![Халықаралық олимпиада](/media/img/blogs/5c3708ddaa034.jpg)
9 "Г" сынып оқушылары Халықаралық "Тенгри-химик" олимпиадасының жеңімпаздары. Мұғалімдері: Дремова Наталья Германовна
21 желтоқсанда ата-аналарға «Жасөспірімдер арасында есірткіні қолдану мәселесі» тақырыбында дәріс өткізілді.
![Футболдан қалалық турнир](/media/img/blogs/5c19e900d0271.jpg)
№34 мектеп мұғалімдерін Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай футбол бойынша өткізілген, қалалық турнирде жүлделі орынға ие болуымен құттықтаймыз!
![Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні](/media/img/blogs/5c149a25066b2.jpg)
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт өтті
![Жасөспірімдер олимпиадасы](/media/img/blogs/5c133125de3f4.jpg)
8 Г сынып оқушысы Яковлева Ольганы химия пәнінен жасөспірімдер олимпиадасындағы жүлделі орынмен құттықтаймыз!
![«Болашаққа бағдар» бейнероликтер конкурсы](/media/img/blogs/5c10df1d2ff04.jpg)
10А сынып оқушысы Хисматулин Салаватты "Болашаққа бағдар" атты облыстық видеороликтар конкурсына қатысып, жүлделі орынға ие болуымен құттықтаймыз!!!
![«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы](/media/img/blogs/5c11c33c9c6f9.jpg)
2018 жылғы 11 желтоқсанда № 34 ЖОМ директорының басшылығымен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Отырысқа мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінің жетекшілері шақырылды. Бағдарламаны іске асырудың негізгі аспектілері талқыланды. «Тәрбие және білім» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша әрбір бірлестіктен жұмыс жоспарын дайындау туралы шешім қабылданды.
![ҰОТ үздік оқытушысы, Ең үздік инновациолық жоба](/media/img/blogs/5c0d26e5575c6.jpeg)
«ҰОТ үздік оқытушысы», «Үздік инновациялық жоба» конкурсының екі номинациясында да, Павлодар қаласының № 34 инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі, ӘЖТ сынып жетекшісі Наталья Петровна Шавенкова қатысты. Ол жаңа «тірі» білім беру ортасында метапәндік нәтижелерді қалыптастырудың бірегей механизмдерімен таныстырып өтті, бұл оған номинациялар бойынша бірінші орынды иеленуге мүмкіндік берді.
![Ашық есік күні](/media/img/blogs/5c0d2656cc12d.jpeg)
2018 жылғы 8 желтоқсан күні № 34 инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебінде бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған Ашық есік күні өтті. Осы іс-шара бағдарламасы аясында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында семинар өтті, сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімдері және пән мұғалімдерімен жоғары әдістемелік деңгейде бірқатар сабақтар өткізілді. Ата-аналарға оқу-танымдық қызметте оқушылардың ынталылығын көруге, пікір