева Айнұр Тлегенқызы

 

Құрметті web-сайтының қонақтары!

2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады.

Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады.

Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады.

Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін.

С 26 декабря 2009 года вступил в силу Закон Республики Казахстан по вопросам защиты прав граждан на неприкосновенность частной жизни. В связи с этим, запрещается распространение сведений о частной жизни лица, составляющих его личную и семейную тайну, без его согласия, в публичном выступлении или в средствах массовой информации, причинивших вред правам и законным интересам граждан. Также не подлежат рассмотрению анонимные обращения. Анонимным обращением является обращение, по которому невозможно установить авторство, отсутствуют подпись, в том числе электронная цифровая подпись, почтовый адрес заявителя. При нарушении вышеназванных требований такие обращения будут удалены без права на их размещение. В связи с этим, просьба более конструктивно и корректно излагать волнующие Вас проблемы и вопросы.
ФИО: Сарсембаева Дана
Вопрос/обращение:
Неге біздің көркем гимнастика өткізілмейді?
Добавлен: 29 Апреля 2011
Ответ:
Көркем гимнастика арнайы спорт мектебінде өткізіледі. Біздің мектеп жалпы орта білім беру мектебі.
ФИО: Жакупбекова Гаухар
Вопрос/обращение:
Неге біздің мектепте мәнерлеп сырғанауды үйретпейді?
Добавлен: 29 Апреля 2011
Ответ:
Мәнерлеп сырғанау арнайы спорт мектебінде өткізіледі. Біздің мектеп жалпы орта білім беру мектебі.
ФИО: Арғынбай Жарас
Вопрос/обращение:
Біздің мектепте неге оқушыларға басқа тілдерді оқытпайды. Мысалы, түрік тілі, қытай тілі.
Добавлен: 29 Апреля 2011
Ответ:
Жалпы орта білім беру мектебінің бағдарламасында қытай және түрік тілдерінің оқытылуына қосымша сағат берілмейді.
ФИО: Ата - аналар ұжымы
Вопрос/обращение:
Біздің балаларымыз 3 сыныпта оқиды. Үйге берілген тапсырмалардың көлемі өте көп. Мысалы әдебиет пәнінен өтіліп отырған мәтіннің жаңа сөздер мағынасы және мазмұны түсіндірілмейді, қазақ тілден күнде-күнде 1-1,5 бет шығарма жазуға береді, математикадан 4-5 тапсырма есептеуге беріледі. Біз жұмыстан кешке келгенде, баланың денсаулығына зиян келтіріп, түнгі сағат 1-ге дейін үй тапсырмаларын орындаймыз. Балам әдебиеттен жаңа сөздердің мағынасын білмей, мазмұны айтуға өте қиналады. Мұғалімге бірнеше рет айттық, бірақ мұғалім гимназия сыныбы болғандықтан бала өзі оқып, мазмұнын өзі түсіну керек немесе бағдарламадан қалып жатырмыз деген жауап айтады. Сонда баламыз білімді үйден алып отырса, мектепке не үшін барады? Осы сұраққа жауап беруіңізді өтінемін.
Добавлен: 25 Апреля 2011
Ответ:
Ата-аналар ұжымының 3-ші сынып ұстаздарына қойған сұрақтарына беретін жауабымыз мынадай: Білім стандарты бойынша үйге берілген тапсырмалардың көлемінің сақталуы осы күннен бастап әкімшілік тарапынан тексерілуде. Бір аптаның ішінде тексеру жұмыстарының қорытындысы шығады. Сондықтан сіздерден сұрайтынымыз ашық, есік күндері сабаққа қатысып өз пікірлеріңізбен бөлісіп, ата-ана, әкімшілік, мұғалім болып осы мәселені шешуге шақырамыз.
ФИО: Ата-ана
