Телефон доверия
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Адрес: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
Жобалау әдісінің тиімділігі С.Р.Рахимбаева

Қазіргі қарыштап тұрған заманда жобалау әдісі өте қажет. Ол балалармен  жұмыс істегенде де, педагогтармен жұмыс жасағанда да әрбір жүргізілетін жұмысты жоспарлап, алға мақсат қойып, сол мақсатқа кезең – кезеңмен жетудегі көмегі мол. 

          Жобалау кезінде мектеп жасына дейінгі баланың рөлі өзгереді. 

          Жоба кезінде мектеп жасына  дейінгі  бала  оқыту субьектісіне айналады. Іс  -әрекет мақсатын тәрбиешімен бірге бала өзі анықтайды.  Сонымен бірге бала тапсырманы орындау кезінде, өзіне жүктелген жауапкершілікті сезіп, тапсырманы  орындайды. Және де соған уақытын бөліп пайдалана біледі. Сонымен қатар,

Бала – өзі танысқан жаңа затты, іс –тәжірибе түрінде де қолдана білулері керек. Іс – тәжірибе баланың ойлау қабілетін дамытады.

Балаға табиғаттың негізгі ерекшеліктерін, әр жыл мезгіліне байланысты қоршаған ортада, өсімдіктер мен жануарлар әлемінде болып жататын сан алуан өзгерістер мен құбылыстарды көрсету, сезіндіру, байқату барысында баланы дамыту мақсаты көзделеді.

Баланың қоршаған ортадан, табиғат құбылыстарынан алатын білімі, меңгеретін дағдысы өте зор.

Жоба тақырыбы өмірмен тығыз байланысты болу керек.

Балалардың өздері жасап көрген іс- тәжірибелері келешектегі өмірлеріне қажет болулары да мүмкін. Балаға табиғаттың негізгі ерекшеліктерін, әр жыл мезгіліне байланысты қоршаған ортада, өсімдіктер мен жануарлар әлемінде болып жататын сан алуан  өзгерістер мен құбылыстарды көрсету, сезіндіру, байқату барысында баланы дамыту мақсаты көзделеді.

         Бала шағын жобалау іс –әрекеттер арқасында табиғаттағы – бұл тек «жұлуға болмайды», «ластауға болмайды», - жалаң ұран, үндеу тастау және тәртіпке шақыру ғана емес, сонымен бірге не себепті олай етуге болмайтындығы  түсіндірумен қатар – бала -  жобалар арқылы оны сезініп, ұғынып алу арқылы жүзеге асыру. Сол себепті қарапайым түсініктерді меңгерте отырып – баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты.

       Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиға нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат кезінде күнтізбесіндегі ауа –рай жағдайына бақылау нәтижелерін айта білуі, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.

     Сонымен, осы тақырыпты алған себебім, балалармен шағын жобалар жасау. Балалар және ата –аналар болып бірігіп, жүйелі жұмыстар жүргізу көзделді. Шағын жобалар –  арқылы бала өз көзімен көріп, қолымен ұстап, жасауы, сезіну қатар жүретін іс- әрекет түрі.  Ол  өз- өзін қызықтырған сұраққа жауап таба алмайды, оған тәрбиеші көмек береді.  Бала - шағын жобаларды орындау кезінде тәрбиеші сырттай бақылау, кеңес беру, сараптау, аз ұсыныстар беру және бала жұмыстарын бағдарлап отыру. Сонда ғана  балалар өз істеріне жауапкершілікті сезінеді. Өз орындаған ісіне есеп береді.

      Табиғатқа деген ізгілік қатынастарды қалыптастырып, адамгершілік сезімдерін ояту және тәрбиелеу.

       Қазіргі  таңда баланы жеке тұлға ретінде қалыптастырудағы бастапқы мақсат ұлттық рухы жоғары, өз Отанын, туған жерін сүйе білетін азамат тәрбиелеу болып отыр.

        Туған өлкенің табиғаты- өте қуатты бұлақ, осы бұлақтан бала білім мен әсерді сусындайды. Қоршаған өлі және тірі табиғаттың обьектілеріне деген қызығушылық өте ерте оянады.

Келешекте балалар кім болса да, олар қоршаған ортада өз рөлін біліп, табиғат заңдылықтары бойынша өз түсініктері болу керек.

        Шығыс данасы Конфуций былай деген: « Маған айтсаң, ұмытып қаламын. Көрсетсең, есімде қалады. Ал өзім істесем, үйреніп аламын.»

        Яғни, баланың ынтасын жетелеу, қызығушылығын ояту арқылы оқыту, үйрету көрнекілікпен көрсету, оны практикада  өз бетімен қолдана білу қажет деген сөз. Сонда ғана бала көріп, естіп, өзі істеген нәрсені санасына ұзақ және әрі берік меңгеріп алады.

        Балалар өте байқағыш болып келеді: орман соқпағындағы еңбекқор құмырсқаны, қалың шөп арасындағы кішкентай өрмекшіні де байқап қалады.

