«Ана – өмір шуағы»
«Ана – өмір шуағы»
Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған. Олай болса бүгінгі ертеңгілігіміздің тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ! « Ана – өмір шуағы»тақырыбында ересек және даярлық топтарында ертеңгіліктер өтті. Ертеңгілікте жас шамасына сай өлеңдер, тақпақтар, билер болды. Балаларды қонақтар келіп қуантты. Әр бала өз анасына жасаған сыйлықтарын да беріп, өз тілектерін білдірді. Мерекелік ертеңгілік көңілді өтті.