Сенім телефоны
630590
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
Тәжірибемен бөлісу
02-12-2010 18:00
Тәжірибемен  бөлісу

Тәжірибемен бөлісу

Павлодар қаласы №10 сәбилер бақшасының директоры- Ботагөз Қайыржанқызы Темірбекова өзінің көп жылғы тәжірибесін жас директорлармен бөлісті. Павлодар облыстық педагог кадрлардың біліктілігін көтеру институтының ұйымдастыруымен 2010 жылдың қараша айында біздің балабақша базасында облыс көлеміндегі қазақ балабақшаларының директорларына арналған бір апталық курс өткізілді. Директор қонақтармен бірінші күні экскурсия жасап, балабақшаны аралатып таныстырды және нормативтік құжаттардың пакеттерімен таныстырылды. Келесі күні ашық педагогтік кеңес өткізілді. Педагогтік кеңестің тақырыбы: «Әртүрлі театрландырылған іс- әрекеттер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың өзін - өзі көрсете білуі». Хамитова Т.Қ. өзінің баяндамасынның теориялық және тәжірибелік бөлімімен интерактивтік тақта арқылы таныстырды.

Ағылшын тілінің мұғалімі Энгиноева Т.А. - «Зообаққа саяхат», логопед –маман Мадьярова К.Т.- «Ш дыбысын қою», тәрбиеші Омарова С.Ж. -жаңа Стандарт бойынша «Сиқырлы тас әлемі », Хамитова Т.Қ. сауат ашудан ашық сабақтар көрсетті. Өткізілген сабақтар, өте мазмұнды болды, қонақтардың көңілдерінен шықты. Сонымен бірге психолог маман- Ордабаева Ж.Б. өз жұмысын көрсетіп, балалармен және келген қонақтармен тренинг жүргізді. Есмұқанова Р.Қ. дене шынықтыру сабағын жаңа технологиялар бойынша хоптар арқылы өткізді. Барлық сабақтарды қорытындылау үшін , өткізілген сабақтарға талдау жасалынды.

Ботагөз Қайыржанқызы Темірбекова бала бақшаның барлық жұмыстары бойынша бағыттарымен таныстырып, тәжірибесімен алмасты. Ал, әдіскер Гүлнар Қамзақызы Норпейісова балабақшаның әдістемелік жұмыстарымен таныстырды.

Келген қонақтар өз ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін айтты.