ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тоғызқұмалақтан республикалық турнирдің күміс жүлдегері
25-12-2020 19:30
Тоғызқұмалақтан республикалық турнирдің күміс жүлдегері

  Павлодар қаласының №24 ЖОМ-нің 11 сынып оқушысы Серикова Аяулым тоғызқұмалақтан республикалық жарыстарда тағы біррет жүлделі орынға ие болды. Ол республикалық команданың құрамында қатысты. Жарыстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт комитеті.

  Жарыс қорытындылары бойынша ІІ орын иеленді және күміс медальмен, кубокпен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің дипломымен марапатталды.

  Аяулым тоғызқұмалақтан көп дүркін чемпионы, 15 әртүрлі дәрежелі медальдардың иегері, соның ішінде 6 алтын, 5 күміс, 4 қола. 2019 жылы Нұр-Сұлтан, Қызылорда қалаларында өткен халықаралық турнирлерде алтын медальдар иеленді. Тоғызқұмалақпен 7 жасынан айналысады, Жоғары спорт шеберлігі мектебіндегі оның жаттықтырушылары халықаралық дәрежедегі спорт шебері Арыстан Исатайұлы Қапаев және мектептің дене шынықтыру мұғалімі Данагуль Манарбек.

  Мектепте оқу үлгерімі жақсы. Қазіргі таңда ҰБТ-ға дайындалуда. Бейінді пәндер ретінде ағылшын тілі мен географияны таңдап алды. Мектепті аяқтағаннан кейін Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің туризм мамандығына түсуді жоспарлауда.