ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Мектеп-ЖОО» бағдарламасын іске асыру жолдары
24-05-2013 05:36
«Мектеп-ЖОО» бағдарламасын іске асыру жолдары

Павлодар қаласында «Мектеп-ЖОО» бағдарламасын іске асыру жолдары бойынша жұмыс жүйесі бір бағытқа келді. Білім беру бөлімі қаладағы барлық жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас жасауда. Қала мектептерінің мұғалімдері жоғары оқу орындарында өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, сайыс, байқаулардың белсенді қатысушылары. Ал жоғары оқу орындардың профессорлық-оқытушы құрамы сараптамалық жұмыстарға, оқу-құралдарға, оқу бағдарламаларына, оқушылардың ғылыми жобаларына пікір беруге, пән олимпиадасын өткізуге шақырылады.

2013 жылғы 16 мамырда №30 ЖОМ негізінде «Мектеп-ЖОО бағдарламасын іске асыру жолдары» атты семинар өтті.

Пленарлық бөлімінде ИнЕУ ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор А.Ю. Камербаев, Павлодар қаласы білім беру бөлімі бастығының орынбасары Г.Ш. Шиндлярская, ИнЕУ білім беру Академиясының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, професор Б.Д. Қаирбековалар құттықтап және білім беру бөліміне, қала мектеп директорларына алғыс білдірді. Мектеп директорлар және оқу ісінің меңгерушілердің алдында ИнЕУ проректоры Л.С.Комардина «Ұлттық білім беру саясатының негізгі бағыттарын іске асыру» атты баяндамасын оқыса, №30 мектебінің директоры Б.О.Абденова мектептегі оқушылардың ғылыми орталығы ИнЕУ ғалымдарымен ынтымақтастықта жұмыс жасаған тәжірибесімен бөлісті.

Одан кейін семинар келесі төрт секциялық отырыста өз жалғасын тапты:

Секция №1 «12 жылдық білім беруге ауысуда бағдарлап оқытудың даму перспективалары» (секция жетекшісі - педагогика ғылымдарының кандидаты, «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Л.А. Семенова)

Секция №2 «Мектепті басқарудағы стратегиялық жоспарлау» (жетекшісі - ИнЕУ-дің Білім Академиясының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.Д. Каирбекова)

Секция №3 «Оқушылардың оқу-зерттеу іс-әрекеті негізінде оқу үрдесін ұйымдастыру – білім мазмұнын жаңарту жолы» (жетекшісі - «Журналистика және орыс филологиясы» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Р. Бейсембаев)

Секция №4 «Құзыретті оқыту аясында оқу үрдісінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуі» (жетекшісі – ақпараттық-әдістемелік бөлімінің бастығы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Н.М. Ушакова)

Инновациялық Еуразия университеті мектеп директорларына өз ризашылықтарын білдіріп, белсенді ынтымақтастықта жұмыс жасағаны үшін алғыс хат беріп, келесі мектеп басшыларына сыйлықтар тарту етті. Олар: Т.А.Мигунова(№7 ЖОМ), С.В.Завальная (№9 ЖОМ), Ә. А. Ажибаева (№14 ЖОМ), Т.К.Нугербаев ( №19 ЖОМ), Т.Б.Веневитина (№21 ЖОМ), С.О.Айтказина (№25 ЖОМ), Ф.И.Ибрагимов (№ 29 ЖОМ), Б.О.Абденова (№ 30 ЖОМ), М.Б.Асаинов (№35 ЖОМ).

  Семинарға қатысушылар «Мектеп-ЖОО» бағдарламасы бірігіп іске асырылса, бұл игі іс ұстаз дәрежесін, мұғалімның еңбегін  жоғарлататынын белгіледі.

Ш.С. Нұрахметова,

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі