ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептері директорларымен өткізілген кеңес
25-11-2022 12:22
Қала мектептері директорларымен өткізілген кеңес

   2022 жылғы 25 қарашада Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептері директорларының кеңесінде «Оқуға құштар мектеп - оқитын ұлт» республикалық жобасының іске асырылу барысы туралы», «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау, орналастыру, бастапқы және өңірлік есепке уақтылы қою жөніндегі білім беру мекемелерінің жұмыс жағдайы туралы», «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің қызметі және қала оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру туралы» мәселелер бойынша мониторинг қорытындылары қаралып, талқыланды.

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы жалпы білім беретін мектеп директорларына әдістемелік бірлестіктердің, мектеп кітапханашыларының жұмысы, ата-аналар қоғамымен жұмыс жасау, жоба шеңберінде өткізілген іс-шараларға талдамалық мониторинг жүргізу арқылы «Оқуға құштар мектеп» жобасының іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша тапсырмалар берді.

   Қала оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру мәселесі бойынша балалар мен жасөспірімдерді, оның ішінде мектепішілік бақылау, КТБ есебінде тұрған балалардың бос уақытын ұйымдастыру мәселелерін ерекше бақылауға алу, жоспарланған іс-шаралардың нәтижелілігі мен тиімділігін қамтамасыз ету тапсырылды.Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруды есепке алу бойынша ҰБДҚ базасын өзектендіру, сайттарда, әлеуметтік желілерде өткізілген оқу-тәрбие үдерісінің іс-шараларын жариялауға уақтылы және бейресми көзқарас бойынша тапсырмалар берілді.

   Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды уақтылы анықтау және оларға қажетті көмек көрсетуге, жеке істерін тексеру, мектеп оқушыларында қажетті құжаттардың болуына, жылына екі рет жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғылықты мекен-жайына шыға отырып, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды тексеру актілерін жасаудың ұқыптылығы мен уақтылығына мектеп директорларының назарын аударды.

   Директорлардың назарына мекемелердің сайттарының жұмыс істеуіне қойылатын талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мониторинг, сондай-ақ мектептердің әлеуметтік желілердегі парақтарын талдау ұсынылды және ұсынымдар берілді.

Мектеп басшылары ҚР БҒМ 2021 жылғы 19 қарашадағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидалары» № 568 бұйрығына енгізілетін педагогтерді қабылдау бойынша конкурс өткізу мәселелері жөніндегі нормативтік - құқықтық актінің жобасымен танысты.