Құстардың пәтерлері
1 наурыздан бастап біздің мектепте «Көктемгі торғайлар ұясы» атты акциясы басталды. Балалар ата-аналарымен бірге құстарға арналған пәтерлер жасайды. Бірінші тур – мектепішілік. Бірінші турдың нәтижесі бойынша ең күшті деген жұмыстар қалалық сайысқа іріктеледі. Сенбі күні жас Жасқырандықтар сынып жетекшілері мен ата-аналарымен бірге мектеп аумағына шығып ағаштардағы құстардың пәтерлерін бекітті. Аталған іс-шара біздің балалардың көңіл күйлерін көтерді.