Мәнерлеп оқу сайысы
21 қаңтарда Павлодар қаласының № 86 балабақшасында тәрбиеленушілер ,аға және мектепалды топтар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Байқау "Менің туған өлкем, менің Қазақстаным,..." деп аталады, балаларға туған қаласы, елі, өлкесі туралы өлең оқу ұсынылады. Байқаудың мақсаты-баланың танымдық – сөйлеу дамуына жағдай жасау, поэзия, музыка арқылы балалардың туған өлкесінің ұлылығы мен сұлулығы туралы түсініктерін қалыптастыру, азаматтық пен патриотизм негіздерін тәрбиелеу, балалардың көркемдік талғамын, шығармашылығын, Көркемдік – орындаушылық қабілеттерін дамыту, интонациялық-мәнерлеп өлең оқи білу.