ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қалалық Мақатаев оқулары туралы
09-11-2022 13:49

29 қараша сағат 10.00-де. Қ. Бекхожин атындағы мектепте Павлодар қаласының білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен «Мақатаев оқулары» республикалық байқауының қалалық кезеңі  өткізіледі.

        Байқаудың мақсаты - поэзияға деген қызығушылықты қалыптастыру, өз ойларын ғылыми тұрғыда дәйекті түрде жеткізе білу қабілетінде өз білімін сынау, қазақ көркем әдебиетін оқуға баулу.

         7 - 11 сынып оқушылары, мектеп кезеңінің жеңімпаздары қатысады. Оқулар үш номинация бойынша өтеді: «Айтып өткен  ақында арман бар ма?», «Жыр эстафетасы», «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...».

         Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Қалалық оқу кезеңінің жеңімпаздары байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.

 

Павлодар қаласының білім бөлімі