Телефон доверия
22-77-11
email: sad57@goo.edu.kz
Адрес: Жаяу Мұса көшесі, 4 құрылыс
Басшы: 22-77-07 Есепші: 22-77-01 Вахта: 22-77-04 Медбике: 22-77-15 Әдіскер:22-77-03
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Медбике

.

Мейрамгуль Тельмановна Ахметова
Мейрамгуль Тельмановна Ахметова

  - Қызметкерлердің алдынала (жұмысқа түскен кезде) және мезгіл-мезгіл (еңбек ету барысында) міндетті медициналық байқаулардан (тексерулерден) өтуіне жауап береді.

-  Медицина мекемелерінен алынған материалдар негізінде мезгіл-мезгіл медициналық байқаудан өтуге тиісті кісілердің тізімін жасайды.

 -Салауатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды дағдыға айналдырады, уытқұмарлық (токсикомания) және нашақорлық (наркомания), ішімдікке салыну (алкоголизм) мен темекі тарту көріністерінің алдын алу бағытында жұмыстар жүргізеді.

Өндірістік бақылау жоспарын әзірлейді.

- Санитарлық заңнамалардың сақталуын ұйымдастырады.Оқу кабинеттерінің, спорт залдарының, тұрғын және басқа да орын-жайлардың, сондай-ақ асхана қауіпсіздік нормалары мен ережелеріне сәйкес санитарлық-гигиеналық жай-күйіне ағымдағы бақылаулар жүргізілуін қамтамасыз етеді.

- Ас дайындау бөлігінде тағам әзірлеу ережелері бойынша технологиялық карталар жасайды.

 - Физиологиялық тұтыныс нормаларын есепке ала отырып, тағам түрлерінің колориялығы мен химиялық құрамы көрсетілген апталық немесе айлық жоспар-мәзір дайындайды.

  - Жоспар-мәзірге сәйкес жасалған күнделікті мәзірлерге қол қояды, бұрын әзірленген мәзірді орындау мүмкін болмаған жағдайда тағам түрлерін немесе азық түрлерін ауыстырады.

- Ауырып немесе жараланып қалған балаларға алғашқы медициналық жәрдем көрсетеді және бұл жөнінде басшыға баяндап, ата-аналарға (заңды өкілдерге) хабарлайды, олардың келісімі бойынша травмотология пунктіне немесе стационарға жіберу туралы шешім қабылдайды.

-   Қызметкерлер мен тәрбиеленушілер арасында жарақаттанудың алдын алу және аурулықты азайту бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

-   Басшымен, қоймашымен, кәсіподақ комитетімен, ата-аналар қауымымен бірлесіп тамақтандыру ісін ұйымдастыруды, азық-ауқат өнімдері асортиментін жақсарту, асты сапалы дайындап, оны асханада тарату үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қолданады, әзірленген тағам түрлерінің сынамасын алады.

-   Медициналық мекемелермен бірлесіп медициналық қызмет көрсету және сауықтыру жұмыстарын жақсарту бағытында шаралар қолданады.

-   Қызметкерлерді еңбек қорғау талаптарына сәйкес емдеу-профилактика қызметімен қамтамасыз етеді, ас дайындау бөлігінің қызметкерлерін күнделікті байқаудан өткізеді.

-   Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша профилакикалық егу талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

-     Еңбек және оқу процестері қауіпсіздік жағдайларының, жұмыс орындары мен оқу орындарында еңбек жай-күйінің, сондай-ақ қызметкерлер мен оқушылар тарапынан жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары дұрыс қолданылуының бақылануын қамтамасыз етеді.

-карантин болған кезінде күнделікті балаларды қабылдауға қатысады.

-  Дәрі-дәрмектердің, медициналық жабдықтардың дер кезінде алынуын және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

-   Дәрігердің емдеу шараларына, емдік іс-әрекеттеріне ассистент ретінде көмектеседі.

-   Өз мамандығы аясында медициналық кабинеттің тәртіпте ұсталуын қадағалайды, асептиктер мен антисептиктер қолдану, құрал-саймандарды тазарту ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді.

-     Қажетті есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді.

-   Орта медициналық персоналдар үшін емханада ұйымдастырылатын сабақтарға қатысу жолымен өз кәсіби біліктілігін көтереді.

-     техникалық персоналы жұмысын қадағалайды.