ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Инклюзивті білім берудегі психологиялық-педагогикалық қызметтің инновациялық әдістемелік құралдары
29-04-2021 14:07
Инклюзивті білім берудегі психологиялық-педагогикалық қызметтің инновациялық әдістемелік құралдары

   «Инклюзивті білім берудегі психологиялық-педагогикалық қызметтің инновациялық әдіснамалық құралдары» бір жылдық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті Инновациялық Еуразия университетімен бірлесіп «Оқушылардың инновациялық қабілеттерін өсірудің әдістері мен модельдері» атты ғылыми-практикалық семинар өткізді. Семинар 2021 жылдың 27 сәуірінде ZOOM платформасында онлайн режимде өтті. Павлодар қаласының білім беру бөлімінің 100-ден астам өкілдері, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, 42 директор орынбасарлары, педагог-зерттеушілер, 23 логопед, 42 психолог, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 10 педагог-ассистенттері қатысты.

   «Инклюзивті білім беруде оқушылардың инновациялық қабілеттерін өсірудің әдістері мен модельдері және психологиялық-педагогикалық қызметтің инновациялық әдіснамалық құралдары» тақырыбында п.ғ.к., профессор, унивеситеттің «Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, «Оқушылардың инновациялық қабілеттерін өсірудің әдістері мен модельдері» технологиясының бірлескен авторы Қайырбекова Бағжанат Дандырбекқызы сөз сөйледі. Өз сөзінде ол кәсіби қызметтегі типтік қиындықтар негізінде білім беру тапсырысын қалыптастыру мәселелеріне тоқталды, өңірдің негізгі субъектілерінің өзара іс-қимыл моделін, практикамен ұштастыра отырып қызметтің кәсіби теориясын көрсетті.

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Саменқызы Нұрахметова ғалымдардың, технология авторлардың жетекшілігімен жетістіктерді ынталандыру технологиясын тәжірибеге енгізу бойынша одан әрі жұмыс туралы, өзін-өзі дамыту және өздігінен білім алу үшін ғылыми-әдістемелік семинар материалдарын пайдалану, шығармашылық топтардың және қалалық, облыстық және республикалық байқауларға инклюзивті білім беру мәселелері бойынша әдістемелік құралдар мен бағдарламалар авторларының қатысуы, семинарларда, әртүрлі деңгейдегі курстарда біліктілігін арттыру туралы ұсыныстар берді. Семинар материалдары жұмыста пайдалану үшін қала мектептеріне жіберілді.