         Балалардың назарын табиғаттың әр маусымы сайын болатын өзгерістерді, бояулардың ашықтығы, дыбыстардың, иістердің әртүрлілігі  өзіне аударады. Олар өздеріне жаңа әлем ашады: көзге түскен затты қолмен ұстауға, көзбен көруге, иісін сезіп, мүмкін болса дәмін татуға тырысады.

         Сондықтан да біз, ересектер, балаларды табиғатты сүюге, құрметтеуге, қорғауға және оның байлықтарын көрсетуге міндеттіміз.

          Балалардың табиғатта болатын ғылыми байланыс түсініктерін қалыптастыру қажет.

           Балалар табиғи компоненттердің қаншалықты өзара тығыз байланысты және тірі ағзалардың өмір сүру ортасына байланысты екенін түсінеді.

            Адам – табиғаттың ажырамас бір бөлігі болып есептеледі.

            Табиғат – ана  адамзатты осыншама байлықпен қамтамасыз етіп, өсіріп-өрбітіп отырғанда, адамзат та өз тарапынан оған қамқор болуы парыз. Көл-көсір, табиғат байлығын үстемелеп молайтып, ұқыптап пайдалану,  көзінің қарашығындай сақтау,жанашырлықпен қорғау адамның міндеті.

           Ғибратты терең мәне бар шағын әңгіме, ертегі, тыйым сөздер арқылы адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік, қоршаған ортаға немқұрайлы қарамау, баланың табиғатқа деген қамқорлық дағдысы мен адамгершілік мінез –құлық нормаларын қалыптастыру керек.  Бала қоғамдағы әлеуметтік құбылыстармен танысып, адамның мінез – құлық, табиғат пен тіршілік сырларын ұғына отырып, терең тағылым, үлгі –өнеге алады.

           Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің бірінде оның табиғат заңдылықтарын терең пайымдап  алуымен бірге, оған байланысты ғылыми көзқарастарын да танытады. Ол табиғаттың байлығы адам  баласының аузына тосып, таусылмас азық болып отырғандын көрсете келіп, «Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың парыз»  - деп өскелең ұрпақты  табиғат ананы сүйе білуге үндеген.

      Бала туған күннен бастап оны қоршаған ортаның - зерттеушісі.

Бала өз-өзін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап таба алмайды,  оған педагог көмектеседі.

       Табиғат жеке тұлғаның қалыптасуына, оның ойының дамуына, эстетикалық, еңбек және дене шынықтыру тәрбиесіне күші әсер етеді. Әр адамның баласы қалай болып өсетіні өзіне ғана байланысты. Біз баланы табиғатты пайдаланып қана қоймай, оған қамқор болуға, оны күтіп аялауға үйретуіміз керек.  Табиғатқа деген дұрыс қарым – қатынас қалыптастыру балалық шақтан басталады. Жас кезінен табиғатқа зиян келтірмей, оны сүюге, оған қамқор болуға, саналы пайдалануға, дамытушылық шараларға үйрету керек.

        Баланың сәби кезінен қоршаған ортаға деген мәдениеттілік пен санасын тәрбиелеу – осы мәселелердің шешілу жолдарының бірі болып табылады.

      Мектепке дейінгі мекемелерде педагогтар проблемалық оқыту әдісін кеңінен қолданады. Олар:  проблемалық жағдайларды модельдеу, эксперимент жасау, шағын жобалар орындау, тәжірибелік зерттеу.

      Жобалау әдісі - өзекті және тиімді әдіс. Ол балаға эксперимент жасауға,  шағын жобалар арқылы алған білімдерін жинақтай білуге мүмкіндік береді.

      Жобалау әдісі – инновациялық педагогикалық  технология.

Балалардың өздігінен шешім қабылдауын және өз таңдауы мен еңбегінің, шығармашылығының нәтижесіне өзін жауапты ететін іс-әрекеттер тобы. Арнайы білімді қажет ететін  айқын мәселелерге ынталандыру және жоба іс –әрекеті арқылы мәселенің шешімін қамтитын білімнің іс-жүзінде пайдалануы.

      Жоба технологиясының ерекшелігі - баланың алдағы іс-әрекетті жобалай алуы мен оның субьектісі бола білуі.

       Жоба - ол баланың мақсатқа жетуде қоршаған ортасын кезеңді процестер мен алдын – ала жоспарланған тәжірибелік іс- әрекет арқылы қабылдайтын педагогикалық әдіс.

 

Әдебиеттер:

 

  1. Ховякова А.Л.                                

Метод проектов как  технология формирования информационной компетентности ребенка дошкольного возраста.           // Детский сад     от А до Я.    2012г.   № 2.

  1. Детский сад:  Теория и практика.       2012г.
  2. Романовская М.Б.

Метод проектов в учебном процессе.   

Методическое пособие.   Педогогический поиск   2006г.