Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
№10 сәбилер бақшасында «Өзін - өзі тану» пәні бойынша «Рухани адамгершілік білім беруді жекелей эксперименттен мектеп жасына дейінгі және жалпы білім беру мекемелеріне енгізу» атты облыстық танымдық секция
18-08-2010 18:00
№10 сәбилер бақшасында «Өзін - өзі  тану» пәні бойынша «Рухани адамгершілік білім беруді жекелей эксперименттен мектеп  жасына дейінгі және жалпы білім беру мекемелеріне енгізу» атты облыстық танымдық секция

№10 сәбилер бақшасында «Өзін - өзі тану» пәні бойынша «Рухани адамгершілік білім беруді жекелей эксперименттен мектеп жасына дейінгі және жалпы білім беру мекемелеріне енгізу» атты облыстық танымдық секциясы өтті.

Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу әрқашан өзекті мәселе болып табылады. Білім беру үрдісіне енгізілген рухани-адамгершілік тәрбиеге екпін беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасы осы рухани-адамгершілік тәрбиеден бастау алып, жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыруды көздейді. Аталған мәселе бойынша «Рухани адамгершілік білім беру: жекелей эксперименттен мектеп жасына дейінгі және жалпы білім беру мекемелеріне енгізу» атты тақырып бойынша 2010 жылғы тамыздың 16 күні Павлодар облыстық педагогтарының біліктілік арттыру институты ұйымдастырған және облыстық білім беру мекемелері педагогтарының тамыз конференциясының алдындағы секциясы өтті. Секцияда мамандар өткен оқу жылының қорытындыларын шығарып, жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар үш кезең бойынша жоспарланды:

Бірінші: «Визиттік карточка» – №10 сәбилер бақшасының директоры –

Ботагөз Қайыржанқызы Темірбекова келген қонақтарды бақшаның тарихымен, жасалған жағдайымен таныстырып, «Өзін-өзі тану» алаңы бойынша мәлімет берді.

Екінші кезең бойынша №10 сәбилер бақшасының әдіскері – Норпейісова Г.Қ. «Өзін- өзі тану» пәнінің ерекшеліктерімен таныстырып, эксперимент бойынша балабақшаның нәтижелерін көрсетті.

Келесі сөзді Ақсу қаласының №2 балабақшасының әдіскері – Оспанова Гүлнар Құдиярқызы алды. Әдіскер – маман балабақша бойынша «Өзін - өзі тану» пәнінен істелген көптеген тәжірибелерімен бөлісті.

«№10 сәбилер бақшасының» тәрбиешісі – Торғын Құдайбергенқызы Хамитова балалармен «Жақсылық жасай білейік» - атты тақырып бойынша сабақ жүргізді. Сабақ күнделікті сабақтай емес, сайыс түрінде өтті. Сайыс барысында балалар өздерінің тапқыр, алғыр, шыншыл екендерін, сонымен қатар бойларында мейірімділік, қамқорлық, сыйластық жалпы адамгершілік қасиеттерінің дамығанын жауаптарынан, қылықтарынан көрсете білді. Әсіресе «Тыныштық сәтінде» балалар жағымды ойға, сезімге беріліп, кейін әңгімелерін тыңдай келе, бала қиялының қаншалықты бай екенін аңғардық.

Секция жұмысының соңында кішкентай балдырғандар қонақтарымызды қуантып, шағын концерт көрсетті.

Келген қонақтар өз ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін айтты.