ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектептегі психологиялық-педагогикалық қызмет
21-01-2022 20:20
Мектептегі психологиялық-педагогикалық қызмет

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті Қазақстан психологтар қауымдастығымен бірлесіп 2022 жылғы 19 қаңтарда «Девиантты мінез-құлықты оқушылармен түзету жұмысының бағыттары» тақырыбында диалог алаңын өткізді. Мақсаты - девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жасауда педагог-психологтарға әдістемелік көмек көрсету. Қаланың 42 жалпы білім беретін орыс және қазақ тілдерінде оқытатын мектептерінен 60-тан астам педагог-психолог қатысты.

Нурахметова Шолпан Саменовна, білім беру бөлімінің әдіскері, Карпова Ирина Владимировна, № 26 ЖОМ педагог-зерттеуші, психолог, педагог-психологтардың қалалық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі педагог-психологтардың кәсіби өсуі және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша сөз сөйледі, девиантты мінез-құлықты балалармен алдын алу және түзету жұмыстарының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Диалог алаңында № 29 ЖОМ педагог-психологы Ольга Витальевна Стулова девиантты мінез-құлықты балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің теориялық аспектілеріне тоқталып, өз баяндамасын практикалық ұсынымдармен және жеке жұмыс тәжірибесінен алынған мысалдармен сүйемелдеді. Ордабаева Жанар Бейсенбаева, № 25 ЖОМ педагог-психологы семинарға қатысушыларды балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқын психологиялық-педагогикалық түзету компоненттерімен таныстырды, алдын алу жұмыстарының бірізділігіне назар аударды.

Семинарға қатысушыларға күйзелістік жағдайларды теңгерімдеу, эмоционалды күйзелісті жеңілдету, проблемалық жағдайларды шешу, жазбаша тесттерді қолдану, көпшілік алдында сөйлеу, жаңа ақпаратты игеру, есте сақтауды дамыту үшін «Оң нүктелер» кинесиологиялық жаттығуы ұсынылды. «Ресурстық күй» жаттығуы себепсіз мазасыздықты, күйзелісті, физикалық шаршауды жеңу және психикалық тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін ұсынылады. Агрессиядан құтылу, ашу-ызаңызды бақылау және реттеу қабілетін үйрету үшін «Тыныштандыратын ой» техникасы, «Трасформер» жаттығуы ұсынылады. Жеке тұлғаның жұмысына арналған қадамдық нұсқаулар қарастырылды.

Семинарға қатысушылар нақты әдістемелік ұсыныстар, практикалық ойындар мен жаттығулар, дамытушы тапсырмалар алды. Семинар практикалық маңыздылығы туралы оң пікірлер алды. Педагог-психологтардың жұмыс тәжірибесі қала мектептерінде қолдануға және кеңінен таратуға ұсынылған. Семинар материалдары мектептерге жіберілді.