Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тұмау ауруына жол бермейміз
13-02-2014 05:06

 

Тұмау ауруына жол бермейміз

Ата-аналарға ақыл- кенес

Ауа-райы күннен күнге суытып бара жатқан күзгі, қысқы маусымда тұмаумен басқа инфекциялық аурулардың етек алатын кезі. Балалар үшін бұл тіптен қауіпті, ең тиімдісі тұмаудың алдын алу, жұқтырып алған күннің өзінде кешіктірмей емделу.

Тұмау ауруының алдын алу шаралары:

  • Балалардың әрбір екі сағат сайын мұрын шырышты қабаттарын «оксалин» мазімен майлап отырыңыз;
  • Медициналық маска тағып жүріңіз. Әрбір екі сағат сайын ауыстырып отыру үшін ондай маскалар әр адамда кем дегенде үш данадан болуы қажет;
  • Балабақшада және үйде де бөлмелерді кем дегенде 2 рет желдетіп отыру қажет;
  • Бөлмелерді жиі ылғалдап жуып отырған жөн;
  • Балаларға «С» дәруменіне бай тағам өнімдерін  беру қажет.

Мысалы: орамжапырақ, қарақарақат, бүлдірген, лимон, апельсин, итмұрын және де пияз, сарымсақ.

  • Әр бөлмеге кесілген пияз немесе сарымсақтың қос тісін қойыңыз, ауадағы вирустардың белсенділігін төмендетеді;
  • Тұмаудың алғашқы белгілері пайда болған кезде, мысалы дене қызуы 39С –қа дейін одан да жоғары көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік, түшкіру, көздерінің қызаруы, мұндай кезде үйде қалып дәрігер шақыртыңыз.
  • Тұмау белгілері бар  балаларды  үйде  емдеу қажет.

Балабақшаның медбикелері