Сенім телефоны
87786331704
email: sosh18@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Я. Геринг к, 79
8 7182 515908, 8 7182 516131
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бергузинова Г.Ж. - сәрсенбі 15.00 сағ. 17.00 сағ.
Бір жылда2222446
Бір айда73768
Бір аптада19820
Кеше1569
Тәулік2792
Лауазымдық нұсқаулық

Лауазымдық нұсқаулық

Павлодар қаласының № 18 жалпы білім беретін орта мектебі " КММ директоры»

 

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР.

1.1. Мектеп директоры білім бөлімі бастығының бұйрығымен тікелей бағынады, лауазымға тағайындалады және атқаратын лауазымынан босатылады.

1.2. Мектеп директоры тікелей білім бөлімінің бастығына бағынады және одан бұйрықтар мен өкімдер алады.

1.3. Директор өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын, педагогика және психология негіздерін басшылыққа алады.

1.4. Мектептің диреткоры лауазымына жоғары педагогикалық білімі бар, білім беру ұйымдарында кемінде 5 жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар адамдар тағайындалады, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымында кемінде бір жыл өтілі болады; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, кемінде бес жыл педагогикалық өтілі бар ЖОО оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру жүйесінің әдіскерлерін қоспағанда).

2. Міндеттері.

2.1. Мекеме жарғыларына сәйкес білім беру ұйымдары қызметінің барлық түрлеріне басшылық жасайды.

2.2. Оқу орнының кеңесімен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің күнтізбелік кестелерін, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады.

2.3 білім беру ұйымы қызметкерлерінің басқару құрылымын, штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді.

2.4. Білім беру қызметінің Құқықтану лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.

2.5. Мұғалімдер (педагогикалық) ұйымдары мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне жәрдемдеседі.

2.6. Қоғамдық тамақтандыру ұйымдары мен медициналық ұйымдардың оқу орнында жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді, білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында олардың жұмысына бақылау жасайды.

2.7.Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.

 

2.8.Ұйымның мүлкі мен қаражатына иелік етеді, құрылтайшылардың қаржы және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады.

2.9.Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек) қорғайды, оларға туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдайды.

2.10. Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды белгіленген нормалардан төмен емес ұстау және тұру жағдайларын қамтамасыз етеді.

2.11. Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі, санитарлық-гигиеналық режим, күзет және қауіпсіздік техникасы қағидаларының сақталуына жауап береді.

2.12. Әкімшілік пен еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық шарттың орындалуын қамтамасыз етеді.

2.13. Тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізеді.

2.14.Педагог кадрларды және көмекші персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, еңбек туралы заңнамаға, ішкі тәртіп қағидаларына,біліктілік сипаттамаларына сәйкес қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

2.15. Педагогикалық кеңесті басқарады. Еңбекте ерекше көзге түскен мұғалімдерді және білім беру ұйымының басқа да қызметкерлерін көтермелеуге және марапаттауға ұсынады, өз құзыреті шегінде жаза қолданады.

2.16. Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді)

3.ҚҰҚЫҚ

 

Мектеп директорының құқығы бар:

3.1. Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен алуға құқылы.