ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мұғалімдердің қалалық пән олимпиадасының қорытындысы
22-02-2012 13:53

          Павлодар қаласы білім беру бөлімінің қалыптасқан дәстүрі бойынша қала мектептеріндегі шығармашыл мұғалімдерді анықтау мақсатында, сондай – ақ ұстаздардың еңбектерін ынталандыру мақсатында қазақ және орыс тілінде оқытатын мектеп мұғалімдерінің арасында пәндік олимпиадасы өткізілді.

         Қоғамтану – гуманитарлық циклі мен бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған олимпиадасы № 28 мектеп аясында өткізілді. Оған 215 мұғалімдер қатысады (мемлекеттік тілде оқытатын мектептің 78 мұғалімі, орыс тілінде оқытатын мектептің 137 мұғалімі)

    Келесі пәндер бойынша мұғалімдер қатысты:

 қазақ тілі - 56 (14 – мемлекеттік тілде оқытады  және 42- орыс тілінде оқытатын мектептерден)

 орыс тілі- 19 (9 – мемлекеттік тілде оқытады  және 10 - орыс тілінде оқытатын мектептерден)

Қазақстан тарихы - 21 (6 – мемлекеттік тілде оқытады  және 15 - орыс тілінде оқытатын мектептерден)

ағылшын тілі - 34 (10 – мемлекеттік тілде оқытады  және 24 - орыс тілінде оқытатын мектептерден)

 неміс тілі – 4 (1 – мемлекеттік тілде оқытады  және 3 - орыс тілінде оқытатын мектептерден)

бастауыш сыныптар - 81 (38 – мемлекеттік тілде оқытады  және 43- орыс тілінде оқытатын мектептерден)

    Білім берудің заманауи талаптарына , пән құзыреттіліктерін игеру деңгейін  айқындауға бағыттылған олимпиада тапсырмаларын Павлодар облысының            ПК БАИ әдіскерлері әзірлеген.

      Олимпиаданың қазылар алқасы мектеп директорларының орынбасарларынан, қалалық мектептердің жоғары білікті мұғалімдері мен профессорлық – оқытушылық құрамнан құралды.

      Жаратылыстану – математикалық циклдің мұғалімдеріне арналған олимпиаданы қашықтан өткізу дәстүрге айналды. Оған 68 мұғалім қатысты.    

     Мұғалімдердің олимпиадасы 12 оқу пәндерінен тұрады: қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдері, тарих, бастауыш сыныптары, математика, физика, информатика, химия, биология, география. Олимпиадада барлығы 283 қала мектептерінің мұғалімдері қатысты.

      Қалалық пән олимпиадаларының жеңімпаздары 2 наурызда облыстық олимипадаға қатысатын болады. Олимпиада жөніндегі Ережеге сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер мерзімінен бұрын санатын арттыруға құқығы бар.

     Аталған олимпиадаға пед.өтілдері  0- ден 25 -ке, 26 жылдан жоғары және әр түрлі біліктілік санаттағы,жоғары,бірінші, екінші санатты, тәжірибелі мұғалімдермен қатар «санаты жоқ» және  жас мұғалімдердің қатысуы қуантарлық жағдай болып отыр.

Жүлделі орындарға ие болған пән олимпиада жеңімпаздары:

 қазақ тілінен: 1 орын - Н.К.Тоқтарбаева (№26 ЖОМ), А.Ж.  Уныйбаева  ( №28 ЖОМ)

2 орын -О.Б Тлешова. (№25 ЖОМ), Ж.С. Тусупаева (№41 ЖОМ), Ш.Т.Капсалыкова (№15 ЖОМ), Ж.Х. Бабенова (№16 ЖОМ),  Ахметова А. (№21 ЖОМ),  Р.С.Әлкеева (№28 ЖОМ), Г.Д.Абдрахманова. (№36 ЖОМ), Г.Б.Түсүпбаева (№1 ЖОМ),  Сахаба М. (№42 ЖОМ), С.Т.Омарова (№18 ЖОМ), Н.Н.Қапарова        ( №7 ЖОМ), Ж.М.Камзина (№39 ЖОМ), А.С.  Жұмабаева (№9 ЖОМ), А.Х.Ережепова (№24 ЖОМ), А.М.Балагазинова (№14 ЖОМ).

3 орын-Н.Қ.Смағұлова (№30 ЖОМ), Г.М.Нұрғалиева (№17 ЖОМ), Ә.А.Жанакиева (№40ЖОМ), А.Т.Оспанова (№11 ЖОМ), Д.К.Нұрғалиева (№17 ЖОМ), А.А. Жантемірова (№ 26 ЖОМ)

орыс тілінен:   3 орын -А.Ж Маманова (№38ЖОМ),

алғыс хатА.У.Мейрханова (№19ЖОМ), Б.С. Смаилова (№25ЖОМ), Л.О.Мұқатова (№4ЖОМ).

