Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мобильді үкіметте тіркелу жөніндегі нұсқаулық

1 тәсіл. «Электрондық үкімет» порталы арқылы mgov қосылу

 

Егер Сіз «Электрондық үкімет» порталында тіркелмеген жағдайда

  1. www.egov.kz сілтемесі бойынша «Электрондық үкімет» порталы сайтынан табыңыз.

  2. Қажетті деректерді толтырыңыз (ЖСН, пароль, пошта).
  3. ЭЦҚ таңдаңыз, ұялы телефон мен тексеру кодты көрсетіңіз, оны Сіз минут ішінде аласыз. Айтпақшы, пайдаланушылық келісіммен танысуды ұмытпаңыз.
  4. Пайдаланушылық келісіммен танысқаннан кейін «ЭЦҚ-мен тіркеу» батырмасын басыңыз.
  5. Бұдан әрі алаңдарды толтырыңыз: 
  • «Пароль енгізңіз» алаң.
  • «Парольді қайта енгізіңіз» алаң.
  • «e-mail енгізіңіз» алаң 
  1. ЭЦҚ сертификатын таңдаңыз.
  2. «Ұялы телефон нөміріңізді енгізіңіз» алаңында телефон нөміріңізді енгізіңіз, бұдан әрі «Тексеру кодын алу» батырмасына басқаннан кейін кодты аласыз
  3. Тексеру кодын енгізіңіз.
  4. «Тіркеу» батырмасын басыңыз.

Егер Сіз порталда тіркелген болсаңыз, авторизациялау кезінде Сізден ұялы телефонды көрсетуіңізді сұрайды. «Нөмірді қосу» батырмасын басып, пайдаланушының кіші файлы ашылады, онда бастапқыда ЭЦҚ таңдауыңыз, одан кейін ұялы телефон нөмірі мен тексеру кодын көрсетуіңіз қажет, оны Сіз минут ішінде аласыз.   

 

2 тәсіл«еGov mobile» мобильді қосымшасы арқылы «электрондық үкіметтің» порталында тіркелу

 

«еGov mobile» мобильді қосымшасында жаңа пайдаланушыны тіркеу жеңілдетілді.

Биометриялық сәйкестендіруден өтіп, Сіз бірден мыналарды аласыз:

  • ЭЦҚ;

  • мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелу;
  • «электрондық үкіметтің» порталында (egov.kz) тіркелу.

Ол үшін:

  1. Авторизация бетінде «Тіркелу» батырмасын басу қажет;
  2. «Digital id» беті ашылады. Телефон нөмірін, SMS-тен тексеру кодын енгізу, кейін «Digital id»-де тіркелу қажет;
  3. Бейне сәйкестендіруден өтіп, «еGOV mobile»-ға жеке куәлігіңіздегі деректер мен телефон нөміріне кіруге рұқсат беріңіз.
  4. Сіз сәтті расталғаныңыздан кейін тексеру сұрақтарына жауап беріп, оларды енгізуге тиістісіз: жеке куәлігіңіздің нөмірі мен туған күніңізді, кейіннен «Жалғастыру»  батырмасын басыңыз.
  5.  «ЭЦҚ шығару» беті ашылады, электрондық поштаңыздың адресін толтырасыз және ЭЦҚ үшін парольді енгізесіз (бұл пароль ЭҮП-да ЖК-ға да пароль болады, егер бұрын ЖК-да тіркелмесеңіз), одан әрі «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.
  6. Жаңа бетте «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.
  7. Сәтті тіркелгеннен кейін қосымшаға жылдам кіру кодын орнатыңыз және Face id/touch id байланыстырыңыз.

 

толық ақпарат мына сілтеме бойынша 

https://egov.kz/cms/kk/articles/registration_instruction