«Өзін-өзі тану» пәнін оқу- тәрбие үрдісіне еңгізу.
2011 жылдың 14 қаңтарында Павлодар қаласының №10 сәбилер бақшасында Павлодар облысы педагог мамандарының біліктілігін арттыру институтының курс тыңдаушыларына арналған семинар өтті. Семинарға түрлі аудандар мен қалалардан тәрбиешілер мен педагогтар қатысты.
Ең алдымен балабақша директоры Ботагөз Қайыржанқызы Темірбекова сәбилер бақшасының жағдайымен таныстырып , мәліметтер берді. Семинарға қатысқан тәрбиешілер қазіргі заман талабына сай балабақшаға қызығушылықпен қарап, аралап көрді.
Бірінші санаттағы тәрбиеші Торғын Құдайбергенқызы Хамитова «Өзін- өзі тану» пәні бойынша «Асыл қасиеттер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Балаларды адамгершілікке, табиғатты аялауға, құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеп, сонымен бірге байланыстыра сөйлеуге және бірлесіп жұмыс жасауға үйретті. Әдістемелік бойынша сабақ сауатты және қызықты түрде құрылған. Сабақ күнделікті сабақтай емес, сайыс түрінде өтті. Сайыс барысында балалар өздерінің тапқыр, алғыр, шыншыл, сонымен қатар мейірімділік, қамқорлық , сыйластық, жалпы адамгершілік қасиеттерінің дамығанын жауаптарынан, қылықтарырынан көрсете білді. Сабақты өте жоғары деңгейде өтті деп бағалады. Сабақтың түрі аралас болды. Мұнда, валеология, есеп, тіл дамыту, көркем әдебиет, ән-күй, бейнелеу сабақтарының үзінділері болды. Балалар сабақта өте белсене қатысты.
Сабақ өте тартымды, мазмұнды, қызықты өтті. Балалар өз ойларын айтып, берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап, ертегінің мазмұнын толық жеткізіп, тіл байлықтары мол екендіктерін дәлелдей алды. Сабақты талдау барысында, семинарға қатысқан барлық тәрбиешілер көп мағлұмат алып, тәжірибелерін толықтырды деп ойлаймыз. Торғын Құдайбергенқызы Хамитова өзінің көп жылғы тәжірибесімен бөлісіп, жас педагогтарға түсіндірді. Сабаққа қойылған мақсатына толықтай жетіп, бәрінің көңілдерінен шықты. Торғын Құдайбергенқызы сабақ өткізген кезде өзін білікті, ізденімпаз ұстаз екенін көрсете білді. Психолог Жанар Бейсембайқызы Ордабаева балалардың психологиясын зерттеу, баланың отбасындағы алатын орны, дабыл, топтың ұйымшылдығын зерттеу сияқты өзінің зерттеу әдістерімен таныстырды. Балалардың суретін көрсетіп , дұрыс талдау жасауға үйретіп, өзінің нұсқауларын айтып түсіндірді.
Балабақша әдіскері Сушина Күнсулу Сатыбалдықызы өзін-өзі тану элементтерін оқу үрдісіне еңгізу туралы айтты. Семинарға қатысқан тәрбиешілер рахмет айтып , жылы лебіздерін білдірді.