Сенім телефоны
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
Бізде қонақта Винни – Пух. Естияр топтарына арналған күзгі мереке

Жүргізуші: Жайдары күз, жарқын күз.

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ен далам,

Дариядай шалқып жүр.

Мейірлі күз, мырза күз,

Сыйлығыңа ырзамыз.

Аппай арай таңыңда,

Шомыламыз нұрға біз.

 

1 бала: Сары ала тон жамылған,

Күз атамыз секілді.

Қойны толы дәмді нан,

Тәттісі көп не түрлі.

 

4 бала: Санай бер,

Қарай бер.

Бояуы жүз,

Келді күз.

2 бала: Жел тынымсыз гуілдеп,

Болып кетті тым бұзық.

Шуылдайды тал, терек.

Жапырағын жұлғызып

5 бала. Күншуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

 

3 бала: Сарғайды тоғай,

Сап – сары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кеті қайтып.

 

6 бала: Алтын, сары, қызыл көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

 

Би «Жапырақтармен би билеу»

 

7 бала: Әй, алақай тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап!

 

9 бала: Күз келіпті көңілсіз,

Десек те, десек те.

Күздің берер жемісі,

Есепте, есепте.

10 бала: Күз келіпті көңілсіз,

Десек те, десек те.

Бау – бақшаның берері,

Есепте, есепте.

 

 

Ойын «Жапырақтарды жина»

 

(музыкамен Винни-Пух пен Торай кіреді)

 

Винни-Пух: Тораймен біз қайда барамыз,

Бұл бір үлкен құпия.

Ол туралы айтпаймыз ба?

 

Бірге: Жоқ! Жоқ! Жоқ!

 

Винни: Иә! Торайжан, сен шарларды алдың ба?

 

Торай: Ұмытып кетіппін.

 

Винни: Алып келші!

 

Торай: Қазір, Винни!

(шығып кетіп, шарларды әкеледі)

 

Винни: Тораймен біз қайда барамыз,

Бұл бір үлкен құпия.

Ол туралы айтпаймыз ба?

 

Бірге: Жоқ! Жоқ! Жоқ!

 

Торай: Иә ма?

 

Винни: Жоқ.

 

Бірге: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Күзгі мерекемен құттықтаймын!

 

Торай: (Жүргізушіге шарларды береді) Бұл шарлар сізге!

 

Жүргізуші: мерекеге тон киіп,

Винни – пухте келді.

Торай  досы тағы бар,

Танауы, құйрығы, құлағы да бар.

Кәне, Винни – пух айтшы, сен бәрінен бұрын нені жақсы көресің?

 

Винни: мен балды жақсы көремін. Түнде ылғи түсіме кіреді. Сап – сары алтындай бал бүгін де түсіме кірді. Бірақ жей алмай аузым құр қалды.

 

Жүргізуші: Бақшада араның үйі бар. Оны омарта дейді.

 

Торай: Онда кім тұрады? Тәтті гном ба? 

 

Жүргізуші: Жоқ, онда аралар тұрады.

 

Би «Аралар биі»

 

Ойын «Аю мен аралар»

 

(залға Қоян жүгіріп кіреді )

 

Қоян: Егіс жинайтын уақыт болды, біз болсақ түк  істемей отырмыз!

 

Жүргізуші: Сабыр ет, қоянжан! Амансың ба? Біз саған егіс жинауға көмектесеміз. Сен одан да оларды қалай өсірдің, соны айтып берші?

 

Қоян: Менімен бірге көктемде көжектерім  бақшаға барып тұқымдарды екті.

 

Би «Көжектер биі»

 

Қоян: Сосын жаңбырды шақырдық.

 

Көжектер: Жаңбыр – жаңбыр жау – жау,

Арық суы мол болсын.

Өсімдіктер көп болсын,

Жауған жерің шөп болсын.

 

Жүргізуші: Күн шығып тұрғанда, жүгіріп асыр салып ойнаған  қандай қызық. Бұлт шығып жаңбыр – жауса, қолшатырдың астына тығыламыз.

