Телефон доверия
8(7182)205750 8(7182)205850 8(701)4486781 Бакыт Жусуповна 8(718)322167 - отдел образования, 8(718)2321937 - управление образования
email: sad86@goo.edu.kz
Адрес: Катаева, көшесі 23
8(7182)613712
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
daily from 10.00 to 18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Біз Наурызды қарсы аламыз
18-03-2022 21:58
Біз Наурызды қарсы аламыз

Міне, біздің балабақшаға да табиғаттың оянуы мен көктем және достық мерекесі  - Наурыз мейрамы да келіп жетті. Өткізілетін іс – шаралардың басты мақсаты - қазақ халқының мәдениетіне, әдет-ғұрпына және салт-дәстүрлеріне қызығушылықты арттыру, басқа ұлт өкілдеріне құрметпен қарауды тәрбиелеу.
Жыл сайын Наурыз мейрамы қарсаңында балабақшада қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті мен тұрмысы туралы тақырыптық әңгімелер өтеді. «Біз Наурызды қарсы аламыз?» суреттер көрмесі және  «Наурыз отбасында қалай тойланады?» тақырыптық әңгімелер ұйымдастырылды.
Музыкалық залда ұмытылмас мерекелік ертеңгіліктер өтті. Балаларға қонаққа қазақ халық ертегілерінің кейіпкерлері келді, олар барлық қонақтарды көктемнің келуімен құттықтап, қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетіп, Қазақстанда тұратын түрлі ұлттардың әндері мен билерін орындады. Мереке барысында балаларға арналған қазақ халық әндері шырқалды, қимылды ойындар мен жарыстар өткізілді, сондай-ақ, дәмді бауырсақтардан дәм татты.
Наурыз - ең маңызды және жарқын мереке, табиғаттың жаңаруы, достық мерекесі. Барлық өткізілген іс-шаралар балаларға мерекенің маңыздылығын, оның қазақ халқы үшін құндылығын түсіндіруге бағытталған.