Вопрос/обращение:
9-сыныптар оқу соңында қанша емтихан тапсырады қандай пәннен және қай күндері?
Добавлен: 19 Апреля 2011
Ответ:
9 сыныптар оқу жылының соңында 4 мемлекеттік емтихан тапсырады. Емтиханды 30 мамыр - 8 маусым аралығында тапсырады. Қазақ тілі, орыс тілі, алгебра, 4 таңдаулы пәннен.
ФИО: Ата-ана
Вопрос/обращение:
IV тоқсан қай күні басталады?
Добавлен: 30 Марта 2011
Ответ:
IV тоқсан 4 сәуір күні басталады.
ФИО: 3"а сынып Ақымбеков Асылхан
Вопрос/обращение:
Баян Бақиқызы мен сізді 22наурыз бен құтықттаймын
Добавлен: 17 Марта 2011
Ответ:
Рахмет. Тілектеспіз.
ФИО: Маговинов Алишер Қанатұлы
Вопрос/обращение:
Баян Бакиевна 3а сынып Жетекшісі сізді 22наурызбен құттықтаймын Маговинов Алишер
Добавлен: 17 Марта 2011
Ответ:
Рахмет. Тілектеспіз.
ФИО: Ата-ана
Вопрос/обращение:
ІІІ тоқсанда демалыс кезінде қосымша сабақтар болады ма?
Добавлен: 15 Марта 2011
Ответ:
Әрине, болады. Әрбір пән бойынша пән мұғалімдері оқушыларды шақырады және мектепішілік үйірмелер жұмыс істейді.
ФИО: Ата-ана
Вопрос/обращение:
МАБ-ты сәтті тапсыруларыңызға тілектеспіз!
Добавлен: 10 Марта 2011
Ответ:
Рахмет
ФИО: Ата-ана
Вопрос/обращение:
Құрметті Ұстаздар қауымы! Сіздерді 8-наурыз Халықаралық Әйелдер күнімен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Білім нәріне сусындаған оқушыларыңыз биік шыңдардан көріне берсін!
Добавлен: 10 Марта 2011
Ответ:
Рахмет. Тілектеспіз.
ФИО: Ата-ана
Вопрос/обращение:
Мектепте қанша мұғалім жұмыс істейді?
Добавлен: 12 Апреля 2011
Ответ:
Біздің мектепте 85 мұғалім жұмыс істейді.
ФИО: Күзембаева Гүлмира
Вопрос/обращение:
Мектепте гимназия сыныптары бар ма?
Добавлен: 26 Февраля 2011
Ответ:
Гимназия сыныптары бар. Гимназия сыныптары 1-сыныптан бастап ашылады. Қазір біздің мектепте алғашқы ашылған гимназия сыныптары 5-сыныпта оқиды.
ФИО: Арманбай К.
Вопрос/обращение:
Мұғалімдер неге бағаны оқушылардың күнделігіне қоймайды.
Добавлен: 26 Февраля 2011
Ответ:
Мұғалім күнделікке бағаны қояды, бірақ кейбір балалар күнделіктеріне қойғызбауға тырысады.
ФИО: Абилхайрова Ляззат
Вопрос/обращение:
9-сыныпта МАБ қай күні өтеді?
Добавлен: 26 Февраля 2011
Ответ:
11 наурыз күні
ФИО: Ата-ана
Вопрос/обращение:
Жазда лагерь болады ма? Неше сезон?
Добавлен: 12 Апреля 2011
Ответ:
Жазда мектеп жұмыс істейді. 2 сезон болады деп жоспарлануда.
ФИО: Аймульдина Айжан Турсынгалиевна
Вопрос/обращение:
2011-2012 оқу жылына неше 10 сыныпты ашу жоспарлануда.
Добавлен: 23 Февраля 2011
Ответ:
Ол әлі қарастырылуда.
ФИО: Каримова Мадина Оразовна
Вопрос/обращение:
Мектепте "Сенім" жәшігі жұмыс істей ме?
Добавлен: 19 Февраля 2011
Ответ:
Ия. Жұмыс істейді.
ФИО: Аймульдина Айжан Турсынгалиевна
Вопрос/обращение:
Әрбір пәнді 3 тілде оқыту қажет болғанда, пән мұғалімдерін қалай және кім дайындайды?
Добавлен: 23 Февраля 2011
Ответ:
Оны мектеп әкімшілігі шешеді.
ФИО: Байзуллина Н.
Вопрос/обращение:
Құрметті №19 мектеп ұжымы! Сіздерді 16-желтоқсан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Сіздерге денсаулық, еңбектеріңіз жемісті болсын! Қазақстан еліміз көркейе берсін!
Добавлен: 14 Декабря 2010
Ответ:
Рахмет! Тілектеспіз.

первая 1 2 3 4 5 6 10 последняя

Задать вопрос