 

Ойын «Күн мен жаңбыр»

 

Қоян: біздің бақшада жұмбақ заттар көп өсіп шығыпты.

(себеттен  көкөністерді алып шығып, жүйекке қояды)

 

Жұмбақтар

 

1.     Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім.

Жаңбыр одан өтпейді.

Түймелеуге жетпейді.      (Орамжапырақ)

 

2.     Мұртшасынан  тартсақ біз,

Жұлынады  .... (сәбіз)

 

3.     Көп киімді ұнатады,

Пышақпен турасаң жылатады.  (Пияз)

 

4.     Өзі домалақ қып-қызыл –ақ,

Аты оның ....  (қызанақ)

 

5.     Ата мен әже тартқан,

Аты оның ....  (шалқан)  

 

Торайжан, сен біздің бақшаны күзете тұршы, ешкімді кіргізбе! Ал біз Виннимен демалып келейік.

 

(Үйшікке кіріп кетеді)

 

(Торай мылтықпен бақшаның айналасында жүреді. Шетке кете салысымен Әтеш пен Тауық балапандарымен жүгіріп шығады)

 

Тауық: Бақшаға тауық кірсе,

Балапандарын ертсе.

Алдында әтеш жүрсе,

Басын әдемі исе.

 

Әтеш: Міне салат достарым,

Жесеңдер балапандарым.

Қиярларың тағы бар,

Жесеңдер оны да ала бар.

 

Ән «Балапандар»

 

1.     Тауық шықты қыдырып,

Таза шөпті жұлып.

Артынан балалары,

Сары балапандары.

 

2.     Қыт – қыт – қыт, қыт – қыт – қыт,

Алысқа бармаңдар.

Аяқпен іздеп жүріп.

Дәндерді табыңдар

 

3.     Жуан қоңызды жеп ап,

Жауын құртын табамыз.

Тегене толған судың,

Барлығын ішеміз.

 

(Торай Тауықты балапандарымен қуып жібереді )

 

(Қоян шығады)

 

Қоян: Түу, осы тауық па балапандарымен! Жарайсың Торайжан, егісті сақтадың. Енді Винни – Пух сен күзетесің.

 

(Қоян мен Торай демалады, Винни – Пух қалғиды, бақшаға 2 қарға келеді.)

 

Жүргізуші: Қараңдаршы, бақшаға, 2 қарға келіп қонды.Ұшып келіп қарқылдай бастады.

 

1 қарға; Қар,қар,қар!  - 2 рет   

              Әй қарғалар, келіңдер мұнда!

               Көкөністерді шоқимыз,

               Шоқып, шоқып жейміз!

 

    (Винни Пух тұрады және қарғаларды қуады.)

 

Қоян: Бізге бәрімізге көкөніс керек.

 

                               Хоровод      «Бақша»

 

                                Ойын   «Егіс»

 

 

Қоян; (Үлкен табақта орамжапырақ алып шығады)

            Құрметті қонақтарды қарсы аламыз !

            Бәрін бөліп үлестіреміз!

 

Винни – пух: Көкөністі  жеу керек,

Дәрумен көп болады.

 

Торай: Бұл тәтті орамжапырақты жеп қоямын!

 

Қоян: Ұялмаңдар, дәм татыңдар! Ас болсын!

 

(сыйлық таратады)

 

 

 

 

Әндер:

Күз

Балапандар

Бақша – шеңберде

 

Билер:

Жапырақтармен би

Қояндар

Бақша

Аралар биі

 

 

Ойындар:

Аю мен аралар

Күн мен жаңбыр

Егіс

Жапырақтарды жина

 

 

Керек:

 

 

 Шар, көкністер: орамжапырақ, картоп, сәбіз, пияз, қияр, қызанақ, шалқан – жүйек

 

Үй, 2 жүк машинасы, орамжапырақ үлкен – сыйлыққа