Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
Ашық сабақтар өтті...
29-01-2014 12:02
Ашық сабақтар өтті...

 

Ашық сабақтар өтті...

Қаңтар айының 27 жұлдызы 2014 жыл күні №10 сәбилер бақшасында аттестаттаудан өтетін педагогтарымыз өз тәжірибесімен бөлісіп, ашық сабақтарын көрсетті.  Сабақтардың барлығы балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп дайындылған сабақ жоспары бойынша өтті.

Естияр «Б» тобының тәрбиешісі Ж.Т.Макипова 1 санатқа үміткер өз сабағында жаңа инновациалық технологиялардың бірі интербелсенді тақтаны қолданды.   Айналамен таныстыру сабағы бойынша «Достық-күші бірлікте» деген тақырыптың мағынасын ашты.  Бұл сабақта балалар күшікке көмек көрсету арқылы бұлттың қайдан пайда болатының және достық туралы көптеген мағлұмат алып, өз білімдерін тиянақтады. Сабақ өз алдына қойған мақсаттарына жетті деп қатысқан тәрбиешілер өз пікірлерінде айтып көрсетті.

2-ші сабақ Ересек «Ә» тобының тәрбиешісі Х.Қ.Хамитова өз тәжірибесімен бөлісіп, ересек табының балаларымен Өзін-өзі тану сабағын көрсетті. С.Көбеевтің «Құмырсқа мен көгершін» әңгімесін тірек-сызба арқылы түсіндіріп, білімдерін тиянақтай білді. Өзін-өзі тану сабағының «Шаттық шеңбері», «Өзіммен өзім», «Сергіту сәті», «Жүректен жүрекке» деген әдіс-тәсілдерін қолдана отырып жақсылық, достық деген түсініктерін кеңейте білді.

3-ші сабақ денешынықтыру нұсқаушысы Р.Қ.Есмұханова жоғары санатқа үміткер педагогымыз өз тәжірибесімен бөлісті. Даярлық тобының балалары қатысты. «Доп, хоп және мен» деген сабақта негізгі 5 жаттығулар болды. Бұл технология дәстүрден тыс, өзі жазып шығарған авторлық бағдарламысындағы жаттығулардан  алды. Балалардың барлық дене мүшелерінің дамуына арналған жаттығулар қарастырылып, қамтылып өтті.  Бұл сабақта «Акула және теңіз аттары» деген ойын ойналып, балалардың көңілдерін шықты деген ойдамыз.

 

«№10 сәбилер бақшасы»