Павлодар қаласының Усолка мөлтекауданында қазіргі заманғы үлгі бойынша жаңадан салынған балалар бақшасы есігін айқара ашты. Қалада кейінгі 15 жылда, мектеп жасына дейінгі балдырғандарға арналып алғаш бой көтерген бұл әсем үйде еліміздің ертеңгі болашағы – 330 жас жеткіншек мемлекеттік тілде оқытылады және тәрбиеленеді.
Мерекелік лентаны Павлодар қаласының әкімі – Бәкір Саматұлы Демеуов және қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы – Клавдия Шаймарданқызы Арынғазина кесті.
Бүгінгі күннің талабына сай бұл мекемеде бәрі де балалар игілігіне арналған: өте ыңғайлы балалар жиһазы, компьютер сыныптары, ағылшын тілі кабинеті, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және сауықтыруға арналған тамаша жабдықтар, суда жүзу бассейні және құрғақ бассейн, спорт снарядтары, музыка және спорт залдары және тағы басқалар бар.
Біздің балабақшамыздың жағдайымен танысу үшін 2007 жылы Елбасы
Н ұ р с ұ л т а н Ә б і ш ұ л ы Н а з а р б а е в
балабақшада ресми сапармен қонақта болды.
2010 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев қызметтік сапармен келіп балабақшамыздың жағдайымен танысты.
2009-2010 оқу жылында сәуір айында Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің білім беру басқармасы бастығының орынбасары Сафронов Г.Н. және Благовещенко ауданындағы қазақ мектебінің директоры Малсымбаев С.Ш.қонақта болды.
Балабақшамызға қалалық білім басқармасынан және Республиканың басқа қалаларының мектепке дейінгі мекемелерінің басшылары балабақшаның жағдайы мен танысып тәжірибе алмасты.
2011 жылдың ақпан айында мектепке дейінгі мекемеміз
бірінші аттестаттаудан өтті.
ҚР облысының білім бөлімінің басшылары балабақша жағдайымен танысты.