
Достық - білім ошағы
Мамыр мерекесі қарсаңында екі өңірдің шекаралық ынтымақтасу аясында № 10 сәбилер бақшасын Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің білім беру басқармасы бастығының орынбасары Сафронов Генадий Николаевич және Благовещенко ауданындағы қазақ мектебінің директоры Малсымбаев Сапарбек Шайхымұлы арнайы қонақта болды. Балабақша директоры Темірбекова Ботагөз Қайыржанқызы қонақтарды балаларға жасалынған балабақшаның жағдайларымен және материалдық техникалық базасымен кеңінен таныстырды.
Балалар үшін жасалған жайлы, әдемі, көркем жабдықталған ғимараттағы оқу тәрбие үрдісін бүгінгі күнге заман талабына сәйкес жүзеге асыруға арналған материалдық техникалық базаны қонақтар үлкен іждахаттықпен аралап көріп, ризашылықтарын білдірді. Қонақтар «Өзін-өзі тану» эксперименттік алаңында, компьютер кабинетінде, суда жүзу бассейнінде, дене шынықтыру залында, бейнелеу өнері, ағылшын тілі, логопед кабинеттеріндегі жүргізілген сабақтардың фрагменттерін көрді.
Қонақтардың қойған сұрақтарына балабақша директоры толық түрде жауап берді.
Ерекше атап айтатын болсақ «Ұлттық мұражай» қонақтардың көңілінен шықты. Кішкентай бүлдіршіндер оларға арнап құйқылжыта ән айтып, майыстыра би билеп, өздерінің балапан өнерлерін көрсетті.