Сенім телефоны
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Вам нравится обучение в нашей школе?
Голосовать
А) да - 229
Б) нет - 71
В) не очень - 53
Всего проголосовало: 353
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»бағдарламасының«ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БІЛІМ» кіші бағдарламасы бойынша әдістемелік ұсынымдар

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» (бұдан әрі - Кіші бағдарлама) кіші бағдарламасының мақсаттарына және қорытынды нәтижелеріне қол жеткізу үшін, тиісті жобалық ұйымдық құрылымды құруды көздейтін жобалық менеджмент әдістемесі қолданылады.

Бағдарламаны басқару Ұлттық стандартын Қазақстан Республикасы бойынша  Басшылық "жобаларды басқару" ҚР СТ ISO 21500 – 2014, сондай-ақ, "Agile" құралдарын пайдалану негізінде жүзеге  асырылатын   болады.

 

I. НЕГІЗІ ЕРЕЖЕЛЕР

Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың 6 бағыты анықталды:

  1. Бәсекелік қабілет;
  2. Прагматизм;
  3. Ұлттық бірегейлікті сақтау
  4. Білімнің салтанат құруы
  5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
  6. Сананың ашықтығы

    Бұл бағыттар мақсаттарға жету деңгейін өлшеу үшін критериалды аппаратты қалыптастыруға мүмкіндік береді

Кіші бағдарлама мақсаты:Бәсекеге қабілетті, прагматикалық, мықты, жауапты, шығармашыл Тұлға-Біртұтас ұлттың жетістік іргетасы болып білімге деген табынушылық  табылады.

 «Тәрбие және білім»кіші бағдарламасынжүзеге асыру үш кезеңде өтеді деп жоспарлануда.

Бірінші кезең– 2017 - 2020 жж.

Кезеңнің міндететрі:

- орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңге арналған «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының мақсаттары мен жұмыс көрсеткіштерін әзірлеу мен бекітуді қоса алғанда, мақсатты белгілеу үдерістері, мақсаттарға қол жеткізу деңгейін өлшеу үшін критериалдық аппараттар мен құралдарды құру (индикаторлар, зерттеу және өлшеу әдістері және т.б.);

- «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыруда педагогикалық, оқушылар, ата-ана қоғамдастығын, халықты, бизнес өкілдерін және мемлекеттік мекемелерді, соның ішінде ҮЕҰ мен жастар ұйымдарын тарту

- «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын тиімді басқару үшін ақпараттық технологиялар IT-платформасын енгізу және әлеуметтік жобалар мен іс-шараларды іске асыруға азаматтық қоғамның белсенді қатысуы үшін жағдай жасау;

- «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын ақпараттық қолдау үшін ішкі және сыртқы коммуникацияларды дамыту және бұқаралық ақпарат құралдары, сонымен бірге әлеуметтік желілер арқылы тиімді «кері байланыс» қамтамасыз ету;

- «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының басым міндеттерін шешуге бағытталған жобаларды іске асыру, жоспарлау, іске асыру, мониторингтеу және түзету;

- «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының іс-шаралары мен жобаларын қызметі нәтижелерін бақылау және мониторингтеу, тиімді жобалық инфрақұрылымды құру; - Үздіксіз білім беру жүйесін және жобалық персоналды оқыту жүйесін енгізу, сондай-ақ «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының жобаларын басқару процестерін стандарттау;

- қажетті нормативтік құқықтық базаны әзірлеу және енгізу.

Екінші кезең – 2021 - 2025 жж.

Кезеңнің мақсаты - негізгі жобаларды іске асыруды аяқтау мен орта мерзімді мақсатты индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, сондай-ақ бірінші кезеңде қалыптастырылған критерийлер бойынша қоғамдық сананың өзгеру динамикасын бағалау.

Үшінші кезең – 2026 - 2030 жж.

Кезеңнің мақсаты - ұзақ мерзімді мақсатты индикаторларға қол жеткізу және «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының қол жеткізілген нәтижелерін бағалау болып табылады.

Басқару үдерістерін оңтайландыру үшін «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы 3 негізгі бағытқа бөлінеді, олардың әрқайсысы бір мақсатқа ие:

1. «Отаным – тағдырым».Жастардың бойында азаматтықты, патриоттықты,   рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтарын қалыптастыру.

2. «Өлкетану». Оқушыларға өздерінің туған жерін зерттеуге, жергілікті тарих жобаларын іске асыруда білім мен дағдыға ие болуына және кішігірім Отанын дамытуға белсенді қатынас жасауына қызығушылық тудыру.

3. «Саналы азамат».Даму перспективалары мен еңбек нарығы мүмкіндіктері, қабілеттері мен талаптарын ескере отырып, оқушыларды бағдарлы қолдау, қызмет аясын таңдау еркіндігі, өзін-өзі  кәсіби  анықтауға бағытталған.

Базалық бағыттар 19 жобадан тұрады:

«Отаным – тағдырым» базалық бағытының жобалары:

1.«Ұстаз-өзгірістер елшісі»- мұғалімдердің санасын модернизациялау оларды қолдау және кәсіптік дамыту бойынша шаралар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
2. «Оқушылардың азаматтық сана-сезімі деңгейін зерттеу» - оқушылардың азаматшылықты, патриотизмді және ұлттық бірегейлікті түсінуін әдіснамалық және социологиялық зерттеу (тек ҚР деңгейінде).

