ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Мектептегі білім беру жүйесін цифрландыру
23-11-2021 10:36
Мектептегі білім беру жүйесін цифрландыру

Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 2021 жылдың 19 қарашасында «Мектептегі сандық білім беру ортасы: оны қалай құруға және дамытуға болады?» атты семинар-практикум өткізілді. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 40-тан астам педагог қатысты.

Сессияда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Сабитова Назира Сайделинқызы өз сөзінде Қазақстандағы мектептердің білім беру жүйесін цифрландыру оны реформалау үдерісіндегі жетекші трендтердің бірі болып табылатынын атап өтті. Бұл онлайн оқулықтар, виртуалды зертханалар, ашық білім беру мазмұны, оқушыларға жеке көзқарас туралы. Оқушылар үй тапсырмаларын онлайн-режімде орындайды, мектеп кітапханалары ақпараттық-компьютерлік орталықтарға айналады. Барлық оқу үдерісі оқушылардың ID-де болады деп жоспарлануда, бұл баға қоюға және рейтингтер қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Практикалық сессияда М.Әуезов атындағы ЖОМ биология мұғалімі Иванова Евгения Викторовна ЦОР пайдалану сабақта оқушылардың танымдық белсенділігінің артуына әкелетінін, пәнді оқуға тұрақты қызығушылықтың көрінісін ынталандыратынын және оқытудың тиімділігін арттыратынын көрсетті. Мұғалім мен оқушыларға арналған білім беру ресурстарының сандық функцияларына, электрондық оқулықтарды, виртуалды зертханалар мен интерактивті дәрістерді жұмыста қалай пайдалану керектігіне тоқталды. Оқу үрдісінде және халықаралық қашықтық олимпиадаларға қатысу үшін квест-ойындар сілтемелерін ұсындым.

Осы платформаларды пайдалану оқытуды саралаудың жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді, оқытылатын пәнге қызығушылық қалыптастырады, білім алушылардың танымдық қызметін жандандырады. Семинар материалдары қала мектептерінің сайттарына жіберіліп, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет парақшасында орналастырылды.