Павлодар қаласының № 24 ЖОМ 2-сынып оқушысы Фатхутдинова Наиля 8 - 9 жас қыздар арасындағы муайтай бойынша Қазақстан чемпионатында алтын медалімен марапатталды.
Чемпионат 2021 жылдың 25 - 30 мамыр аралығында Алматы қаласында өтті. Ұйымдастырушылары: Қазақстанның муайтай Федерациясы, Қазақстан Республикасының спорт істері және дене шынықтыру комитеті, Қазақстан Республикасының спорт және мәдениет Министрлігімен қоса.
Наиля муайтаймен 2 жасынан айналысады. Жаттықтырушысы әкесі Фатхутдинов Дамир Равильович, Қазақстан чемпионы.
- Бұл менің республикалық деңгейдегі алғашқы турнирім және ол мен үшін сәтті болды. Бұған дейін екі рет жеңіске жеттім. 2019 жылы Павлодар қаласында өткен 6 - 7 жас арасындағы қыздар чемпионатында және биыл 8 - 9 жас арасындағы қыздар чемпионатында жеңіске жеттім. Чемпионатқа дайындық өте жауапты болғанымен, өзіме сенімді болдым. Дәл дайындауым жаттықтырушының, туыстарымның, жолдастарымның қолдау маған жеңіс үшін қосымша стимул ұялатты, - дейді жас жеңімпаз.
Наиля 1-сыныптан бастап үздік оқиды және мақтау қағаздарымен марапатталған. Наиляға барлық пәндер оңай беріледі әсіресе, дене шынықтыру сабақтары. Сүйікті пәндері математика мен дүниетану. Бұл сабақтарда Наиля команда капитаны болып табылады. Наиляда сыныпта көптеген достары және құрбылары бар. Сыныптастары үлкен құрметпен қарайды. Бос уақытын далада, аулада достарымен ойнағанды жақсы көреді, әсіресе қуаласпақ ойынын.