3. Жасөспірімдер қозғалысы мен қоғамдық бірлестіктердің дамуы - «Рухани жаңғыру» құндылықтарына негізделген балалар мен жастар қозғалысын және қоғамдық бірлестіктерді дамытудың ұзақ мерзімді (кемінде 6 жастан, 7 жастан 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің қатысуы) бағдарламасы болып табылады.

4. «Сөз – тілдің қөркі» - оқушыларды классиктер мен қазіргі заманғы ақындар мен ойшылдардың (республикалық Абай және аймақтық Абай, Мұқағали, Ильясов, Махамбет, Иассауи оқулары, тіл фестивалі, конкурстар, пікірталастар, айтыстар, пікірсайыстар және т.б.) өнер туындыларымен таныстыру арқылы ұлттық бірегейлікті дамыту.

5. «Өрле, Қазақстан!» - балалар мен жастардың мәдениет деңгейін көтеру, ұлттық рухты көтеру және республиканың білім беру ұйымдарының беделін арттыру (балалар мен жасөспірімдер музыкалық ансамбльдері мен оркестрлерінің парадына қатысу).

6. «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» - «Қазақстан балалары шекарасыз әлемде!»  атты фестивальге қатысу және балалардың бастамаларын қолдау арқылы оқушылардың шығармашылық танылуы мен көшбасшылығын, бәсекеге қабілеттілігін, ұлттық бірегейлігін дамыту.

 

 

«Өлкетану»базалық бағытының жобалары:

1. «Алтын адам» - «Өлкетану» оқулықтарын әзірлеп, басып шығару.

2. «Менің Отаным – Қазақстан» - жыл сайынғы жас өлкетанушылар, туристер және экологтардың аймақтық, республикалық слеттер мен форумдары.

3. «Тарих мұрасы» - туған өлкенің тарихын, мәдениетін және дәстүрлерін терең зерттеу.

4. «Табиғат бесігі» - туған өлкеге, оның мәдениетіне, әдет-ғұрыптарына деген белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру және оның дамуына жеке үлес қосуға жауапкершілікпен қарау.

 «Саналы азамат» базалық бағытының жобалары:

1. «Білім сапасына қанағаттанушылық деңгейін зерттеу» - зерттеу әдіснамасын әзірлеу және оқушылар мен олардың ата-аналарын білім сапасына қанағаттандыру деңгейін анықтау, оқушыларды сабақтан тыс уақытта жұмыс бастылығын қамтуға жағдай жасау және болашақ мамандықты таңдауға дайындау (тек Қазақстан Республикасының деңгейінде).

2. «Мамандықтар әлемі» - болашақ мамандықты таңдаған кезде оқушыларға кәсіби бағдар беру, олардың жеке ресурстарын ашу.

3. «Алтын Қазына» - көркем және сәндік-қолданбалы өнер арқылы оқушылардың ішкі шығармашылық әлеуетін және жеке қабілеттерін дамыту.

4. «Үлкен өнертабыстарға алғашқы қадам» - озық жоғары технологиялық әдістер мен цифрлық технологияларды қолдана отырып ехникалық шығармашылықты дамыту арқылы бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

5. «Дарындылар елі» - театрлық қызмет және музыкамен айналысу арқылы адамгершілік, эстетикалық тәрбие мен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

6. «Кітап – білім бұлағы» - қазақстандықтардың арасында «оқуға арналған сән» қалыптастыру және өзін-өзі тәрбиелеу мен үздіксіз білім беруді қолдауға бағытталған кітаптың беделін арттырудың жаңа қазақстандық жүйесін құру.

7. «Вusiness» - оқушыларда белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, саналы шешімдерді қабылдау, тәуекелдерді бағалау, жауапкершілікті алу - кәсіпкер үшін қажетті құзыреттілікті қалыптастыру.

8. Отбасы әлемі - қазақстандық дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау, жас ұрпақ арасында отбасын құруға және болашақта жауапты ата-ана болуға қатысты конструктивті қарым-қатынасты қалыптастыру.

9. «Ұлы дала жастары» - адамзаттың жалпыға ортақ құндылықтары мен бәсекеге қабілеттілігіне, салауатты прагматизмге, шығармашылық және кәсіпкерлік ойлауға негізделген белсенді өмірлік стратегиямен, әрбір адамның өзін-өзі жүзеге асыруға бағытталған, университеттік жастар мен «Болашақ» бағдарламасы жастарының азаматтық сана-сезімін өзгерту.

Әрбір базалық бағыт жобалар мен іс-шаралар тізіліміне (бұдан әрі - Реестр) енгізілген, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті жобалар мен іс-шараларды жүзегеасыруды көздейді.

Маңызды!Реестрде қандай да бір бастаманы жоба/іс-шара ретінде қосудың негізгі критерийі болып, Кіші бағдарламаның мақсаттарына және нәтижелеріне жетуге бағытталуы табылады. Яғни, егер ұсынылатын жоба/іс-шара кіші бағдарламаның мақсаттарына жетуге ықпал етпесе, онда ол Реестрге енгізілмеуі керек. Тиісінше, мұнда сан емес, жобалардың/іс-шаралардың сапасы мен нәтижелігі маңызды.