ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
2022 - 2023 оқу жылына арналған Павлодар қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына балаларға ерте жолдама алу функциясы арқылы жинақтау
12-05-2022 17:25
2022 - 2023 оқу жылына арналған Павлодар қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына балаларға ерте жолдама алу функциясы арқылы жинақтау

Жаңа оқу жылына қаланың мектепке дейінгі ұйымдарына балаларды жинақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ерте жолдама алу шеңберінде жүзеге асырылады. Ерте жолдама алу - бұл осы орын босатылғанға дейін мектепке дейінгі ұйымға баланы қабылдау үшін жолдаманы ала аласыз деген ұғым. Орынды ерте алу үшін ата-аналар орындардың жарияланған кестесімен танысу керек, орындар жарияланған күні indigo24.kz сайтына кіріп баланы беруді жоспарлап отырған балабақшаны таңдауы қажет.

Мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу үшін кестеге сәйкес таңғы сағат 07:00-де (жеті) өтініш берушілерге кезектердің әрқайсысына қойылатын орындардың тең санына басымдық беріледі. Басым қолжетімділік ашылған кезде өтініш берушілер босаған орындар туралы ақпаратты зерделейді және қажетті орын болған жағдайда балабақшаға қабылдауға арналған электрондық жолдаманы өздері алады. Уақыт өткеннен кейін (3 жұмыс күні) бос орындар барлық өтініш берушілер үшін қолжетімді болады.

Орындарды ерте алу ағымдағы жылдың 16 мамырынан 17 маусымына дейін олардың болжамды босатылу күнін көрсете отырып жүзеге асырылатын болады.

Топтарды қалыптастыру оқу жылының басындағы толық жастарды ескере отырып, мынадай жас топтары бойынша жүзеге асырылады: ерте жас - 1 жастан бастап (ерте жас тобы); кіші жас - 2 жастан бастап (кіші топ); орташа жас - 3 жастан бастап (орта топ), ересек жас -  4 жастан бастап (ересек топ); мектепалды жас - 5 жастан бастап (мектепалды даярлық тобы).

Ата-аналары немесе заңды өкілдері әскери қызметшілер және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері санатына жататын, оның ішінде Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 52-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасының «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» Заңының 78-бабының 8-тармағына сәйкес қызмет атқару кезінде қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен ата-аналардың балалары мектепке дейінгі ұйымдарға кезектен тыс орын алуға құқығы бар.

Арнаулы мемлекеттік органдарға ұлттық қауіпсіздік органдары, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметі жатады. Бірінші кезекте орын алу мүмкіндігі заңды өкілдері мүгедек болып табылатын балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жетім балаларға, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға; мүгедек баласы бар отбасылардан шыққан балаларға; ерекше білім беруді қажет ететін балаларға, Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес педагогтердің балаларына беріледі.