Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера

Сұрақ-жауап

Бекбаева Айнұр Тлегенқызы

Бекбаева Айнұр Тлегенқызы

 

Құрметті web-сайтының қонақтары!

2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады.

Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады.

Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады.

Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін.

2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделерінен ұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады. Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады. Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады. Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін.
Аты-жөнi: Ата-ана
Вопрос/обращение:
Жаңа жылда, Жаңа жылдың әр күні, Жақсы хабарларға, Жағымды жаңалықтарға, Күтпеген қызықтарға, Қуаныш сыйлайтын сәттерге толы болсын!!!
Добавлен: 04 Қаңтар 2012
Ответ:
Рахмет
Аты-жөнi: Ұстаз
Вопрос/обращение:
Жаңа жыл, жаңа жыл, жаңа жыл Жаңа ғасыр, жаңа бақыт, жаңа нұр Жаңа жыл, жаңа жыл, жаңа жыл Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл
Добавлен: 04 Қаңтар 2012
Ответ:
Рахмет. Бірге болсын! Сізге Жаңа Жыл жаңа бақыт әкелсін!
Аты-жөнi: Оқушы
Вопрос/обращение:
Жаңа жыл келді міне жерімізге Әкелсін құт- береке елімізге. Жақсылық пен қуаныш жылы болып, Қиындықты жолатпасын бәрімізге!
Добавлен: 04 Қаңтар 2012
Ответ:
Рахмет.
Аты-жөнi: Ата-ана
Вопрос/обращение:
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты, Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты. Құтты болсын Жаңа 2012 жыл!
Добавлен: 04 Қаңтар 2012
Ответ:
Рахмет. Бірге болсын!
Аты-жөнi: Ата-ана
Вопрос/обращение:
1-сынып оқушылары қанша градус суық болғанда сабақ оқымайды?
Добавлен: 21 Желтоқсан 2011
Ответ:
28 градус аяз және 20 м/с жел болғанда немесе 30 градус аяз болғанда 1-4 сынып оқушылары оқымайды.
Аты-жөнi: А.Чежимбаева
Вопрос/обращение:
2011-2012 оқу жылында МАБ 4-9 сыныптарда қай пәндерден болатынын нақтырақ білгім келеді?
Добавлен: 03 Қаңтар 2012
Ответ:
4-сыныптарда МАБ болмайды. 9 сыныптарда МАБ сәуір айында өтеді. Қандай пәндерден болатыны белгісіз. Наурыз айында белгілі болады.
Аты-жөнi: Ата-ана
Вопрос/обращение:
Құрметті Төлеген Кәкімұлы және ұстаздар! Сіздерді Тәуелсіз еліміздің 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға, елімізге тыныштық тілеймін. Еңбектеріңіз шығармашылық табыс тілеп, әрқашанда ұшырған балапандарыңыз биіктерден көріне берсін!
Добавлен: 13 Желтоқсан 2011
Ответ:
Рахмет. Тілектеспіз.
Аты-жөнi: Тимка Шмидтов
Вопрос/обращение:
Алимпиада қай жыла қайда қашан пайда болған
Добавлен: 14 Желтоқсан 2011
Ответ:
Олимпиада тарихы туралы айтсақ, амал қанша, ежелгі Олимпия ойындары қашан және қай жерде өткені әлі күнге жұмбақ. Әйтсе де, кейбір тарихи деректерге сүйенсек, алғашқы Олимпия ойыны біздің заманымызға дейінгі 776 жылы Грекияда өткізілгені белгілі. Бұдан соң біздің заманымызға дейінгі 394 жылы Рим королі Хомидидің бұйрығымен тоқтатылған. Арада бірнеше ғасырдан кейін, яғни ХІХ ғасырдың аяғында франциялық әйгілі ағартушы Пьер де Кубертен бүкіл Еуропаға жорық жасап, Олимпиаданы қайта бастау туралы үгіт жүргізеді. 1894 жылы Францияда Олимпиада ойындарының түрі мен ережесі қамтылған алғашқы заң мақұлданып, Халықаралық Олимпиада Комитетін құрды. 1896 жылы тұңғыш рет Олимпиада спорт жарысы Грекияның Афины қаласында өз жаңа ғасырын ашты.
Аты-жөнi: Кулмаганбетова Гаухар
Вопрос/обращение:
озат оқушылардың грамотасын қашан береді?
Добавлен: 24 Желтоқсан 2011
Ответ:
ІІ тоқсанның соңында беріледі.
Аты-жөнi: Тулегенова Дамеш
Вопрос/обращение:
2011-2012 оқу жылында МАБ кай пәндерден болады?
Добавлен: 14 Қараша 2011
Ответ:
Ол әлі белгісіз.
Аты-жөнi: Ата-ана
Вопрос/обращение:
