Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 0
Всего проголосовало: 0
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Паспорт Мәшһүр Жүсіп атындағы ЖОБМ
Руководитель: Бекбаева Айнұр Тлегенқызы
Ашылу мерзімі: 1982 жылғы 1 қыркүйек
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
Жобалық қуаты: 1050 орын
Жалпы көлемі: 7320,2 м2; үшқабатты, типтік
Оқушылар саны: 1118 оқушы, оның ішінде : 1 - 4 сыныптар – 476; 5 - 9 сыныптар – 530; 10 - 11 сыныптар – 112.
Ауысым: Мектеп екі ауысымда жұмыс жасайды: бірінші ауысымда – 678, екінші ауысымда – 440 оқушы оқиды.
Материалдық базасы: Оқу кабинеттері–38: Бизнес кабинет-1; Мамандандырылған кабинеттері: физика пәнінен – 1, химия кабинеттері -1, биология кабинеті-1; Робототехника кабинеті – 1; Шахмат кабинеті – 1; Лингафон кабинеті- 1; Компьютерлік сыныптары – 2; Мультимедиялық кабинеты – 6; Бір спорттық кешен: үлкен зал– 1; Стадион – 1(жасанды төсем); Технология және тігін шеберханасы – 1; Технология кабинеттері: ағаш өңдеу– 1, темір өңдеу– 1; Хореография залы – 1; Акт залы – 1 ( 120 орын); Асхана- 160 орын; Оқу залымен қітапхана- 1; Медициналық блок: педиатр кабинеті-1, ем-шара кабинеті-1; Психолог кабинеті – 1; Әлеуметтік педагог кабинеті – 1; Әдістемелік кабинет– 1; Этнографиялық мұражай-1.
Кадрлық құрамы: Жалпы педагогтер саны- 88: Білімі бойынша: Жоғары – 86 (98%); Арнаулы орта – 2 (2%). Категориясы: Жоғары– 16 (18%); Бірінші–7 (8%) ; Екінші–6( 7%). Категориясыз - 9 (10%). Педагог – шебер - 0 (0%) Педагог –зерттеуші- 34(37%); Педагог –эксперт- 8 (9%); Педагог- модератор- 5 (6%). Көптілділік оқыту: жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқыта алатын В1, С1 курстары бойынша сертификатқа ие - 8 мұғалім.
Оқушыларды тамақтандыру туралы мәлімет: Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету –986 (88 %) тегін ыстық тамақпен аз қамтылған, көпбалалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар қамтылды – 111 (100 %), 1-4 сынып оқушылары - 417 (100%)
Қаржыландыру: 2017- 228,5 млн. тг.; 2018 год – 220,1 млн. тг.; 2019 год - 258,1 млн.тг.
Мекеме туралы мәлімет: Мектеп мемлекеттік тілде білім береді. Барлығы 43 сынып- комплектісі бар. 2018 жылдан бастап жаратылыстану- математика бағытындағы пәндер (физика, биология, информатика, химия) ағылшын тілінде оқытылады. Егер 2018-2019 оқу жылында 8- сыныптың 141 оқушысы қамтылған болса, 2019-2020 оқу жылында 7-9- сынып оқушыларының 233 оқушысы қамтылды. Ағылшын тілі, қазақ тілі, математика пәндері тереңдетіліп оқытылады (156 оқушыны қамтитын 3 тереңдетілген сынып бар). Жоғары деңгейлі оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын гимназиялық сыныптар өз жұмысын жалғастырды (268 оқушыны қамтитын 11 гимназиялық сынып бар). Республикалық «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында мектепішілік жобалар әзірленді. Мектеп «Жаңартылған білім беру мазмұның пилоттық енгізу» туралы ҚР БЖҒ министірінің бұйрығына сәйкес үш тілде оқыту облыстық экспериментке енді, сонымен қатар «Өмірлік таңдау», «Мектептегі медиация қызметі» республикалық жобаларға қатысуда және дене шынықтыру пәнінің үшінші сағаты арқылы футбол ойының үйрену республикалық жобаны іске асыруға бағытталған алаң болып табылады.
Жұмыс нәтижелері. ҰБТ нәтижелері: Орташа ұпай: 2016– 86,7 б.; 2017– 93,9 б.; 2018 – 110,7 б; 2019- 101,3 б. ҰБТ-ға қатысу үлесі: 2016 – 95 %, 2017 – 96 %, 2018 – 99 %; 2019 – 96 %.
Ғылыми жобалар нәтижелері: 2016 - 2017 о/ж:-1 орын (облыс); 2017-2018 о/ж: -7 орын (қала); -2 орын (облыс); 2018-2019 жылы: -3 орын (қала).
Оқушылардың пән олимпиадасының қорытындысы: Пән олимпиадасы, 2016- 2017 о/ж: -7 орын (қала); 2017- 2018 о/ж: -8 орын (қала); 2018-2019 о/ж: - 9 орын (қала). Юниор олимпиадасы, 2017- 2018 о/ж: -1 орын (қала); 2018-2019 о/ж: - 2 орын (қала); - 2 орын (облыс). Қ.Бітібаева атындағы олимпиада, 2017- 2018 о/ж: -1 орын (қала); 2018-2019 о/ж: - 1 орын (қала).
Даму жоспары: Миссиясы: Қазақстан қоғамының әлеуметтік-экономикалық, рухани қалыптасуының жаңа міндеттерін іс жүзінде асыруға дайын жас ұрпақты тәрбиелеуге негізделген көптілді білім беру. Мақсаты: Үш тілде білім меңгерген, көптілді коммуникативтік құзырлылықтары қалыптасқан, көп мәдениетті, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу. Құндылығы: Қазақ тіліне деген сүйіспеншілігі жоғары, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығулары мен ұмтылыстары мол, өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын, дүниежүзі халықтарының мәдени құндылықтарын сыйлауға тәрбиеленген ұрпақ. Алда атқарылатын жұмыс жоспары: - әлемдік стандартқа жауап беретін 12-жылдық жаппай орта білім беру; -үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарған арналған жол картасын жүзеге асыру мақсатында үш тілде білім алатын сыныптардың санын арттыру, ҚР азаматымын деген есімге лайық үштілді мектеп түлегі; - қала және облыс, республика көлемінде үздік педагогикалық тәжірибені тарату, мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыру, педагогикалық конкурстарға қатысатын мұғалімдерді дайындау; - «Өмірлік таңдау», «Мектептегі медиация қызметі» республикалық жобаны жүзеге асыру жұмысын жалғастыру; - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа жобаларды еңгізу, іс-шараларды өткізу, мектепте «Домбыра» кабинетін ашу; -арнайы бағдарламамен оқытылатын гимназиялық, тереңдетілген сыныптардың санын арттыру; -мектептегі оқу үрдісін цифрландыруды дамыту; - мақсаттарға қол жеткізу үшін оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық жағдайлармен қамтамасыз ету.
Байланыстар: +7 (7182) 61‒52‒23
Электрондық пошта: sosh19@goo.edu.kz
Инстаграм: 19_mektep_pvl
Қабылдау кестесі: Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Сенім телефоны: +7 (7182)78-70-44