Сенім телефоны
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
Күз ханшайымы. Мырзаханова Г.Р.

Күз ханшайымы

 

Әділ – қазылар: ұлдардың аналары

 

1 конкурс – костюмдердің презентациясы (өздерінің киіп келген костюмдерін қорғайды)

2 конкурс – әдеби конкурс (мәнерлеп тақпақ айтады, не өлең айтуға болады)

3 конкурс – ойын сайысы (ұлдармен ойын ойнады)

4 конкурс – шығармашылық сайысы (күзгі портрет не пейзаж суретін қорғайды)

5 конкурс – шляпалар сайысы

 

         Музыка ойналады

 

Қайырлы күн достар! Бүгінгі күнде күздің соңғы сиқырлы сәтін көруге, күзгі гүлдердің керемет жұпарын, жиналған жемістердің айқын да сиқырлы сұлулығын, әрине күзге тән ойшыл және сонымен қатар қуанышты көңіл күй сыйлау үшін шақырамыз.

Армысыздар ағайын, құрбы – құрдас,

Бармысыздар жан күйер, әз қауымдас.

Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық

Сайыста көңілменен қол соғайық! – дей келе, құрметті көрермендер бүгінгі дәстүрлі Күзгі бал кешіне қош келдіңіздер!Алтын күздің ажарын ашатын балаларымызды ортаға шақырайық.

    (балалар ортаға шығады, жапырақтармен би билейді, билеп болған соң орындарына отырады, жапырақтарды орындық астына қояды)

 

«Көңіл ашар» күйі ойнап тұрады

Жүргізуші:  Біздерде ойын сауық басталады,

Тамаша күй тартылып ән салады.

Қошеметтеп қол соғып отыралық,

Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды!!!

Құрметті қонақтар мен балалар! Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Күзгі бал» сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» іріктеп шығару.Күз ханшайымы сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысымызда 5 конкурс өтеді.

1 конкурс – костюмдердің презентациясы (өздерінің киіп келген костюмдерін қорғайды)

2 конкурс – әдеби конкурс (мәнерлеп тақпақ айтады, не өлең айтуға болады)

3 конкурс – ойын сайысы (ұлдармен ойын ойнады)

4 конкурс – шығармашылық сайысы ( күзгі портрет не пейзаж суретін қорғайды)

5 конкурс – шляпалар сайысы

Жүргізуші: Әділ – қазы береді,

Өздеріңе сыйлықты.

Бізге айтып береді,

Кім өнерші, кім мықты? – деп, әділ – қазы алқасымен таныстырып өтейік.

1. Коцур Елена Геннадьевна – балабақша басшысы

2. Плюта Елена Евгеньевна – балабақша әдіскері

3. Абильмажинова Сауле – ата -ана

4.                        Жанаргүл – ата - ана

5.                          Алия – ата-ана

 

Жүргізуші: Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,

Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.

Жан сұлуымен тән сұлуын тепе – тең ғып,

Еріксіз өзімізге қаратармыз - дей отырып ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз.  («Хафиз» күйі  ойнап тұрады)

1 конкурс – сән үлгісі (костюмдердің презентациясы)

Сол жақтағы 1 жұп: Кабдыкалыков Данияр мен Аубакирова Айзере

Айзере ханшайымымыз өз сән көйлегін атап кетсін.

2 жұп: Шугуров Руслан мен Бахтиярова Айлин

Айлин ханшайымымыз өз сән көйлегін атап кетсін.

3 жұп: Катьетов Нурислам мен Мергалымова Ясмина

Ясмина ханшайымымыз өз сән көйлегін атап кетсін.

4 жұп: Бәкір Әлімхан мен Қаракесекова Азалия

Азалия ханшайымымыз өз сән көйлегін атап кетсін

5 жұп: Исаин Батырлан мен Амангельдинова Даяна

Даяна ханшайымымыз өз сән көйлегін атап кетсін

6 жұп: Бейсембаев Мадияр мен Салаханова Дария

ДАРИЯ ханшайымымыз өз сән көйлегін атап кетсін

7 жұп: Қабидолла Батырхан мен Нығманова Аружан

Аружан ханшайымымыз өз сән көйлегін атап кетсін

Оң жақтағы 1 жұп: Абильмажинов Аңсар мен Ержан Айлин

Айлин ханшайымымыз өз сән көйлегін атап кетсін

2 жұп: Қайртас Айсұлтан мен Агынтаева Адия

Адия ханшайымымыз өз сән көйлегін атап кетсін

3 жұп: Конкаев Асанали мен Капасова Дария

Дария ханшайымымыз өз сән көйлегін атап кетсін

4 жұп: Жаксылыков Рифат пен Құсаин Аиша

Аиша ханшайымымыз өз сән көйлегін атап кетсін

5 жұп: Ықсан Әли мен Мереке Ақбота

Ақбота ханшайымымыз өз сән көйлегін атап кетсін

6 жұп: Қанат Рауан мен Манабай Аяжан

Аяжан ханшайымымыз өз сән көйлегін атап кетсін

 

