«Шабытқа толы таң»
7 сәуір күні біздің ерекше талантты, оқу озаты 10 сынып оқушысы Левадная Ясмина және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асимгуль Маратовна Омарова Ертіс арнасының “Жаңа күн” бағдарламасының қонақтары болып тікелей эфирге шықты.
Ясмина өте әдемі сурет салады және түрлі байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Эфир барысында өзінің сүйікті техникасы туралы айтып, шабытын қайдан алатынымен бөлісті, тіпті шығармашылық жұмысынан салған туындыларын да көрсетті.
Бізде осындай дарынды оқушылардың оқып жүргеніне қуаныштымыз!