Мектепішілік олимпиада бастауыш сыныпта қашан өтеді?
Добавлен: 31 Қазан 2011
Ответ:
Мектепішілік олимпиада 4 қараша күні өтеді.
Аты-жөнi: Ата-ана
Вопрос/обращение:
Баланың тұйық болу себебі неден деп ойлайсыз?
Добавлен: 28 Қазан 2011
Ответ:
Құрметті ата-ана! Бала тәрбиелеуде өзіміздің сөз саптауымыз бен үлгі өнегенің балаға қаншалықты әсер беретінін әрқашан есте ұстағанымыз жөн. Сіз төмендегі ескерту, шектеулерді балаңызға қаншалықты жиі айтасыз: -Баршы, менің қолым бос емес! - Қарашы, тағы бүлдірдің! - Дұрыс емес! - Сенің бірдеңеге үйренетін күнің бар ма?! - Сен мені жындандырарсың! - Әкең (немесе шешең)екеуіңнің менсіз күндерің қараң қалар! Таныс қой! Солай емес пе? Мұндай сөздер баланың астар санасына сіңіп қалады. Ал кейін есейе келе балаңыз тұйықталып, сізбен сөйлескісі келмесе, өз-өзіне сенімсіз ынжық болса; жалқау болса, (немесе шешесіне) деген құрмет сенімін жойса - таңқалмаңыз! "Не ексең соны орасың". Баланы кінәлап, кемшілігін бетіне басу, басқалармен салыстыру арқылы тәрбиелеу дұрыс емес. Баланың әр қадамына бақылау жасап, мінез-құлық қылықтарына үнемі баға беру оның өмірін түнекке айналдырумен бәрдей. Оның орнына балаңыздың әр ісі, қылығына түсіністікпен қарап, өз-өзін бағалауға, өз қателіктерінен қорытынды шығаруға үйреткен жөн.
Аты-жөнi: Ата-ана
Вопрос/обращение:
Демалыс кезінде оқушыларға қосмша сабақтар болады ма?
Добавлен: 31 Қазан 2011
Ответ:
Әрине. Қосымша сабақтар барлық пәннен болады. Сонымен қатар спорт, ән, би байқаулары өтеді.
Аты-жөнi: Ата-ана
Вопрос/обращение:
Құрметті ұстаздар! Өткен мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға бақыт тілей отырып, қиын да қызықты еңбектеріңізге табыс тілеймін. Еңбектеріңіз әрқашан жемісті болып, оқушыларыңыз биік белестерден көріне берсін!
Добавлен: 13 Қазан 2011
Ответ:
Рахмет!
Аты-жөнi: гульнара
Вопрос/обращение:
9 сыныпта алгебра пәнінен мемлекеттік емтихан қандай есептер жинағы арқылы жұргізіледі
Добавлен: 29 Мамыр 2011
Ответ:
9 сыныпта алгебра пәнінен мемлекеттік емтихан 2000 жылғы жинақ арқылы жүргізіледі.
Аты-жөнi: Аманжолова Ажар)
Вопрос/обращение:
Мектепте қандай сынып ең талантты?
Добавлен: 26 Мамыр 2011
Ответ:
Әрбір сыныптың өз ерекшелігі және талантты оқушылары бар.
Аты-жөнi: Ата-ана
Вопрос/обращение:
Біздің мектепте "Мәшһүртану орталығы" бар екенін, және оның үздіксіз жұмыс істеп отырғанын жақсы білеміз. 15-мамыр күні Мәшһүр ата басына баратындарыңызды естідім. Осындай шараларды ұйымдастырып отырған мектеп ұжымына алғыс айтқым келеді. Жолдарыңыз болсын! Еңбектеріңіз жана берсін!
Добавлен: 11 Мамыр 2011
Ответ:
Рахмет!
Аты-жөнi: Мұғалім
Вопрос/обращение:
Құрметті №19 мектеп ұжымы! Сіздерді откен 9-мамыр мерекесімен құттықтаймын! Еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт тілеймін. Әрқашанда көңілдеріңіз жарқын болсын!
Добавлен: 11 Мамыр 2011
Ответ:
Рахмет. Тілектеспіз.
Аты-жөнi: Кулембаев Ердана
Вопрос/обращение:
Біздің мектепте неге сабақ сағ.8.30 басталмайды?
Добавлен: 29 Сәуір 2011
Ответ:
2 ауысымдық сабақ өтілуіне байланысты 1-ші ауысымның сабағын 8.00-ден бастауға тура келеді. ҚР Денсаулық министрлігінің 570 бұйрығы бойынша 2 ауысымның аралығында уақыт ұзақтылығы 1 сағат кем болмау керек. осы 1 сағат уақыт аралығында кабинеттер тазартылып, таза ауамен желдетіледі. Егер сабақ 8.30-да басталатын болса, онда 2-ші ауысымның соңғы сабағы (6 сабақ) кешкі сағат 20.15 бітеді. Сондай жағдай болғанда 2-ші ауысымда оқитын оқушылардың жағдайы қалай болар екен?!
Аты-жөнi: Ашимов Қасым
Вопрос/обращение:
Неге 5 сыныпта информатика пәні оқытылмайды?
Добавлен: 29 Сәуір 2011
Ответ:
Мемлекеттік стандарт бойынша информатика пәні 7 сыныптан бастап оқытылады.

бiрiншiсi 1 2 3 4 5 10 соңғысы

Сұрақ қою