Телефон доверия
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Даволен ли ты сегодня школьной столовой?
Голосовать
Не даволен - 9
Очень хорошо - 7
Хорошо - 7
Очень плохо - 7
Всего проголосовало: 30
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Жаңалықтар
 Туған күніңмен, Астана!
Туған күніңмен, Астана!
05-07-2018 13:25
5 шілде күні мектеп жанындағы лагерінде Астананың туған күніне арналған күн өтті. Күннің бірінші жартысында балалар планетарийге барып, Астана туралы фильм көрді, спорттық ойындарға қатысты, «Астана - арман қала» атты қолөнер көрмесін ұйымдастырды. Күн «Туған күніңмен, Астана!» фестивалімен аяқталды. Мереке күні - 6 шілдеде тәрбиеленушілер мен тәрбиешілер шеруге, құмнан жасалған фигуралар және «Болашақ қаласы» атты қолөнер бұйымдары мен макеттер көрмесіне қатысады.
Ағаш тамырымен, адам достарымен мықты!
Ағаш тамырымен, адам достарымен мықты!
04-07-2018 13:27
4 шілде күні күн «Нептун» бассейніне барудан басталды, онда балалар денсаулыққа пайдалы уақыт өткізді. Лагердің құрама командасы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына, Павлодар облысының 80 жылдығына арналған «Super Ұлдар» қалалық жазғы жобасының 2 айналымына қатысып, белсенді қатысқаны үшін грамотамен марапатталды. Күн «Ақылды ұл және ақылды қыз» ойын-саяхатымен аяқталды.
«Бақытты балалық шақ»!
«Бақытты балалық шақ»!
04-07-2018 13:13
3 шілдеде мектеп жанындағы лагерінде әдеттегідей көңілді және қызықты күн өтті. Балаларға қонаққа Ержүректі теңіз қарақшысы мен сүйкімді ханқызы келді. Көптеген әндер айтылып, бірнеше би орындалды және ойындар өткізілді. 2 жасақ «Жазғы ғажайыптар» атты қалалық жобаның екінші айналымына - «Ертіс құм төбесі» құмнан жасалған байқауына қатысып, 3 орынды иеленді.
Біздің күш-жігерімізден әлем әдемірек болады!
Біздің күш-жігерімізден әлем әдемірек болады!
02-07-2018 14:31
2 шілде күні мектеп жанындағы лагерде экологияға арналған күн өтті. Күннің бірінші жартысында жасақтар сағаттарында балалар біздің аймақтың экология мәселелері туралы сөз қозғады, сондай-ақ «Ертіс cinema» кинотеатрына барды. Күн станциялар бойынша «Экологиялық жол» ойынымен аяқталды.
 Шынайы байлық молшылықта емес, бірлікте.
Шынайы байлық молшылықта емес, бірлікте.
29-06-2018 14:14
29 маусымда «Эврикаландия» мектеп жанындағы лагерьде Тәтті құмарлар күні өтті. Күннің бірінші жартысында лагерьдің би командасы қалалық «Ерке ханшайым» жобасының екінші айналымына қатысты, онда 3 орынды иеленді. Балалар «Нептун» бассейніне барып, уақытты көңілді және денсаулыққа пайдалы өткізді. Күн «Ең ақылды тәтті құмар» зияткерлік марафонымен аяқталды.
 Достық - құнды байлық.
Достық - құнды байлық.
28-06-2018 15:09
28 маусымда мектеп жанындағы лагерде "Спорт күні" өтті. Күннің бірінші жартысы белсенді қозғалыста өтті. Алдымен балалар Ж.Аймауытов атындағы театрға барып, «Қасқыр мен жеті ешкі» қойылымын тамашалады. Лагерьге барар жолда Халықтар достығы саябағына серуен жасалды, балалар түрлі ұлттық ерекшеліктерімен таныстырылды. Күн аға тәлімгерлер мен балалар құрамасы арасындағы қызықты, көңілді футболымен аяқталды.
"Ынтымақ жүрген жерде, Ырыс бірге жүреді"
27-06-2018 15:51
27 маусымда мектеп жанындағы лагерьдегі күн сергек жаттығумен басталды, ал жиын достық пен ынтымақтастыққа арналды. Сонан соң балалар бассейнге барып, жігерленіп алды. Лагердің құрама командасы Астана қаласының 20-жылдығына және Павлодар облысының 80-жылдығына арналған «Super Ұлдар» атты қалалық жобаның 1-турына қатысып, 2-ші орынды иеленді. 4-ші жасақтың тәрбиешісі А.О. Назаренко жеңімпаздарды дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Күн «Бір актердың театры » ертегілік байқаумен аяқталды.
Достық өзара сүйіспеншілікпен мықты!
Достық өзара сүйіспеншілікпен мықты!
