Білім беру ұйымдары арасында өткен жүзу бойынша 47-ші қалалық спартакиадада 2-ші орынды иеленген, дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі - Леонид Станиславович Сороконы құттықтаймыз! Жұмыста табыстылық пен үлкен жетістіктерге жетуіңізді тілейміз!
2018 жылғы 17 ақпанда 7 сынып оқушылары Масленицаны атап өтті, онда олар әртүрлі жарыстарға қатысып, бір-біріне құймақ сыйлады.
3 «в», «e», «ж» сыныптарының оқушылары мен олардың ата-аналары «Құлагер» ат алаңына , Масленица мереклік шарасын атап өтуге аттанды, онда балалар атпен серуендеп, көңілді старттарға қатысты.
Қарағанды қаласында өткен 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында теннис бойынша республикалық турнирде, 6-сынып оқушысы Билый Егор жеке біріншілікте 1 орынды иеленді.
№ 34 ЖОМ "Красна и щедра наша Масленица!" мерекелік шарасы аясында, "ОТ БАРЫНИ ДО ХИП-ХОПА" атты қалалық Масленица флешмобына қатысты.
№34 ЖОМ Гагарин атындағы қалалық саябақта өткізілген, мектептер арасында қалалық қуыршақтар көрмесіне қатысты.
1-3 сынып оқушылары арасында «Жас Қыран» Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау өтті.
15 ақпанда 10-сынып оқушылары "Ауғанстаннан әскерлерді шығару" күніне арналған митингке қатысты.
Би ұжымын (жоғ.топ, кіші топ) «Ақ шағала» хореографиялық топтарының облыстық байқауында 1 орын алғаны үшін құттықтаймыз. Жетекшісі: Илона Ивановна Зайцева.
«Павлодар қаласының № 34 инновациялық үлгідегі ЖОМ» ММ Халықаралық кітап сыйлау күніне арналған «Кітапты махаббатпен сыйлаңыз» атты акция өткізілді.
«Павлодар қаласының № 34 нновациялық үлгідегі ЖОМ» ММ гепотиттің алдын алу бойынша онкүндік аясында «Қол тазалығы» акциясы басталды, оған жоғары сынып оқушылары қатысты. Бастауыш сыныптар үішн әңгімелесу өткізілді, онда жоғары сынып оқушылары балаларға неге және не үшін үнемі қолды жуу және гигиенаны сақтау керектігі туралы айтып берді.
2018 жылғы 1-12 ақпан аралығында "Павлодар қаласының № 34 инновациялық үлгідегі ЖОМ" ММ, "Өзін-өзі тану: Махаббат және Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндік өтті.
10 ақпанда "Рухани Жаңғыру" республикалық бағдарлама аясында, 6-шы қатарлас сыныптарда "Достық" фестивалі өткізілді.
2018 жылғы 9 ақпан күні 1-4 сыныптарда «Мемлекеттік рәміздерді оқып-білу» және 5-10 сыныптарда «Мейірімділік - адамның жүрегін жылытатын күн» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
9 ақпанда 8 сынып оқушылары Ж. Аймауытов атындағы қазақ драма театрына барды.
"№ 34 инновациялық үлгідегі ЖОМ" ММ 9 сынып оқушылары үшін Павлодар Инновациялық көппрофильді колледж (ПИКК) өкілдерімен кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді.
№ 34 ЖОМ 7 «Г» сынып оқушысы Путинцев Иван III дәрежелі дипломмен марапатталды. Ол «Математикалық шайқас» V Аймақтық турнирінің қатысушысы.
ҰБТ-ға және ОЖСБ-ға дайындық тиімділігін арттыру мақсатында мектепте меңгеру үшін күрделі болып саналатын, негізгі тақырыптар бойынша цифрлы-ақпараттық блоктар құрылды. Ақпарат фойеде таратылады және оқушылардың қабылдауына қол жетімді, қиындық дәрежесі есепке алынып, кадрлар мен түс дизайнының өзгеру жиілігі есептеледі.
29 қаңтарда №34 ЖОМ негізінде жасөспірімдер арасында волейболдан оқушыларға арналған 47-ші қалалық спартакиада өткізілуде, онда біздің спортшылар ең жақсы нәтижелер көрсетуде және қаланың төрт мықты командасының құрамына кірді. Бүгінгі ақтық финалда волейболшыларға сәттілік тілейміз !!!