Назар аударыңыздар!!!
Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар!
Прокуратурада «www.115.kz»порталы жұмыс істей бастады, оған азаматтардың электрондық өтініштер беруіне болады.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында осы тектес «Call-центр» жұмыс істейді, оған «115» нөміріне телефондық байланысу арқылы жүгінуге болады.
Көрсетілген нөмір бойынша азаматтардың келесі мәселелер бойынша жүгінуіне болады:
- қылмыстар туралыөтінішті тіркеуден негізсіз бас тарту, хабарсыз жоғалған адамдыіздеу, заңсыз ұстау және қамауға алу, сондай-ақ, қылмыстық процессте азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзудың өзге де фактілері бойынша қылмыстық қудалауоргандарының әрекеттеріне;
- кәсіпкерлер құқықтарын бұзу туралы, соның ішінде заңсыз тексерулермен байланысты;
- азаматтардың еңбек құқықтарын бұзу, соның ішінде еңбекақыны төлемеумен байланысты;
- білім беру мекемелерінде жасы кәмелетке толмағандарға қатысты және олардың арасында құқыққа қарсы әрекеттердің жағдайы туралы;
- тегін медициналық көмектіңнегізделген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық көмек үшін заңсыз ақы алу фактілері туралы;
- прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлері мен жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттерге;
- прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметінің мәселелері бойынша ұсыныстар мен пікірлерді қабылдау және тіркеуге байланысты.