Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Адал Ұрпақ

«БЕКІТЕМІН»

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)Павлодар облысы бойынша Департамент басшысының бірінші орынбасары

    ________________ А. Балгожин

    2022жылғы«___» ______________

«БЕКІТЕМІН»

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

«Павлодар қаласының  №5 жалпы орта білім беру мектебі» КММ-нің басшысы м.а.

__________А.А.Каукенов

2022 жылғы«___» ______________

Білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша

«Адал ұрпақ» клубының 2022 жылға арналған

КЕШЕНДІ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Атауы

Ұсынымдар

Мақсатты, топ

Мерзімі

1

2

3

4

5

Iбөлім. Ұйымдастырушылық-дайындық іс-шаралары

1

«Адал ұрпақ» клубының қызметін ұйымдастыру

«Адал ұрпақ» клубтары «Жас Ұлан»ББЖҰ» РҚБ мектеп комитетіжанынан«Жеті жарғы» бағыты бойынша құрылады

1-11 сынып оқушылары

Қаңтар

2

«Адал ұрпақ» клубының мектепішілік жұмыс жоспарын әзірлеу және бекіту

Мектепішілік жоспарда осы кешенді жоспарға негізделген нақтыланған күнделікті және апталық іс-шаралар болуы керек

1-11 сынып оқушылары

Қаңтар

3

 Тұрақты жаңартылатын «Парасатты азамат» бұрышын дайындау

Бұрыштардың басты мақсаты – азаматтық белсенділікті, отансүйгіштікті, адамның құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін құрметтеуді, адамгершілік сезімдері мен этикалық сана-сезімін, сыбайлас жемқорлықтан бас тарту мәдениетін, еңбексүйгіштікті, оқуға, еңбекке және өмірге шығармашылық қатынасты тәрбиелеу

1-11 сынып оқушылары

Қаңтар

4

Сынып сағаттарының тақырыптық жоспарларына оқушылардыңадалдық және құқықтық мәдениетін арттыруға арналған сұрақтарды қосу

Ар-намыс, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділеттілік және т.б сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет

1-4 сынып оқушылары («Жас Қыран» кіші буыны)

Қаңтар

5

Білім беру ұйымдарының сайтында«Адал ұрпақ»

 клубтарының қызметітуралы рубрика ашу

Клубтың қызметі туралы ақпаратты жариялау

1-11 сынып оқушылары

Қаңтар, ақпан

6

Әлеуметтік желілерде @jasulan_kzпарақшасында #adalurpak хэштегімен рубрикажүргізу

Клуб қызметі туралы онлайн ақпаратты жариялау

5-11 сынып оқушылары

Ақпан, наурыз

7

Мектеп оқушылары мен ата-аналарына арналған ақпараттық буклеттер, брошюралар мен жаднамалар әзірлеу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет жөнінде ақпарат тәсілі ретінде жаднамаларды әзірлеу

7-11 сынып оқушылары

Сәуір

IIбөлім. Ата-аналармен жұмыс

8

Ата-аналар жиналысын өткізу

Кездесу барысында отбасының құқықтық тәрбиедегі және құқық бұзушылықтардан, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтан бас тарту мәдениетін қалыптастырудағы рөлін ашу

1-11 сынып оқушылары

Мамыр,қыркүйек

9

Оқушылар мен ата-аналарға арналған WhatsApp чаттарында үнемі тәрбиелік видеоларжәне онлайн-жобаларға сілтемелер орналастыру

Ата-аналарға балалардың бойында құқықты, заңды, тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу бойынша тәжірибелік кеңестер беру

8-11 сынып оқушылары

Жыл бойы

IIIбөлім. Білім беру мекемесі қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету

10

Білім беру мекемесі директорының балаларды және ата-аналарды жеке қабылдауын ұйымдастыру

Құқықтық білім берудегі үшжақты жұмысты талқылау

1-11 сынып оқушылары

Жыл бойы

11

Республикалық телеграм арнасының қызметі туралы жариялау

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша балалар мен ата-аналарғакеңесберу

1-11 сынып оқушылары

Жыл бойы

IVбөлім. Жыл сайын өткізілетін іс-шаралар

12

«Қазақстан – құқықтық мемлекет»айлығы

Айлық аясында жасұландықтар қатарынан клуб жетекшісін тағайындау жүргізіледі.