Әділ - қазылар алқасы бұл конкурсқа өз әділ бағаларын бергенше балалардың орындауында

                         «Күз тамаша» әнін тыңдаңыздар

 

Жүргізуші: Келесі конкурсымыз Әдеби конкурс деп аталады. Ендеше жұптарымыз ортаға  4-4-тен шығып өздерінің әдеби жанрындағы өнерлерін ортаға салсын.

 

«Көңіл толқыны» күйі ойнап тұрады

 

 

 

 

 

1 жұп:

Айзере: Думан толы асқарлы,
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.
Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді.
Жарқыраған сәулелі,
Күз әуені төгілді.

Данияр:

Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды,

Қыс келеді жар салып

Күзгі суық басталды.

 

2 жұп:

Б.Айлин:

Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.
Жеміс - жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
Қызу жұмыс басталып,
Жинап алды жан салып.

Руслан:

Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.

 

3 жұп:

Ясмина:

Жұлдыз туып таң алды,
Әнге орап ғаламды,
Сазды әуен шаттыққа
Бөледі бар адамды.

Жатпайды күзде көл тұнып,
Шаң баспайды ауаны.
Екілене жел тұрып,
Төпеп жаңбыр жауады.

Нурислам:

Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

 

4 жұп:

Азалия:

Жердің көркі қашады,
Таулардан бұлт асады.
Қайтып күннің қызуы,
Шөпті қырау басады.
Мүлгиді сай - саламыз,
Біздің жомарт даламыз.
Дәнін жинап алған соң,
Жатыр үнсіз сары аңыз
Ызғарлы жел қатайды
- Мұны күз деп атайды.

Әлімхан:

Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан,
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.
Соңғы шуақ төгіліп,
Жалқынданып тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап.

          

5 жұп:

Даяна:

Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

Қуандырып біздерді
Кел жемісті алтын күз
Өлкемізге күз келді
Кемелденсін халқымыз.

 

Батырлан:

Көптен күткен күз келді
Жеміс жидек піседі
Жапырақтар сарғайып
Ағаштардан түседі

Көбейді құт береке
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.

 

                                                                                                  

6 жұп:

С.Дария:

Алақай! Алақай!

Шаттанды балақай!

Күз түсті, дән пісті.

Айтамыз алғысты.

Қамба толды астыққа

Алғыс саған алтын күз.

Бір уыс дән шаштық та,

Қап - қап қауын алдық біз.

Мадияр:

Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан, алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап

 

7 жұп:

Аружан:

Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз.

Жиып - теріп болған соң,

 Той жасайды халқымыз.

Күзде дала жаурайды,

 Көкте бұлттар аунайды.

Бұтағынан үзіліп,

Жапырақтар саулайды.

Батырхан:

Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық

 Би билейік, ойнайық.

 

8 жұп:

Е.Айлин:

Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін.

Жел тынымсыз гуілдеп,

Болып кетті тым бұзық.

Шуылдайды тал, терек,

Жапырағын жұлғызып.

Аңсар:

Алқаптан бидайды

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген,

Ұнатамын күзді мен.
 

9 жұп:

Адия:

Күздің қазан айында

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр - сыбдыр етеді.
Жеміс мол теретін

Күз дос екен бізбенен

 Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Айсұлтан:

Көрініп еліме

Күндері мереке.

Келді ғой жеріме

Күз дейтін мереке.
 

 

10 жұп:

К.Дария:

Сарғайды тоғай,

Сап-сары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

Жапырақ ұшты,

Суық та түсті.

 Сонда да бізге,

Қызық көп күзде.

Асанали:

Сап - сары ғып даланы,

Бояпты ғой күз деген.

 Құстар қанат қағады,

Қоштасқандай бізбенен.

 

11 жұп:

Аиша:

Жайдары күз,жомарт күз,

Аяулы күз,алтын күз.

