«Таңдаулы жаңа жылдық ойыншық» конкурс
Біздің балабақшада «Таңдаулы жаңа жылдық ойыншық» конкурсы өтті. Конкурста балалар мен олардың ата-аналарына өз шығармашылық ойларын жүзеге асыруға мүмкіндік болды. Балалар ата-аналарымен бірге көңілді әтештер, шарлар, жаңа жыл кейіпкерлерін, шамдар, қаршалар т.б. заттар жасады. Жеңімпаздар сыйлықтар мен мақтау қағаздарымен атап өтілді. Әр ойыншық жаңа жыл шыршасының жанынан өз орнын тапты.