Сондай-қ, осы тақырып бойынша басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады

1-11 сынып оқушылары

Қазан

13

Сынып сағаттарын ұйымдастыру және өткізу

Сынып сағаттары парасаттылық пен академиялық адалдық мәселелеріне арналады

1-11 сынып оқушылары

Жыл бойы

14

«Сенім жәшіктері» жобасын іске қосу

Балалар мен ата-аналардың жазбаша өтініштерін жедел қабылдауды, есепке алуды және қарастыруды қамтамасыз ету

1-11 сынып оқушылары

Жыл бойы

15

«Адалұрпақ» клубының қалалық/аудандық жиналысы

Клуб мүшелерінің қорытынды кездесулері, жұмыс жоспарын талқылау

5-11 сынып оқушылары

Наурыз, мамыр,қыркүйек,желтоқсан

16

«Адал ұрпақ» клубы мүшелерінің Агенттік қызметкерлерімен кездесулері

Кездесулер барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық идеологиясын ілгерілету талқыланады

5-11 сынып оқушылары

Қыркүйек

17

«Адалдық сағаты» онлайн-дәрістер өткізу

Агенттік дайындаған бейнероликтерді интернет-ресурстарда, оқушылар мен ата-аналар арасындағыWhatsApp чаттарында, әлеуметтік желілердежәне т.б.орналастыру және тарату

5-11 сынып оқушылары

Тұрақты

18

«Әкімге жүз сұрақ» акциясын өткізу

Акцияның мәні – әкім (қала, аудан) мен мектеп оқушыларымен сұрақ-жауап форматында адалөмір салтына ынталандыру мақсатында диалогқұру болып табылады

1-11 сынып оқушылары

Қазан

19

Жоғарғы сынып оқушылары және студенттермен құқықтық шеберлік мектебін өткізу

Мектеп оқушыларының өзара іс-қимылдың арттыру және адалдық мәдениетінің тұтастығын қалыптастыру мақсатында «Sanaly urpaq» студенттік клубтарының белсенді өкілдері атынан мектеп оқушылары үшін тренингтер ұйымдастыру

1-11 сынып оқушылары

Қараша

20

Мектеп оқушылары мен студенттер арасында «Өз-өзіне қорғаушы» құқығы бойынша іскерлік ойынын өткізу

1-11 сынып оқушылары

Желтоқсан

21

«Адал ұрпақ» клубының қорытынды жиналыстары

Клуб мүшелерінің қорытынды отырыстары, жұмыс жоспарын талқылау

5-11 сынып оқушылары

Мамыр, желтоқсан

 

 

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ: «ТУРАЛЫҚТЫ

ТҰҒЫР ЕТКЕН ТӨЛЕ БИ»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағаты» қазақ халқының шешендік өнеріне, ел бірлігін нығайтуға орасан үлес қосқан ойшыл, дана, туралығын айтар шешен Төле би бабамыздың жас ұрпаққа өнеге болар ғибратты ғұмыры мен өсиеттеріне, даналығы мен жеке қасиеттеріне арналды.

«Туралықты тұғыр еткен Төле би»тақырыбындағы онлайн-бейнедәріс барысында жастар Төле бидің осынша тарихи биік тұлға дәрежесіне жетуіне себеп болған тұлғалық қасиеттерімен танысты.

Соның негізгілері: ел мұратына деген кіршіксіз адалдық, билік айтардағы қара қылды қақ жарған әділдігі, ақиқатты ту етіп көтеруі.

Төле бидің өмірлік ұстанымындай болған «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөзі адалдық пен парасаттылықтың, әділдік пен туралықтың биік өлшемі. Нақты осы қасиеттері бүгінгі өскелең жас ұрпақ үшін – таптырмас өнеге.

Төле бидің өмірі дүниеге жаңа қадам басқан жастардан бастап, ересек тұлғаларға дейін рухани ұстаным бола алады.

Заманын болжай білген Төле би «Алдыңа келсе бітпес дау, әділін айтып қорғаңыз» деп әділдікті ең басты құндылық ретінде ұстанады.

Сондықтан да бабамыздың әрбір сөзі тәрбиелік мәні зор адамгершіліктің алтын қоймасы іспеттес.

Төле би әр істе ұятты ұмытпауға шақырады. Жаман қасиеттерден алшақ болуға, еңбексүйгіштікке үндейді: «Жас адамға басты кесір – еріншектік, ортаншы кесір – ұйқышылдық, кенже кесір – тілазарлық» деп жағымсыз қасиеттерден сақтандырады.

Төле би бабамыздың ізгі әрекеттері мен биік болмысы, даналығы мен тапқырлығы, қара қылды қақ жарып айтар туралығы, әділ шешімі мен билік кесімдері елге қызмет етемін деген әрбір азаматқа үлгі болуы тиіс.

Дана бидің ұрпағына аманат еткен асыл сөздері нағыз ақиқат пен парасаттылықтың ұшқыны ретінде «Мәңгілік ел» идеясымен ұштасып жатқандай.

Естеріңізге сала кетсек, Агенттікпен жастар арасында парасаттылық пен патриоттық сезімді нығайту мақсатында, әр апта сайын атақты тұлғалар мен Қазақстанның жас көшбасшыларының еңбегі мен өмір жолына негізделген онлайн «Адалдық сағаттары» өткізілуде.

Бейне-дәріске сілтеме:

https://youtu.be/oco0qFCBJDo