Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Рауан» фестивалінің өнерпаздарын құттықтаймыз!
28-04-2011 11:34

                «Рауан» фестивалінің өнерпаздарын құттықтаймыз!

 

 

Қалалық білім беру бөлімінің жоспары бойынша 2011 жылғы 29 сәуірде жас дарындардың «Рауан» балалар шығармашылығының калалық фестивалі өтті. Фестиваль 2 кезеңнен тұрды. Балалар  шығармашылығының 1 кезеңі кесте бойынша  6-8 сәуір аралығында   мектепке дейінгі мекемелерде өткізілді.  Фестивальға   біздің   бақшамыздың ең өнерлі 17 тәрбиеленушісі қатысты.  8 бала әннің   ырғағымен  «Ойыншықтармен» тартымды биін , 12 бала қазақтың «Қара жорға» биін орындады. Киімдері   өте әдемі, сәнді, тігілген, қонымды болды. Осы билерді дайындаған  хореография  мұғалімі  Зайда Абылғазықызы Аленова.   Ал ересек тобының   тәрбиеленушісі Айтахмет Жанна  музыка жетекшісі Оғызбаева Әсем Ермекқызының қазақтың жайлауы, даласы туралы «Саржайлау» әнін  шырқады. 8 бала спорттық  би жайында  каратэ өнерінің    көрінісін    көрсетті. Каратэ жетекшісі Османов Исмаил    көріністі дайындады.

   Біздің      балалармыздың   көрсеткен өнерлері   қазылар  алқасының көңілінен шығып   2-ші    кезеңге өтті:    спорттық    көрініс     Каратэ    және    « Ойыншықтармен» би.Бірінші және екінші кезеңге де жақсы белсене қатысып, балдырғандарымыз 2011 жылдың 29 сәуірінде балалар шығармашылығының қорытындылау фестиваліне, Естай атындағы Мәдениет сарайында өткізілген гала- концертке қатысты.

Фестиваль қорытындысы бойынша біздің балабақшамызға Диплом, спорт жетекшісіне Грамота  және сыйлықтар берілді. Кішкентай әртіс балаларға тәтті сыйлықтар тарту етілді. № 10 сәбилер бақшасының ұжымы балалар шығармашылығының  қалалық «Рауан» фестивалінің ұйымдастырушыларына және  спорт жетекшісі Османов Исмаилға  үлкен алғыс айтады.