26-06-2018 14:32
26 маусымда «Эврикаландия» мектеп жанындағы лагерінде «Достық өзара сүйіспеншілікпен мықты» ұранымен тағы бір қызықты әрі қызықты күн өтті. Бүгін балалар «Жазғы ғажайыптар» атты асфальтта сурет салу қалалық байқауына қатысып, 1 орынды иеленді. Сондай-ақ, балалар Ж. Аймауытов атындағы театрға барып, «Храбрый зайчонок» ертегісін тамашалады. Күн «Адам адамға тірек» атты асфальтқа сурет салу байқауымен аяқталды.
Тағы да сәлем саған, Эврикаландия!
Тағы да сәлем саған, Эврикаландия!
25-06-2018 15:12
Бүгін 25 маусымда №34 инновациялық үлгідегі мектепте «Эврикаландия» лагері шын ықыласпен ең көңілді балаларға қайта ашылды.1 күні қалалық жоба елорданың 20 жылдығы мен Павлодар облысы 80-ж...
«Бәрі керісінше» күні!
«Бәрі керісінше» күні!
18-06-2018 11:43
18 маусымда «Эврикаландия» лагерінде «Бәрі керісінше» күні өтті. Лагерь тәрбиеленушілері Оқушылар сарайына барып қайтты. Балалар «Кошкин дом» қойылымын тамашалады. Лагерь тәрбиеленушілеріне қойылым өте ұнады. Кешке балалар жоғалған бесіндікт іздеуге кірісті.
Географ күні!
Географ күні!
14-06-2018 12:31
14 маусымда "Эврикаландия" мектеп жанындағы лагерінде "Географ күні" өтті. Балалар лагерінің тәрбиеленушілері Географ үйіне барып қайтты.
 Мұражай күні!
Мұражай күні!
08-06-2018 12:10
8 маусымда «Эврикаландия» лагерінде «Мұражай күні» өтті. Лагерь тәрбиеленушілері әскери даңқ мұражайы, өрт қауіпсіздігі мұражайы, көркем өнер мұражайы барып қайтты. Балалар қауіпсіздік ережелерімен танысып, мәдени және рухани тәжірибелерін жетілдірді және Қазақстан Республикасының қарулы күштері туралы көптеген қызықты нәрселерді білді.
Театр күні!
Театр күні!
06-06-2018 16:58
Бүгін, «Эврикаландия» мектеп жанындағы лагерінде «Театр күні» өтті. Лагерьдің тәрбиеленушілері Чехов атындағы драма театрына барды. Кешке олар әлем халықтарының дәстүрлерін көрсете отырып, театрландырылған қойылымды орындады.
Құттықтаймыз!!! 1 орын!
Құттықтаймыз!!! 1 орын!
05-06-2018 13:06
"Павлодар қаласының № 34 инновациялық үлгідегі ЖОМ" ММ мектеп жанындағы лагерінде "Экология күні" өтті. Балалар лагерінің тәрбиеленушілері «Экослед» атты қалалық экологиялық квестте 1 орынды иеленді. Құттықтаймыз!
 Балаларды қорғау күні!
Балаларды қорғау күні!
02-06-2018 15:38
«Павлодар қаласының №34 инновациялық үлгідегі ЖОМ» ММ 5-6 сынып оқушылары қалалық баққа барып, көңіл көтеретін ойын-сауықтарға қатысты.
 «Судағы қауіпсіздік» байқауына қатысу!
«Судағы қауіпсіздік» байқауына қатысу!
02-06-2018 15:29
"Павлодар қаласының №34 инновациялық үлгідегі ЖОМ" ММ оқушылары «Судағы қауіпсіздік» атты байқауда бірінші орынды иеленді. Жетекшілері: И.О. Зыбин, Е.С. Медведев.
 Балалар қорғау күніне арналған шеру!
Балалар қорғау күніне арналған шеру!
02-06-2018 00:00
«Павлодар қаласының № 34 инновациялық үлгідегі ЖОМ» ММ 100 оқушысы, Балаларды қорғау халықаралық күніне арналған жалпы ұлттық шеруге қатысты.
 Ұлы ақын - Абай Құнанбаевтың, туған жеріне сапар!
Ұлы ақын - Абай Құнанбаевтың, туған жеріне сапар!
30-05-2018 14:24
Абай оқуларының жүлдегерлері, ұлы ақын - Абай Құнанбаевтың туған жеріне барып келді!
Астанаға сапар!
Астанаға сапар!
30-05-2018 14:21
«Павлодар қаласының № 34 инновациялық үлгідегі ЖОМ» ММ 3 «Д» және 3 «Г» сынып оқушылары, сынып жетекшілерімен Астана қаласына барып келді.
Мұғалімдердің ғылыми-практикалық конференцияға қатысуы!
Мұғалімдердің ғылыми-практикалық конференцияға қатысуы!
30-05-2018 14:17
"Павлодар қаласының №34 инновациялық үлгідегі ЖОМ" ММ мұғалімдері «Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.