ағылшын тілінен :      2 орын-  Н.Т.Жұмабаева  ( №21 ЖОМ)

3 орын- А.А.Каскрова (№22 ЖОМ),С.В.Фельдман  (№1 ЖОМ), И.В.Аверина  (№7 ЖОМ)

алғыс хатМалютина И.В. (№26ЖОМ)

неміс тілінен: 2 орын -  С.Я.Камалова ( №39ЖОМ), С.В.Ильина   ( №39 ЖОМ)

3 орын-  Я.П.Моисеева (№17 ЖОМ)

Қазақстан тарихынан: 3 орын -Есет Торехан. (№12ЖОМ), А.Б.Купесова

                                        ( №42ЖОМ)

алғыс хат-Г.Е.Айтжанова (№34ЖОМ)

бастауыш мектептен:  2 орын- Т.Ш.Шарипова (№35 ЖОМ), Р.А.Искакова (№35 ЖОМ).

3 орын -А.Ж.Сыздыкова (№35ЖОМ), А.Е.  Жакупова (№19 ЖОМ), Б.С.Искакова (№25 ЖОМ),  А.М. Жапарова (№2 ЖОМ).

алғыс хат- А.Т.Сеитова (№22ЖОМ), М.Ш. Қазанғапова (№2 ЖОМ), А.А.Кокорева (№42 ЖОМ), А.А.Моргун (№4 ЖОМ), М.В.Базаводова (№24 ЖОМ), Р.К.Ажикенова (№15 ЖОМ), Н.А.Василенко (№34 ЖОМ), Т.В.Мельникова (№16 ЖОМ).

Қашықтық олимпиада бойынша жоғары нәтиже көрсеткендер:

биологиядан:    2 орын- Солдатова Евгения Николаевна. (№34ЖОМ)

                         алғыс хат-Маркина  Наталья Геннадьевна     ( №29ЖОМ), Отарова Айжан Жеңісқызы (№19ЖОМ), Санникова Елена Георгиевна ( №5ЖОМ), Фисун Наталья Анатольевна (№43ЖОМ)

 

химиядан:  алғыс хат-Василенко Надежда Геннадьевна ( №17ЖОМ)

географиядан:  І орын- Р.Ж. Изтілеуова (№34 ЖОМ)  

                         ІІІ орын- А.А.Шарбакова (№35 ЖОМ)Л.С.Терейская (№26 ЖОМ), М.Т.Қажмағамбетова (№2 ЖОМ), М.Құдайбергенова (КОМ), А.А.Каукенов( №14 ЖОМ)

                                  алғыс хат- Д.Б.Амирова (№12 ЖОМ), К.Қадырхан (№30 ЖОМ), А.М.Аубакирова (№24 ЖОМ), И.К.Муханаева (№42 ЖОМ), С.Ю.Кадакова (№13 ЖОМ)

информатикадан: алғыс хат-Илья Олегович Поляков (№34 ЖОМ), Оксана Владимировна Вильгельм ( №9 ЖОМ), Гүлназ Зарлыққызы Нұрғожина (КОМ),  Юрий Николаевич Онацько ( №7 ЖОМ),

математикадан:  ІІ орын- Елена  Александровна Белинская ( №41ЖОМ),

                             алғыс хат-Шолпан Петровна Ордабаева ( №9ЖОМ), Фаниля Акрямовна Хаирова (№34ЖОМ),

 физикадан:   І орын-Қарлығаш Қаиркенқызы Байдилова (КОМ ),

                        ІІ орын- Карибжанова Әсел     ( №25 ЖОМ).

                        алғыс хат- Л.В.Бережная (№33 ЖОМ), Л.С.Кожевникова (№34             ЖОМ)

                Ұжымдық топтармен ең үздік болып, келесі мектептер алға шықты:

№34 ЖОМ – 1 жүлделі орын және 5 алғыс хат, №35 ЖОМ – 4 жүлделі орын , №25 ЖОМ – 3 жүлделі орын және 1 алғыс хат, №26 ЖОМ- 3 жүлделі орын және 1 алғыс хат, №19 ЖОМ – 2 жүлделі орын және 2 алғыс хат, №42 ЖОМ – 2 жүлделі орын және 2 алғыс хат.

           2 наурыз күні облыстық олимпиадаға қоғамдық - гуманитарлық бағыттан 19 мұғалім, 13 бастауыш сынып мұғалімдері және 17 жаратылыстану- математикалық бағыттағы мұғалімдер қатысады.

 

Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Сәттілік пен табыс тілейміз!

 

Ш.С.Нұрахметова - әдістемелік кабинеттің меңгерушісі.