ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинар
14-01-2022 09:20
Жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинар

2022 жылғы 12 қаңтарда Павлодар қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті қысқы демалыс мектебі аясында жаратылыстану пәндері сабақтарында «Оқитын мектеп» жобасы бойынша Бірыңғай әдістемелік күн - семинар өткізді. Бұл семинардың мақсаты «Оқитын мектеп» жобасының стратегиялары бойынша педагогикалық тәжірибені тарату болды.

Семинар бағдарламасында екі секция ұйымдастырылды: биология-химия және физика-география мұғалімдерінің. Қаланың 183-тен астам педагогтері қатысты.

Бірінші секцияда мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытатын № 33 мектептің география пәнінің мұғалімі Касенова Асель Темкенова мен №14 мектептің мұғалімі Аубакирова Рыстыгүл Торжанқызы осы жоба бойынша жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті. Олар оқу сауаттылығын дамыту үшін география сабағында қандай әдіс-тәсілдерді қолданатынын айтты. №33 мектептің физика пәні мұғалімі Любовь Васильевна Бережная мен Қ. Бекхожин атындағы мектептің мұғалімі Сламханова Алима Нұрлыбекқызы «Оқитын мектеп» жобасының қағидаларын физика сабағында тиімді қолдану жолдарын көрсетті.

         Екінші секцияда № 14 мектептің химия пәнінің мұғалімі Шукурбаева Айсұлу Қайратқызы мен № 25 мектептің химия пәні мұғалімдері Құралханова Майра Қабышевна, Искакова Гүлсара Сапарғалиқызы, сонымен қатар № 11 мектептің химия пәнінің мұғалімі Коструба-Вотинова Тамара Александровна «Оқитын мектеп» жобасының мәселелеріне химия, биология, география, қазақ тілі, тарих, жаратылыстану пәндерін кіріктіру тақырыбын ашты. Бұл әріптестердің ұсынылған тәжірибесі қызықты және мазмұнды болды. № 14 мектептің биология пәнінің мұғалімі Жүніспаева Айсана Еркінқызы, № 25 мектептің Қасымғожина Марал Жастүлекқызы мен Сағындық Әйгерім Талғатқызы, № 19 Жаңабаева Меруерт Шарапқызы, № 9 Григорьева Анастасия Фадеевна, №43 Зиневич Анастасия Вячеславовна биология сабақтарында контекстік есептерді шешу арқылы қорытынды аттестацияға дайындық кезінде, PISA, TIMSS халықаралық зерттеулеріне дайындық кезінде оқу мәселелерін атап көрсетті.

Семинар қорытындысы бойынша «Оқитын мектеп» жобасын жаратылыстану пәндері бойынша одан әрі жүзеге асыру, жобаны сыныптан тыс жұмыстарда (пәндік апталықтар, онкүндіктер), сонымен қатар TИСО тапсырмаларында пайдалану бойынша ұсыныстар берілді. Оқу құзіреттілігін дамыту оқуға саналы көзқарастың өсуіне, танымдық процестердің дамуына, оларды басқаруға, саналы түрде реттеуге ықпал етеді. Бүгінгі таңда көптеген пән мұғалімдері бұл оқушының табысты оқуының міндеттерінің бірі екенін түсінеді.