![«Жылды жақсылықтан баста» акциясы аясында өткізілген Мейірімділік жасауға асығыңыз](/media/img/blogs/601000ba83ee9.jpeg)
2021 жылдың 21 қаңтарында «Жылды жақсылықтан баста» акциясы аясында өткізілген Мейірімділік жасауға асығыңыз" республикалық байқаудың облыстық турының қорытындысы шығарылды. Бұл акция жыл сайын қаңтар - ақпан айларында өткізіледі. Байқаудың мақсаты-балалардың қоршаған әлемге деген игі сезімдер көрінісінің маңыздылығын түсінуге, махаббат, мейірімділік сияқты жалпыадамзаттық құндылықтары туралы білімді қалыптастыру. Сайысқа Екібастұз қ. БКМ, Ертіс а., Ақтоғай а., Ақсу қ., Железинка а., Жаяу- Мұса атындағы БӨМ, Павлодар ауданының "Кемеңгер" БӨМ, Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайы, Павлодар қ. БММ, Мичурин ЖОББМ, Жаңақала ЖОББМ, Есілбай ЖОББМ, Железинка ауылының №1 ЖОББМ "Қайнар" СДК изостудиялары сияқты Павлодар облысының оқу орындарынан 90 оқушы қатысты. Байқаудың ұйымдастырушысы Павлодар облысының білім беру басқармасы болып табылады. 6 жастан 13 жасқа дейінгі жас санатында 1 орынды Павлодар қ. БКМ оқушысы, 7 жастағы Елена Королева, фломастермен орындаған "Қамқорлық" жұмысымен, жетекшісі Гүлнар Мерғалимқызы Мухаметкалина, ал 2 орынды Баянауыл БӨМ оқушысы,10 жастағы Мүслима Берікбай аралас техникадағы "Менің адал достарым" суреті үшін, жетекшісі Ғалия Даирбековна Жарова, 3 орынды Ақсу қ. Балалар өнер мектебінің оқушысы Арина Сергеева, 13 жаста, гуашь техникасында орындаған “Ананың мейірімді жүрегі” жұмысымен иеленді, жетекшісі Жанна Жастлековна Ошмарина. 14 - тен 17 жасқа дейінгі жас санатында жүлдегер атанғандар: 1 орын - Валерия Кулинич, 15 жаста, Екібастұз қ.балалар көркемсурет мектебінің оқушысы “Ананың мейірімді жүрегі” жұмысымен, акварель техникасы, жетекшісі Юлия Валерьевна Овчинникова, 2 орын - Софья Ерыгина, 14 жаста, аралас техникадағы "Менің төрт аяқты достарым" суретімен, жетекшісі Анна Валерьевна Аткина, ал 3 орын - Арина Кривоногова, 15 жаста, "Палитра" оқушылар сарайы студиясының оқушысы, "Мен күнімді мейірімділіктен бастаймын" суреті үшін марапатталды, гуаш техникасы, жетекшісі Васелина Александровна Дмитриева.