Біздің балабақшамызға 5 жыл!
Павлодар қаласының №10 сәбилер бақшасының ұжымын 5 жылдық туған күнімен шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!!!
2007 жылдың 19 қарашасында Павлодар қаласындағы №10 сәбилер бақшасының ашылған күні. Бүгін бізге 5 жыл толып отыр. Біз әлі кішкентай бүлдіршін сияқты жаңадан алғаш қадам жасап келеміз. Осы балабақшамыздың ашыланынан кейінгі ең алғаш есте қалар күн ол – Елбасымыз Нұрсолтан Әбіішұлы Назарбаевтың жұмыс сапарымен келуі. Елбасымызға балабақшамыздың жағдайын саяхат арқылы көрсеттік. Елбасымыз біздің бақшамыз туралы жақсы пікірлер қалдырды және Елбасымызға өте ұнады деп ойлаймын. Әр жылда Павлодар қаласына келген қонақтар біздің де бақшаға келіп кетеді. Біздің балабақшамыз –Заманауи балабақша деп айтуға да болады. Балабақшамызда әрбір адамдар өздерінің жұмыстарына тиянақты және үлкен жауапкершілікпен атқарады. Жеке мамандарымызда жұмыс атқаруда. Сонымен қоса ұжымымызда «Тәлімгерлік клубтарымыз», «Жас мамандар мектебі» жұмыс атқарады. Жас мамандарға тәжірбиелі педагогтарымыз өз көмектерін көрсетіп тәжірибелерімен бөліседі. Тәрбиешілер бір-бірлеріне жақсы қарым-қатынаста бәрі бірі –үшін көмек көрсетуге аянбайды.
Осы қысқа уақыт ішінде көп нәрселерге қол жеткіздік. Әлі де аянбай еңбек етеміз! Осы 5 жыл балабақшамызбен бірге еңбек жолын атқарудағы әріптестер де бар: Б.Қ.Темірбекова, Р.Қ.Есмұханова, Б.М.Забиева, Г.Қ.Аязбаева, Г.М.Никитина, Т.Қ.Хамитова, Г.З.Айгужинова, С.С.Нұрмағанбетова, А.Қ.Шабалова, А.Б. Мадиева мен Б.Қ.Шайкимова және т.б. Сонымен қатар осы 10 жылдық мерейтойымызды тойлағанда үлкен еңбек жолындағы педагогтарымыздың да биік белестерден көрініп еңбектері жанса деп ойлаймын. Алға №10 сәбилер бақшасы жарқырай, көркейе, гүлдене бер менің сүйікті Балабақшам!!!
№10 сәбилер бақшасының тәрбиешісі
Б.Қ.Шайкимова