Павлодар облысының білім беру басқармасы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласы №10 сәбилер бақшасы – «ZamanStar» білім беру дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы
Ботагоз Қайыржановна Темирбекова
1985 жылы Талдықорған қаласының Ілияс Жансүгіров атындағы педагогикалық институтын «Мектепке дейінгі мекемелердің басшысы және педагогика психология оқытушысы» мамандығы бойынша бітірді.
Өзінің еңбек жолын 1992 – 1995 жылдар аралығында Үздіксіз білім беру институтының мектепке дейінгі мекемелер бойынша әдіскері ретінде бастады.
1995 – 2001 жылдар аралығында Мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер басқармасының бас маманы.
2001 – 2007 жылдары Павлодар қаласының № 19 сәбилер бақшасы мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының директоры.
2007 жылы № 10 сәбилер бақшасы мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының басшы лауазымына тағайындалды.
Ботагөз Қайыржанқызы өз еңбек жолын бастаған күннен бастап мектепке дейінгі мекемелердің дамуына белсенді үлесін қосып келеді. Өзін сауатты маман, іскер ұйымдастырушы, өз ісінің шебері ретінде көрсете білді.
Әріптестерінің, ата-аналардың, балалардың арасында абыройлы, сыйлы, мәдениетті, білімді және беделді басшы.
Мектепке дейінгі мекемелердің дамуына қосқан адал әрі қажырлы еңбегінің үлесі үшін 2005 жылы Қала әкімі сыйақысымен, 2006 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің алғыс хатымен және облыстық кәсіподақ ұйымының "Құрмет" грамотасымен марапатталды. 2010 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Құрмет Грамотасын алды.Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен 2011 жылы марапаталды. Қалалық маслихат басшынан алғыс хатпен 2014 жылы марапатталды. Республикалық «Аружан» орталығынан алғыс хатпен 2015 жылы марапатталды. Павлодар қаласы әкімдігінен алғыс хатпен 2016 жылы марапатталды.
Павлодар облысының білім беру басқармасының Алғыс хатпен 2017 жылы марапатталды.
2017 жылы. «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Павлодар қаласының білім беру бөлімінің "Құрмет" грамотасымен 2024 жылы марапатталды.
Азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау күндері:
Сейсенбі 11.00-13.00 сағ.
Сәрсенбі 15.00-17.00 сағ.
Байланыс телефоны: 8-701-498-27-45