Дәнге толы кең далам

Дариядай шалқып жүр.

Сары ала тон жамылған,

Күз атамыз секілді.

Қойны толы дәмді нан

Тәттісі көп не түрлі.

Рифат:

Шөп сарғайып,

Ағаш қурап,

Гүлдер де солады.

 Жаңбыр жауып, жел соғады.

Бұзылады табиғат.
 

 

12 жұп:

Ақбота:

Жаздай күткен бәріміз,

 Сары алтын,сары күз,
  Көк аспаның мөлдіреп,

Алтын күнім елжіреп.  

Аспанды сұрғылт бұлт, 
Жан-жақтан жабады. 
Күнбірте суытып, 
Жауын көп жауады. 

 

Әли:

Көбейді құт-береке 
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.

 

 

 


13 жұп:

Аяжан:

Қарсы алайық бәріміз,
 Жасымыз бен кәріміз.
 Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
 Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Рауан:

Сәлем менің достарым,
 Өмірге көп қосқаным,
 Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
 Молшылыққа кенеліп,

Шаттық әнге салыңдар.

 

Осымен 2 конкурс мәресіне жетті, әділ-қазылар алқасы өз бағаларын бергенше «Шалқып, тасып әніміз,

 Жадырасын жанымыз.

Бүгінгі күз кешінде

Би билейік бәріміз» демекші қыздардың орындауында «Қолшатыр» биін қабыл алыңыздар

 

ЖҮРГІЗУШІ: Келесі 3 конкурсымыз Ойын сайысы деп аталады. Қазір ойын ойнап сергіп дем алатын кез келді.  «Көрғұлы» күйі ойнап тұрады

Ойын: «Түрлі түсті көкөністер мен жемістер» (түстерге байланысты жемістер мен көкөністерді атайды)

Ойын: «Ағашта, жерде» (аталған жемістер мен көкөністердің қайда өсетінін анықтау, жерде өссе отырады, ағашта өссе тұрады)

 

Ойын барысында әділ-қазылар алқасы балалардың қалай ойнап шеберлік және тапқырлық танытқандарын байқады, сондықтан соған сай әділ бағаларын береді деген үміттеміз.

                        

Жүргізуші: Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,

Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң портрет,

Өнеріңді көрсетші балаларым, қанекей,

Жұптарға сөз берелік біз жекелеп, дей келе «Өнерің өрге жүзсін» сайысын бастаймыз! Келесі сайысымыз 4 конкурс – шығармашылық сайысы (күзгі портрет не пейзаж суретін қорғайды)

Жұптар шығып әділ-қазыларға өз суреттерін көрсетеді, атап өтеді.

 

Ұлдардың орындауында  «Джентельмендер» биін қабыл алыңыздар

 

Жүргізуші: Модельер болу оңай ма?

 Қиналып жатсаң мұңайма.

Әр мамандық өзгеше,

Өз мәнінде, шырайда, - деп келесі кезекте «Сән үлгісі» Шляпалар сайысы. Бұл сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек, сайыскерлеріміз күз байлығын көрсету мақсатында үйден түрлі күзгі шляпалар дайындап келуі тиіс еді. Табиғи материалдар пайдалануына да болады. Әр жұп дайындаған шляпаларын киіп мода көрсетеді. Бұл соңғы шешуші сайыс болып саналады.

5 конкурс – шляпалар сайысы (қыздар киіп жұптасып дефиле жасап өтеді)

«Миллион қыз» әні орындалады

 

Әділ-қазылар алқасы қорытынды есебін шығарғанша балалардың орындауында «Алтын күз» әнін тамашалайық. Күзге арналған алғысымызды осындай тамаша әнмен білдірейік.

 

Жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегім,

Қатысу да бір жеңіс, жаң болсаң сен ұғатын.

«Күзгі бал» байқауын қорытындылау үшін әділ қазылар алқасына аз ғана уақыт береміз! Ендігі кезек әділ қазыларда!

Ең бастысы жоғарыда айтып кеткенімдей біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Күзгі бал» сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» іріктеп шығару. Олай болса олар да анықталды.

3 орын иегерлері –

2 орын иегерлері –

1 орын иегерлері -

«Күз ханзадасы»: «Күз ханшайымы»: .........................................................................................

Қалған жұптар бүгінгі Күзгі бал сайысының лауреаттары болып саналады, ендеше олар да дипломдармен марапатталады.